Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22876 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18011 болып тіркелген);

      2) "Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 920 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18062 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 368-НҚ бұйрығына
1–қосымша

Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкетендіру кодын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру тәртібін анықтайды.

      2. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру көлік құралдарын дайындаушыларды сәйкестендіруді белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

      2) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;

      3) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралын жасаушысымен берілетін белгілердің құрылымды құрастырылымы;

      4) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) – техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімдеріндегі және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдеріндегі мәліметтер мен ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      5) техникалық хатшылық – көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер жөніндегі мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым.

2-тарау. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру тәртібі

      4. Көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру коды көлік құралын жасаушыны сәйкестендіру мақсатында берілетін көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімінде орналасады және үш символдан тұрады.

      Көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру коды көлік құралын жасаушының елін айқындау мақсатында пайдаланылады. Көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру кодының бірінші және екінші позициялары символдарының комбинациясын Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның өкілеттігі бойынша әрекет ететін халықаралық қоғамдық ұйым:

      Америка Құрама штаттарының Автокөлік инженерлерінің қоғамы (Society of Automotive Engineers) береді.

      5. Көлік құралын жасаушыға берілген көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру коды басқа дайындаушыға отыз жыл ішінде қайта берілмейді.

      6. Көлік құралын жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының үшінші ұстанымы алфавиттік немесе сандық символдарымен толтырылады және техникалық хатшылықпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Куәлікті алуға арналған өтінімнің (бұдан әрі - алуға өтінім) негізінде беріледі.

      7. Көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының ұстанымдарына қойылатын ерекше талаптар:

      1) көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодында тек араб цифрлары мен латынның бас әріптері пайдаланылады:

      1 2 3 4 5 6 7 8 9 0;

      A B C D E F G H J K L M N P R S T U V W X Y Z;

      көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодын белгілеуде мынадай латын әріптерін пайдалануға жол берілмейді:

      I, O, Q.

      2) жылына кемінде 500 көлік құралын шығаратын жасаушыны белгілеу үшін көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының үшінші таңбасы ретінде 9 санын пайдаланады.

      Бұл жағдайда техникалық хатшылық көлік құралы сәйкестендіру нөмірінің он екінші, он үшінші және он төртінші таңбаларын береді.

      8. Көлік құралын жасаушы Куәлік алу үшін техникалық хатшылыққа ақпараттық жүйеде мынадай құжаттарды жібереді:

      1) өндіріс көлемін (жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдары), бизнес-сәйкестендіру нөмірін және жасаушының толық атауын, заңды және нақты мекенжайын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректемелерін көрсете отырып, алуға арналған өтінімді;

      2) құрылтай құжаттары;

      3) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы, оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      9. Техникалық хатшылық осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетіліп, ұсынылған құжаттарды техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      10. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға Заңның 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Куәлік беріледі.

      11. Егер жасаушының атауы, мекенжайы, жылдық өндіріс көлемі өзгерген жағдайда Куәлік ақпараттық жүйеде қайта ресімдеуге жатады.

      12. Куәлікті қайта ресімдеу үшін көлік құралын жасаушы осы Қағидалардың 8-тармағында айқындалған тәртіппен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Куәлікті қайта ресімдеуге өтінім береді.

      13. Куәлікті қайта ресімдеу осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

  Көлік құралдарын
жасаушыларға халықаралық
сәйкестендіру кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін өтінім

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы)

      _________________________________________________________________

      заңды және нақты мекенжайы,

      _________________________________________________________________

      мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде

      _________________________________________________________________

      Өндіріс көлемі жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдарымен көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті беруді сұрайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы, оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      ________________________________________________________________

      "__" ________ 20__ жылы

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба

  Көлік құралдарын
жасаушыларға халықаралық
сәйкестендіру кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін өтінім

      _______________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (заңды тұлғаның толық атауы) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      заңды және нақты мекенжайы,

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде

      ____________________________________________________________________

      Өндіріс көлемі жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдарымен көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті қайта рәсімдеуді сұрайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы,

      оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      _______________________________________________________________

      "__" ________ 20__ жылы

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 368-НҚ бұйрығына
2–қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      QR-код (1)

      Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы

      КУӘЛІК

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ________ (2)

      ____________________ (3)

      ЖАСАУШЫ (4)

      көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру

      коды (WMI)* берілді (5)

Басшының лауазымы
(6)

QR-код (7)

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) (8)

      Ескертпе:

      Осы құжат 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Электрондық құжаттың түпнұсқалығын интернет желісі арқылы тексере аласыз.

      * World manufacturer identifier (WMI) - жасаушының халықаралық сәйкестендіру коды.

      Ресімдеуге түсініктеме:

      Куәлік техникалық хатшылықпен электрондық түрде ресімделеді және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркеледі.

      Куәлікті толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1-жол – ақпараттық жүйе кездейсоқ тәртіппен автоматты түрде генерациялайтын Куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірінің QR-коды он төрт символдан тұрады және мынадай белгілері бар:

      1) алғашқы екі символ – халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

      2) үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код.

      2-жол – Куәліктің берілген күні;

      3-жол – Куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі;

      4-жол – бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі, жасаушының атауы, жасаушының заңды мекенжайы (елі, облысы (қаласы), ауданы, мекенжайы);

      5-жол – берілген WMI коды;

      6-жол – Куәлік берген басшының лауазымы;

      7-жол – Куәлікті берген басшының (QR-код түрінде) электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      8-жол – Куәлікті берген басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

Об утверждении Правил присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств, формы свидетельства о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 27 мая 2021 года № 368-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2021 года № 22876.

      Сноска. Вводится в действие с 01.07.2021 в соответствии с пунктом 5 настоящего приказа.

      В соответствии с подпунктами 5) и 6) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму свидетельства о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 877 "Об утверждении формы свидетельства о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18011);

      2) приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 920 "Об утверждении правил присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18062).

      3. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

  Приложение 1
к приказу
Министра торговли
и интеграции
Республики Казахстан
от 27 мая 2021 года № 368-НҚ

Правила присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" (далее - Закон) и определяют порядок присвоения международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств.

      2. Присвоение международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств осуществляется в целях установления идентификации изготовителей транспортных средств.

      3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) присвоение международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств – закрепление отдельных опознавательных знаков за изготовителем транспортного средства, зарегистрированным как юридическое лицо или физическое лицо, зарегистрированное в качестве индивидуального предпринимателя, осуществляющее деятельность на территории Республики Казахстан;

      2) свидетельство о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства (далее – Свидетельство) – документ, подтверждающий присвоение международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства, зарегистрированному как юридическое лицо или физическое лицо, зарегистрированное в качестве индивидуального предпринимателя, осуществляющее деятельность на территории Республики Казахстан;

      3) идентификационный номер транспортного средства – структурированная комбинация знаков, которая присваивается изготовителем транспортного средства;

      4) информационная система технического регулирования (далее – информационная система) – автоматизированная информационная система, предназначенная для хранения, обработки, поиска, распространения, передачи и предоставления сведений и информаций, содержащихся в реестрах технического регулирования, государственной системы обеспечения единства измерений, национальной системы стандартизации и единых реестрах выданных или принятых документов об оценке соответствия Евразийского экономического союза;

      5) технический секретариат – организация, определяемая уполномоченным органом на осуществление деятельности по проверке правильности и обоснованности оформления одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси, сбору сведений о выданных свидетельствах о безопасности конструкции транспортного средства и присвоению международных идентификационных кодов изготовителям транспортных средств.

Глава 2. Порядок присвоения международного идентификационного кода изготовителям транспортных средств

      4. Международный идентификационный код изготовителя транспортного средства располагается в первом разделе идентификационного номера транспортного средства, который присваивается с целью идентификации изготовителя транспортного средства и состоит из трех символов.

      Международный идентификационный код изготовителя транспортного средства используется в целях определения страны изготовителя транспортного средства. Комбинация символов первой и второй позиции международного идентификационного кода изготовителя транспортного средства присваивается Международной общественной организацией, действующей по полномочию Международной организации по стандартизации:

      Обществом автомобильных инженеров (Society of Automotive Engineers) Соединенных штатов Америки.

      5. Международный идентификационный код изготовителя транспортного средства, присвоенный изготовителю транспортного средства, повторно не присваивается другому изготовителю в течение тридцати лет.

      6. Третья позиция международного идентификационного кода изготовителя транспортного средства заполняется алфавитными или цифровыми символами и присваивается техническим секретариатом на основании заявки на получение Свидетельства по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее - заявка на получение).

      7. Особые требования к позициям международного идентификационного кода изготовителя транспортного средства:

      1) в международном идентификационном коде изготовителя транспортного средства используются только арабские цифры и заглавные латинские буквы:

      1 2 3 4 5 6 7 8 9 0;

      A B C D E F G H J K L M N P R S T U V W X Y Z;

      в обозначении международного идентификационного кода изготовителя транспортного средства недопустимо использование латинских букв:

      I, O, Q;

      2) для обозначения изготовителя, производящего менее 500 транспортных средств в год, в качестве третьего знака международного идентификационного кода изготовителя транспортного средства используется цифра 9.

      В данном случае техническим секретариатом присваивается двенадцатый, тринадцатый и четырнадцатый знаки идентификационного номера транспортного средства.

      8. Изготовитель транспортного средства для получения Свидетельства направляет в информационной системе следующие документы:

      1) заявку на получение с указанием объема производства (менее 500, или 500 и более транспортных средств в год), бизнес-идентификационный номер и полное наименование изготовителя, юридического адреса на государственном, русском и английском языках;

      2) учредительные документы;

      3) техническое описание планируемого к изготовлению транспортного средства, включающее:

      наименование и назначение транспортного средства;

      чертеж транспортного средства в проекциях (сбоку, спереди, сзади и сверху) в формате А4 с указанием габаритных размеров базы и колеи;

      общие технические характеристики транспортного средства.

      9. Представленные документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил рассматриваются техническим секретариатом в течение тридцати календарных дней с даты их поступления в технический секретариат.

      10. По результатам рассмотрения документов изготовителю транспортного средства выдается Свидетельство по форме, утвержденной уполномоченным органом в области технического регулирования в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Закона.

      11. В случае изменения наименования изготовителя, адреса, годового объема производства Свидетельство подлежит переоформлению в информационной системе.

      12. Для переоформления Свидетельства, изготовитель транспортного средства в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил, подает заявку на переоформление Свидетельства по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      13. Переоформление Свидетельства производится в сроки, установленные пунктом 9 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам присвоения
международных
идентификационных кодов
изготовителям транспортных
средств

      форма

Заявка на получение свидетельства о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства

      ____________________________________________________________________
(индивидуальный идентификационный номер, фамилия, имя, отчество
(при его наличии) физического лица) (бизнес идентификационный номер,
полное наименование юридического лица)
____________________________________________________________________
юридический и фактический адрес,
____________________________________________________________________
на государственном, русском и английском языках
____________________________________________________________________
просит выдать свидетельство о присвоении международного идентификационного
кода изготовителю транспортного средства с объемом производства менее 500, или
500 и более транспортных средств в год.

      Прилагаемые документы:
1) учредительные документы;
2) техническое описание планируемого к изготовлению транспортного средства,
включающее: наименование и назначение транспортного средства; чертеж
транспортного средства в проекциях (сбоку, спереди, сзади и сверху) в формате А4
с указанием габаритных размеров базы и колеи;
общие технические характеристики транспортного средства.
____________________________________________________________________
"__" ________ 20__ года
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или руководителя
юридического лица, электронная цифровая подпись

  Приложение 2
к Правилам присвоения
международных
идентификационных кодов
изготовителям транспортных
средств

      форма

Заявка на переоформление свидетельства о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства

      _______________________________________________________________________
(индивидуальный идентификационный номер, фамилия, имя, отчество
(при его наличии) физического лица) (бизнес идентификационный номер, полное
наименование юридического лица)
_______________________________________________________________________
юридический и фактический адрес,
_______________________________________________________________________
на государственном, русском и английском языках
_______________________________________________________________________
просит переоформить свидетельство о присвоении международного
идентификационного кода изготовителю транспортного средства с объемом
производства менее 500, или 500 и более транспортных средств в год.

      Прилагаемые документы:
1) учредительные документы;
1) техническое описание планируемого к изготовлению транспортного средства,
включающее: наименование и назначение транспортного средства; чертеж
транспортного средства в проекциях (сбоку, спереди, сзади и сверху) в формате А4
с указанием габаритных размеров базы и колеи; общие технические характеристики
транспортного средства.
____________________________________________________________________
"__" ________ 20__ года
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или

      руководителя юридического лица, электронная цифровая подпись

  Приложение 2
к приказу
Министра торговли
и интеграции
Республики Казахстан
от 27 мая 2021 года № 368-НҚ

      форма

Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан Комитет технического
регулирования и метрологии Республиканское государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения "Казахстанский институт стандартизации и метрологии"

      QR-код (1)

СВИДЕТЕЛЬСТВО
о присвоении международного идентификационного кода изготовителю транспортного средства

      Дата выдачи "____" ________ 20___ года (2)
____________________ (3)
ИЗГОТОВИТЕЛЬ (4)
присвоен международный идентификационный код изготовителю
транспортного средства (WMI)* (5)

Должность руководителя (6)

QR-код (7)

Фамилия, имя, отчество (при наличии) (8)

      Примечание:
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан
от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе. Проверить подлинность электронного
документа Вы можете посредством сети интернет.
* World manufacturer identifier (WMI) - международный идентификационный
код изготовителя.
Пояснение к оформлению:
Свидетельство оформляется техническим секретариатом в электронном виде
и регистрируется в реестре данных государственной системы технического
регулирования.
При заполнении Свидетельства указываются следующие сведения:
поле 1 – QR-код уникального идентификационного номера Свидетельства, который
автоматически генерируется информационной системой в случайном порядке, состоит
из четырнадцати символов и имеет следующее обозначения:
1) первые два символа – литерный код Республики Казахстан согласно коду ISO –
Международной организации по стандартизации (две заглавные латинские буквы –
KZ);
2) с третьего по четырнадцатый символы – уникальный буквенно-числовой код.
поле 2 – дата выдачи Свидетельства;
поле 3 – уникальный идентификационный номер Свидетельства;
поле 4 – индивидуальный идентификационный номер / бизнес идентификационный
номер, наименование изготовителя, юридический адрес изготовителя (страна, область
(город), район, адрес);
поле 5 – присвоенный код WMI;
поле 6 – должность руководителя, выдавшего Свидетельство;
поле 7 – электронная цифровая подпись (в виде QR-кода) руководителя, выдавшего
Свидетельство;
поле 8 – инициалы и фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя,
выдавшего Свидетельство.