Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22899 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 377-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Оқу орталықтарына қойылатын талаптар

      1. Осы Оқу орталықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Аталған Талаптар техникалық реттеу саласындағы оқу орталықтарына қолданылады.

      2. Оқу орталығы сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

      3. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін анықтау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау және біліктіліктерін арттыру біліктілік курстары нысанында жүзеге асырылады.

      4. Оқу орталықтарына қойылатын талаптар:

      1) оқу жоспарларына енгізілген, ресми түрде басып шығарылған нормативтік, анықтамалық және оқу-әдістемелік құжаттары болуы тиіс;

      2) курстың атауын, оқудың мақсатын, сабақтар режимін, тақырыптардың атауларын, оқудың ұзақтығын және сағат саны сарапшы-аудиторларды даярлау бойынша кем дегенде 80 (сексен) академиялық сағат және сарапшы-аудиторлардың әр тақырып бойынша біліктілігін арттыру бойынша – кем дегенде 40 (қырық) академиялық сағат, соның ішінде техникалық реттеу саласындағы білімдерді міндетті игеруге арналған дәрістерді, практикалық сабақтарды (қажеттілік болған жағдайда) кірістіретін әр біліктілік курсы бойынша оқу жоспарлары болуы тиіс;

      Оқу жоспары қазақ және орыс тілдерінде ресімделген базалық және бейінді бөлімдерден тұрады.

      3) сәйкестікті растау (өнімнің, көрсетілетін қызметтің, менеджмент жүйесінің, персоналдың), тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жасайтын сарапшы-аудиторлардан тұратын, сәйкестікті растау саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 5 (бес) жылды құрайтын және ҚР СТ 1.45 "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар" белгіленген тәртіпте тестілеуден өту арқылы 3 (үш) жылда бір рет өз құзыреттілігін растайтын, оқыту саласына байланысты оқу жоспарына сәйкес тыңдаушыларды даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқытушылар құрамы болуы тиіс.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 377-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқу орталықтарын техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу тәртібін анықтайды.

2-тарау. Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу тәртібі

      2. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орталығының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде толтырылады.

      3. Өтінім беруші өтінімді және келесі құжаттарды:

      1) стандарттау жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарды өзектендіру бойынша қызметтерді көрсету бойынша "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жасалған шартты;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген оқу жоспарларын;

      3) құрылтай құжаттарын;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша персонал (дәріскерлер) туралы мәліметтерді;

      5) ҚР СТ 1.45 "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар" сәйкес нысан бойынша оқу орталығы дәріскерлерінің электрондық тестілеуден өту фактісін растайтын сертификаттардың көшірмелерін ұсынады.

      4. Өтінім беруші өтінімді және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      5. Уәкілетті орган өтінім мен құжаттарға ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде талдау жүргізеді.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің 73-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде өтінім берушіден бас тартады.

      7. Өтінімді және құжаттарды қарауды талдаудың оң нәтижелері кезінде уәкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінім берушіні ресми хабардар етеді және өтінім берушінің өтінімі мен құжаттарын қарау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      8. Комиссия құрылғаннан кейін уәкілетті орган өтінім берушінің өтінімі мен құжаттарын комиссияға күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жібереді.

      Комиссия өтінім мен құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оқу жоспарының жобасын жария қорғауды жүргізеді.

      Жария қорғау таныстыру түрінде орындалған көрсету материалдарын пайдалана отырып, ауызша нысанда жүргізіледі.

      Қорғау барысында комиссия өтінім берушінің таныстыру материалды сауатты баяндау қабілетін бағалайды:

      1) шешендік өнерді меңгеру шеберлігі;

      2) баяндаудың логикалық байланыстылығы, дәлелділігі;

      3) таныстыру материалды ресімдеу сапасы.

      Комиссия қабылдаған шешім кеңес хаттамасында көрсетіледі, ол оқу жоспарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізуге немесе бас тартуға негіз болады.

      9. Оқытушылар қатарындағы өтінім берушінің өкілдері оқу жоспарының жобасын жария қорғауға арналған комиссия отырысына қатысады.

      10. Комиссияның оң шешімі негізінде өтінім беруші мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізіледі.

      Комиссияның оқу орталығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу туралы шешімінің нәтижесі оны шығарған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтінім берушіге жіберіледі.

      11. Оқу жоспарларында өзгерістер болған кезде оқу орталығы енгізілген өзгерістер туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      12. Оқу орталығы өз қызметін тоқтатқан кезде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органды қызметтің тоқтатылғаны туралы қағаз немесе электрондық түрде хабардар етеді.

  Оқу орталықтарын мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесі
деректерінің тізіліміне енгізу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

ӨТІНІМ

      _______________________________________________________________

      (өтінім берушінің атауы)

      _________________________________________________________________________

      (біліктілік курстарының атауы)

      _______________________________________ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

      деректерінің тізіліміне қосуды сұраймыз.

      ____________                  _______________

      қолы                        күні

  Оқу орталықтарын мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесі
деректерінің тізіліміне енгізу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

____________________________________________________________ (оқу орталығының атауы)

"Даярлау және арттыру" біліктілік курсы бойынша ОҚУ ЖОСПАРЫ _____________________________________________________________________ (курстардың атауы)

      Оқудың мақсаты:

      Сабақтар режимі:

      Оқудың ұзақтығы:


р\р

Тақырыптың атауы

Сағат саны, барлығы

Соның ішінде

Бақылау нысаны

Ескертпе

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Емтихан

Сынақ

Бақылау жұмысы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Базалық бөлімі





























Бейіндік бөлімі











  Оқу орталықтарын мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесі
деректерінің тізіліміне енгізу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

________________________________________________________________ (оқу орталығының атауы)

Персонал (дәріскерлер) туралы мәліметтер


р/р

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сарапшы-аудитор аттестатының №

Сарапшы-аудитор аттестатының күні

Тестілеуден өту туралы сертификаттың күні
(жолдама)

Сәйкестікті растау саласындағы жұмыс өтілі

Біліктілік курстарының бағыты

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады