Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 920 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18062 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 27.05.2021 № 368-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      ______________

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 920 бұйрығымен бекітілген

Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкетендіру кодын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру тәртібін айқындайды.

      2. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру көлік құралдарын жасаушыларға сәйкестендіруді белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көлік құралын жасаушы – өткізу немесе жеке пайдалану үшін оларды айналымға шығару ниетімен көлік құралын, шассиді немесе оның компоненттерін дайындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;

      3) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

      4) көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралын жасаушыларға берілетін он жеті белгінің құрылымдалған комбинациясы;

      5) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды рәсімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі, көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

2-тарау. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру тәртібі

      4. Көлік құралдарын жасаушылардың халықаралық сәйкестендіру коды ол көлік құралы жасаушысын сәйкестендіру мақсатында берілетін және үш таңбадан тұратын көлік құралын сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімінде орналасқан.

      Халықаралық сәйкестендіру коды көлік құралы жасаушының елін айқындау мақсатында пайдаланылады. Халықаралық сәйкестендіру кодының бірінші және екінші ұстаным таңбаларының комбинациясын Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның өкілеттігі бойынша әрекет ететін халықаралық агенттік:

      Америка Құрама штаттарының Автокөлік инженерлерінің қоғамы (Society of Automotive Engineers) береді.

      Көлік құралы жасаушысына берілген, көлік құралдарын жасаушылардың халықаралық сәйкестендіру коды отыз жыл ішінде басқа жасаушыға қайта берілмейді.

      5. Көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының үшінші ұстанымы алфавиттік немесе сандық белгілермен толтырылады және техникалық хатшылықпен Куәлікті алуға өтініш негізінде беріледі.

      6. Көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының ұстанымдарына қойылатын ерекше талаптар:

      1) көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодында тек араб цифрлары мен латынның бас әріптері пайдаланылады:

      1 2 3 4 5 6 7 8 9 0;

      A B C D E F G H J K L M N P R S T U V W X Y Z;

      көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодын белгілеуде мынадай латын әріптерін пайдалануға жол берілмейді:

      I, O, Q.

      2) жылына кемінде 500 көлік құралын шығаратын жасаушыны белгілеу үшін көлік құралы жасаушысының халықаралық сәйкестендіру кодының үшінші таңбасы ретінде 9 санын пайдаланады.

      Бұл жағдайда техникалық хатшылық көлік құралы сәйкестендіру нөмірінің он екінші, он үшінші және он төртінші таңбаларын береді.

      7. Көлік құралын жасаушы Куәлік алу үшін техникалық хатшылыққа мынадай құжаттарды жібереді:

      1) өндіріс көлемін (жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдары), жасаушының толық атауын, заңды және нақты мекенжайын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректемелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысаны бойынша көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын алуға өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      3) құрылтай құжаттардың, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу (заңды тұлғалар үшін) және есептік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері;

      4) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы, оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      Көлік құралын жасаушысы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, техникалық хатшылық куәлікті беруден бас тартады.

      Бас тартуды алғаннан кейін, өтініш беруші анықталған түсініктемелерді түзетеді және он күнтізбелік күн ішінде құжаттарды техникалық хатшылық қарауына қайта енгізеді.

      8. Техникалық хатшылық осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетіліп, ұсынылған құжаттарды техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      9. Егер ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, техникалық хатшылықпен өтініш берушіге Куәлік беріледі.

      10. Егер жасаушының атауы, мекенжайы, жылдық өндіріс көлемі өзгерген жағдайда Куәлік қайта рәсімдеуге жатады.

      11. Куәлікті қайта рәсімдеу үшін көлік құралын жасаушы осы Қағидалардың 7-тармағында айқындалған тәртіппен осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысаны бойынша көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын қайта рәсімдеуге өтініш береді.

      12. Куәлікті қайта рәсімдеу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мерзімде жүргізіледі.

      13. Куәлік жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда, өтініш беруші куәліктің телнұсқасын алу үшін техникалық хатшылыққа жүгінеді.

      14. Куәліктің телнұсқасын беру осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

  Көлік құралдарын
жасаушыларға халықаралық
сәйкестендіру кодтарын
беру қағидаларына
1 қосымша
  нысан

Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін өтініш

      __________________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      заңды және нақты мекенжайы,

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректемелер

      __________________________________________________________________________

      Өндіріс көлемі жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдарымен (қажетінің астын сызу) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті беруді сұрайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      2) құрылтай құжаттардың, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу (заңды тұлғалар үшін) және есептік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері;

      4) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы, оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      ___________________________________________________ "__" ________ 20__ жылы

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

  Көлік құралдарын
жасаушыларға халықаралық
сәйкестендіру кодтарын
беру қағидаларына
2 қосымша
  нысан

Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін өтініш

      __________________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      заңды және нақты мекенжайы,

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректемелер

      __________________________________________________________________________

      Өндіріс көлемі жылына 500-ге дейін немесе 500 және одан астам көлік құралдарымен (қажетінің астын сызу) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті қайта рәсімдеуді сұрайды.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      2) құрылтай құжаттардың, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу (заңды тұлғалар үшін) және есептік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері;

      4) жасауға жоспарланған көлік құралының техникалық сипаттамасы, оның ішінде:

      көлік құралының атауы мен қолдану мақсаты;

      базаның және жолтабанның ауқымды өлшемдерін көрсете отырып, көлік құралының А4 форматындағы кескінінің сызбасы (жанынан, алдынан, артынан және үстінен);

      көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасы.

      ___________________________________________________ "__" ________ 20__ жылы

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады