"Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22636 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарда:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ҮИЖ жұмысы:

      1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан тұратын (бұдан әрі – БКМ) бақылау құрамдасын;

      2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;

      3) ҮИЖ есепке алу құрамдасын (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҮИЖ:

      1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;

      2) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына (бұдан әрі – ФДО) деректерді берудің хаттамасы бойынша қосуды және ҮИЖ бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беруді;

      3) Салық кодексінің 412-бабына сәйкес Комитеттің "Электрондық шот-фактуралар" (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды, оларды ЭШФ АЖ-де тіркеуге беруді, сондай-ақ виртуалды қоймаларды қалыптастыру мақсатында "Виртуалды қойма" модулінің бизнес-процестерін іске асыруды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТІЖ), ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру;

      4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;

      5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);

      6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;

      7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын;

      8) ҮИЖ пайдаланушылар үшін қажетті қосымша сервистерді іске асыруды қамтамасыз етеді. ҮИЖ-нің жұмыс істеу шартттары өзгерген жағдайда ҮИЖ-нің осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу талап етіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ҮИЖ мынадай құрамдастарды:

      1) мынадай функционалдық модульдерден тұратын есепке алу құрамдасын:

      қоймалық есепке алу модулін (тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) қозғалысы);

      кірістер мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулін;

      жалақы және персоналды басқару модулін (бұдан әрі – ЖПБ);

      салықтық есепке алу және тіркелімдер модулін;

      интеграция модулін;

      ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулін;

      АБК сервері мен ҮИЖ клиенттік бөлігі арасында байланыс болмаған кезде тауар чектерін беру бойынша модулін;

      2) төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше электрондық-механикалық құрылғылармен, бір немесе әртүрлі банктерде төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына төлемдерді жедел есептей отырып, төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және (немесе) мобильдік қосымшаларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін модульден тұратын төлем құрамдасын;

      3) мынадай функционалдық модульдерден тұратын, "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген БКМ-ге қойылатын техникалық талаптарға, сондай-ақ "Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру қағидаларына сәйкес бақылау құрамдасын:

      ФДО серверіне деректерді беру және фискалдау модулін;

      акцизделетін тауарларды бақылау модулін;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулін қамтиды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:

      1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды:

      осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге ҮИЖ модельдерін енгізу туралы өтінішті;

      өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты: бір және (немесе) бірнеше БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе;

      ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжатты;

      ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні ұсынады;

      Бұл ретте, ҮИЖ эталондық үлгісіне БКМ жаңа моделін және (немесе) модельдерін, және (немесе) бұрында ҮИЖ модельдерінің Бірыңғай тізіліміне енгізілген, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғы) және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) қосқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша акті талап етілмейді.

      2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      мыналарды:

      өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін;

      бақылау-касса машиналардың мемлекеттік тізілімінде БКМ моделінің және (немесе) моделдерінің болуын тексереді;

      Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;

      3) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:

      ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі тұрғысында сараптама жүргізеді;

      сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;

      ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізеді.";

      талаптарға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдастағы интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында:

      қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 395 Бұйрыққа
1 қосымша
  Үш құрамдасты
интеграцияланған
жүйеге және оны есепке алуға
қойылатын талаптарға
қосымша

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш

      1. ҮИЖ құқық иеленушісінің атауы

      _________________________________________________________________________

      2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)___________________

      3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта

көрсетіңіз):

тіркеу

өзгерту

      4. ҮИЖ құқық иеленушісінің орналасқан жері

      облысы_______________________________қаласы______________________________

      ауданы ________________________________ көшесі _____________ үй _____________

      5. ҮИЖ атауы _____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. ҮИЖ компоненттерінің атауы:

      1) бақылау құрамдасы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы және (немесе) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы)

      1. ____________________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________________

      2) ҮИЖ төлем құрамдасы (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе

      (құрылғы) және (немесе) жүйелер (құрылғылар)

      1. _____________________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________________

      5. _____________________________________________________________________

      3) ҮИЖ есепке алу құрамдасы (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      7. ҮИЖ құқық иеленуге рұқсатты растайтын құжаттың нөмірі, бағдарламалық өнімді сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      8. Өнім классы__________________________________________________________

      9. ҮИЖ әзірлеуші_______________________________________________________

      10. Нұсқасы _________________________ҮИЖ әзірлеу күні _____________________

      11. ҮИЖ әзірлеушінің орналасқан жері

      облысы _________________________________ қаласы _______________________

      ауданы _________________________ көшесі___________________ үйі ___________

      12. Мен, ______________________________________________________________

      өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын және барлық қоса беріліп отырған құжаттардың жарамды екенін растаймын.

      __________ парақ қоса беріледі.

      ҮИЖ құқық иеленушісі __________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 395 Бұйрығына
2 қосымша
  Үш құрамдасты
интеграцияланған
жүйені орнату және қолдану
қағидаларына
1-қосымша

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш

      1. ҮИЖ пайдаланушысының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)_________________________________________________

      2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ________________________________

      _________________________________________________________________________

      3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта

көрсетіңіз):

тіркеу

өзгерту

шығару

      4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта

көрсетіңіз):

бағдарламалық-аппараттық кешен;

деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) және (немесе) жүйелерден (құрылғылардан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұратын интеграцияланған жүйе.

      5. ҮИЖ атауы ______________________________________________________________

      6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні _________________

      _________________________________________________________________________

      7. ҮИЖ құқық иеленушісі қорытындысының нөмірі және күні _____________________

      __________________________________________________________________________

      8. ҮИЖ пайдалану орны:

      Облысы ___________________________________қаласы (ауданы)_________________

      кенті (ауылы) ____________________көшесі_________________ үйі________________

      8.1 Сауданы басқарудың, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың және

      тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – есепке алу

      жүйесі) атауы _______________________

      __________________________________________________________________________

      Есепке алу жүйесінің сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Есепке алу жүйесінің тіркеу күні______________________________________________

      8.2 БКМ туралы ақпарат:

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің атауы

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің зауыттық нөмірі

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің шығарылған жылы

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркелген күні

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркеу нөмірі

1






2






3






4






5






      8.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы) туралы ақпарат:

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) атауы

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйені (құрылғыны) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) тіркелген күні

1




2




3




4




5




      9. Мен, өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын

      растаймын_________________________________________________________.

      ҮИЖ қолданушы ________________________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)             (қолы)

      Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады