"Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 12 мамырдағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22750 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарында:

      "Ұлттық спорт түрлері" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Асық ату

      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

      Әлем чемпионатында 1-3 орын;

      Азия чемпионатында 1-2 орын;

      Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1-2 орын.

      Қазақстан Республикасының спорт шебері:

      Қазақстан Республикасының чемпионатында, Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 1-2 орын;

      Қазақстан Республикасының кубогында 1 орын;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындарында 1-орын;

      Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорттық ойындарында 1-2 орын.

      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат:

      Қазақстан Республикасының чемпионатында, Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 3 орын;

      Қазақстан Республикасының кубогында 2-3 орын;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындарында 2-3 орын;

      Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорттық ойындарында 3 орын;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың чемпионатында 1 орын;

      Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы немесе Қазақстан Республикасы Универсиадасында 1-2 орын.

      1-разрядты спортшы:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың чемпионатында 2-орын.

      2-разрядты спортшы:

      қалалық және аудандық жарыстарда 1-орын.

      3-разрядты спортшы:

      қалалық және аудандық жарыстарда 2-3 орын.

      Жас санаттары:

      балалар - 7-10 жас;

      жасөспірімдер (кадеттер) - 11-13 жас;

      юниорлар - 14-16 жас;

      жастар - 17-20 жас;

      ересектер -21 жас және одан жоғары.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Е. Кожагапанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады