"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22719 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар:

      1) мәмілелерді куәландыру;

      2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;

      3) келісулерді куәландыру;

      4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;

      5) неке шарттарын куәландыру;

      6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру;

      7) өсиеттерді куәландыру;

      8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;

      9) сенімхаттарды куәландыру;

      10) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;

      11) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;

      12) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;

      13) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;

      14) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;

      15) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;

      16) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;

      17) фактілерді куәландыру;

      18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;

      19) ақшаларды депозитке қабылдау;

      20) вексельдер наразылықтарын жасау;

      21) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

      22) теңіз наразылықтарын жасау;

      23) дәлелдемелерді қамтамасыз ету;

      24) атқарушылық жазбаларды жасау;

      25) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру;

      26) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.";

      58-тармақ алып тасталсын;

      218-тармақта қазақ тілінде мәтіні өзгермейді, орыс тілінде мәтіні өзгерді;

      225- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Осы борыштық міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу бөлек-бөлек жүргізілген жағдайларды қоспағанда, әрбір борыштық міндеттеме бойынша бір атқарушылық жазба жасалады.";

      227, 228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекен-жайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша беру туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.

      Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:

      1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;

      3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

      Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

      Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Жеткізу бойынша шығындарды өндіріп алушы дербес төлейді.

      228. Атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға оны сот орындаушысына орындауға борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша орындауға не оның өтініші бойынша тиісті әділет органына электрондық түрдегі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған атқарушылық жазбаны БНАЖ арқылы "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде нақты сот орындаушысына не өңірлік палатаға береді.

      229. Егер борышкерден он жұмыс күні ішінде өзіне қойылған талапқа жазбаша қарсылық келіп түссе, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

      230. Мәлімделген талапқа қарсылықты борышкер жазбаша түрде нотариустың жеке өзіне береді не хабарламамен пошта арқылы не нотариустың электрондық поштасына жіберіледі және кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.";

      232-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "232. Атқару жазбасының күшін жою туралы қаулының көшірмелері өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.

      Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады";

      234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Нотариустың істерінде өндіріп алушыға берген немесе жолданған атқарушылық жазбаның көшірмесі, сондай-ақ берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесі және "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдаған атқарушылық жазбасы туралы БНАЖ-дан алынған хабарлама қалады.

      Егер атқарушылық жазбаны жасау үшін берешекті белгілейтін құжаттан басқа, берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін басқа да құжаттарды ұсыну қажет болса, онда олар атқарушылық жазбаға тігілмейді, нотариустың істерінде қалады.";

      мынадай мазмұндағы 26-тараумен толықтырылсын:

      "26-тарау. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады";

      "235. Нотариус сканерлеу арқылы нотариат куәландырған қағаз құжаттың электрондық бейнесін дайындайды.

      Электрондық құжат нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуы тиіс.

      Нотариус дайындалған электрондық құжатта куәландыру жазбасын жасайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды.

      Нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат БНАЖ жүйесінде орналастырылады.

      236. Нотариус қағаз жеткізгіште, дайындаған құжаттың бірдейлігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекет жасау үшін нотариус электрондық құжатқа тұлғаның өтініші бойынша қағаз жеткізгіштегі құжатты дайындайды.

      Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатқа бірдейлігін куәландырған нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру және оның кімге тиесілі екендігі туралы ақпаратты нотариус куәландыру жазбасында тіркейді. Қағаз құжат электрондық құжаттың, қағаз жеткізгіштегі құжатқа бірдейлігін куәландырған нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуы тиіс. Дайындалған қағаз құжатта нотариус куәландыру жазбасын жасайды, оған қол қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың отыз екінші абзацын, 1-тармақтың елу жетінші – алпыс жетінші абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады