ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 252-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 152 Бұйрыққа қосымша |
Жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 252-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар жануарлар дүниесі объектілерін олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2-тарау. Жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану тәртібі
3. Жабайы жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында пайдалану оларды тіршілік ету ортасынан алып қоймай, оны нашарлатпай, оларға зиян келтірілмей, ортақ пайдалану режимінде жүзеге асырылады.
4. Тіршілік ету өнімдерін жинау жануарлардың тиісті түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеу жиілігін, іріктеу және (немесе) жинау жүзеге асырылатын жерлердің өзгеруін реттеу жолымен олардың сарқылуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
5. Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін олардың көбеюі, қоныс аударуы кезеңінде және қиын және дәрменсіз жағдайда (дауылдан, су тасқынынан, өрттен, су айдындары арқылы өту кезінде, көктайғақта, қорексіздіктен әлсіреген, суда жүзетін құстардың жусандарында отыратын) пайдалануға жол берілмейді.
6. Жабайы жануарлардың уын жинауды қауіпсіздік техникасын қатаң сақтай отырып, оқытылған және даярланған персонал жүзеге асырады.
7. Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану кезінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.