"Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 203 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22721 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ахуалдық орталық – нақты уақыт режимінде автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау бекеттеріне мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің құрылымдық бөлімі;

      2) интеллектуалды бақылау аспабы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының типін, мемлекеттік тіркеу белгісін, жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін стационарлық немесе мобильдік бейнебақылау аспаптарын қамтитын интеллектуалды көлік жүйесінің құрауышы;

      3) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі - Инспекция) қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Интеллектуалды бақылау аспабын пайдалану тәртібі.

      25. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.

      26. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.

      27. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын автокөлік құралына, стационарлық интеллектуалды бақылау аспабы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына орнатылады.

      28. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      29. Ұтқыр зияткерлік бақылау аспаптарын беру және тапсыру есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі, ол Инспекциялардың кеңсесінде сақталады. Журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

      30. Интеллектуалды бақылау аспаптарын техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

      31. Интеллектуалды бақылау аспабының істен шығуы орын алған жағдайда, Инспекция қызметкері бұл туралы тез арада Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабардар етеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 203 Бұйрыққа
қосымша
  Көліктік бақылау органдары
қызметкерлерінің әкімшілік
құқық бұзушылықтар және
әрекеттер жасау фактілерін
тіркеп алу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын беру мен тапсыруды есепке алу журналы _____________________________________________________________________ (Инспекция атауы)

20 __ жылғы "__" _______ басталды

20 __ жылғы "__" ______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Аспаптың түгендеу нөмірі

Аспапты қабылдаған қызметкердің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда).

Қызметкеррдің аспапты қабылдау туралы қолы, күні және уақыты.

Қызметкердің аспапты тапсыру туралы қолы, күні және уақыты.

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.минут) (нақты уақыт режимінде деректерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда)

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе, Аспапты қабылдап алған қызметкер аспапты тапсыруды жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады