"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22763 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – субсидияларды аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін, электрондық түрде немесе қағаз түрінде қарыз алушы, субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен қаржы институты арасында жасалатын жазбаша келісім;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – жануарлар) – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың, құстардың, балықтар мен баларалардың барлық түрі;

      4) жеке кабинет – пайдаланушының (қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының), қаржы институтының, субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің)) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміндегі дербес веб-парақшасы;

      5) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған, субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын тұлға;

      7) қаржы институттары – Қазақстанның даму банкі, екінші деңгейдегі банктер, шетелдік және халықаралық қаржы институттары, оның ішінде банктік операцияларды қазақстандық қаржы институттары арқылы жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;

      8) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);

      9) қарыз шарты – қаржы институты мен қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалған, талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг беретін қарыз шарты, сондай-ақ ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарты;

      10) субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      11) субсидиялауға арналған өтінім – қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеуге арналған қағаз немесе электрондық өтінімі;

      12) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар), қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеу, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара әрекеттесу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      14) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      15) сыйақы мөлшерлемесі – қарызды пайдаланғаны үшін қаржы институтына тиесілі пайыздық мәндегі төлем, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасалған қарыз шарты бойынша қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейтін кірістілік мөлшерлемесі;

      16) технологиялық жабдықтар – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олар қолданылмаса толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтар;

      17) ұсыныс – қарыз алушы мен қаржы институтының субсидиялау шартын жасасуға арналған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта қол қойылған не электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған бірлескен ұсынысы;

      18) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышан жинағы.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру тетігі) шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мыналарға жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі мерзімді ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі мерзімді ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

      3) сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, бұл ретте субсидиялау мерзімі мерзімді ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайтын уақытты құрайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымшаға сәйкес азық-түлік тауарлары бөлімінде көрсетілген басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесіне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары осы тармақ шеңберінде субсидиялануы тиіс.

      Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстанның даму банкінің синдикатталған кредиттерінің сыйақы мөлшерлемелерін де субсидиялау жүзеге асырылады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Қарыз шарты бойынша субсидиялау оның бүкіл қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, бұрын жасалған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныс бойынша шешім қабылдаған күннен басталады.

      2019 жылы жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мақұлдаған қарыз шарттары бойынша, сондай-ақ 2019 жылы жасалған және 2020 жылы жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мақұлдаған қарыз шарттары бойынша қаржы институттары мен жұмыс органы (көрсетілетін қарыз беруші) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап субсидияны есептеу бөлігінде субсидиялар көлемдерін қайта есептеуді жүзеге асырады.

      Тиісті жылы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап субсидияларды есептеу бөлігінде субсидиялар көлемдерін қайта есептеуді жүзеге асыру нәтижесінде туындаған міндеттемелер субсидиялау шартына қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады және тиісті жылдың міндеттемелеріне жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 1-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 161 1-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ұсыныс

      Қаржы институты: ___________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      Қарыз алушы:______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңы тұлғаның толық атауы)

      Кімге: ______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, асатананың жергілікті атқарушы органы)

1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағылар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі – (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/ заңды тұлға үшін БСН/ жеке тұлға үшін ЖСН


4

Банктік деректемелер


5

Байланыс телефондары


2. Субсидиялауға жататын кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ (нөмірі және күні)


Сомасы, теңге


Сыйақы мөлшерлемесі, пайыз


Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге


КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні


Кредит беру валютасы


Кредит берудің/лизингтің нысаналы мақсаты*


Қаржыландыру көзі**


ЭҚЖС (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) бойынша төрт таңбалы сыныбы**



Кредит/лизинг нысанасы, саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел

Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі

9

10

11










      Ескертпе:

      * айналым қаражатын толықтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылыс/ауыл шаруашылығы жануарларын/техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алу/көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу/инвестициялық мақсаттар (керегін қою)

      ** "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру тетігі) сәйкес қаржы институттары берген қарызды ұсынған жағдайда көрсетіледі.

      Осымен:

      1) қарыз шартының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

      2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдар сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатыны расталады.

      Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде нысаналы мақсаты инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру және көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатыны расталады;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тоқтатылмағаны;

      4) қарыз шартының республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;

      5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің жоқтығы;

      6) қарыз алушыда негізгі берешекті және/немесе қарыз шарты бойынша сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы;

      7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

      Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.

      Ұсыныс қағаз түрінде берілген жағдайда:

      Қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

      __________________________________________________

      Қаржы институты басшысының немесе оны алмастыратын адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

      __________________________________________________

      Қарыз алушының ұсынысқа қол қойған күні: 20______ жылғы "__" _________

      Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні: 20______ жылғы "__" _________

      Ұсыныс электрондық түрінде берілген жағдайда:

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      Қаржы институты 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қол қойып, жіберді.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      Ұсыныстың қабылданғаны туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" __________ сағат __ қабылдады.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 161 2-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша

Қарыз шартына қойылатын талаптар

      Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) алынған кредит/лизинг агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған;

      2) теңгемен жылдық 17 (он жеті) пайыздан (бұдан әрі – %) артық емес, Ресей рублімен жылдық 14 (он төрт) %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-дан артық емес белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;

      3) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге негізгі құралдар сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық тізбегіне қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылады;

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде нысаналы мақсаты инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру және көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылады;

      4) қарыздың қаржыландыру көзі мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болып табылмайды;

      5) өтінім берілген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылады;

      6) сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбайды.

      Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің ақпараттық жүйесінде тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы субсидиялануы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады