"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22845 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20106 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 238) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 238) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Үйлестіру кеңесінің отырысы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қосымшаларымен бірге еркін нысанда тиісті өтінімдер болған кезде, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі шеңберінде қолданыстағы жобаларды іске асыру мәселелерін қарау қажет болған кезде айына кемінде бір рет өткізіледі.".

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган негіздемелік келісімдер шеңберінде жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады, бұл ретте:

      негіздемелік келісімдер шеңберінде жобалар бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда проблемалық мәселелерді Жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобында немесе Үйлестіру кеңесінің отырыстарында қарауды қамтамасыз етеді;

      жобаларды іске асыру шеңберінде МҚҰ өкілдерінің мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асырады;

      Жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобында және/немесе Үйлестіру кеңесінің отырыстарында қаражатты қарыз санаттары бойынша қайта бөлуді, қарызды жабу күнін ұзартуды, қарыз қаражатының күшін жоюды, жобаның мерзімінен бұрын жабылуын, жобаларды қайта құрылымдауды және жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзге де мәселелерді қоса алғанда, үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы жобаларды іске асыру мәселелерін қарауды қамтамасыз етеді.".

      2. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады