"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22904 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды.

      Баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімі бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде қайта оқу жылы ұсынылған білім алушыларды қоспағанда, 1-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылмайды.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өткізілмейтін) жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау басталғанға дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және жақын бүтін санға дөңгелектене отырып, оқу жылына жиынтық бағалау ретінде қойылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алады.

      Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.

      Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өтілетін) жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау басталғанға дейін осы пәндер бойынша оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалаудан өтеді.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалау (бес балдық шәкіл бойынша) үшін 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.

      Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" болған және жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

      1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

      2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

      3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

      Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

      3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

      Емтихандар өтетін күндері COVID-19 ауырған 9 (10) и 11 (12) сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттардың негізінде шығарылады:

      1) полимеразды тізбекті рекция (ПТР) әдісімен COVID-19 тестісінің он нәтижесі бар анықтама;

      2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысанына сәйкес медициналық ұйымдар берген анықтама.

      Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

      52. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.

      Қорытынды аттестаттау кезеңінде коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған 9 (10) и 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып тапсырады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. 9 (10) және 11 (12) сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттау өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға балдарды және емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.

      9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. 9 (10) және 11 (12) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады (тоқсандық бағалардың ортақ арифметикалық мәні). Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.

      Егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.";

      3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
  Білім және ғылым министрі
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 248 бұйрығына
  1-қосымша
  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
  3-қосымша

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы

      ___________________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы
      (оқу пәнінің атауы)
      __________________________________________________________________________
      (облыстың атауы)
      __________________________________________________________________________
      (аудан атауы)
      __________________________________________________________________________
      (қала (ауыл) атауы)
      __________________________________________________________________________
      (мектеп атауы)
      Емтихан комиссиясының құрамында:
      ____________________________________________________________________________
      Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      ____________________________________________________________________________
      Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      ____________________________________________________________________________
      Ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті
      _____ сағат ____ минутта ашылды.
      Пакетпен жіберілген емтихан материалдары осы хаттамаға қоса берілді.
      Емтиханға келді:
      __________________________________________________________________________
      Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      Емтиханға келген жоқ:
      ____________________________________________________________________________
      Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      Емтихан ____ сағат ____ минутта басталды.
      Емтихан ____ сағат ____ минутта аяқталды.
      Емтихан нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Балл (жазумен)

Емтихан бағасы (жазумен)

1




2




      Емтиханды өткізу күні: "___" __________20__ ж.

      Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___"__________ 20__ ж.

      Комиссия төрағасы _______________________________ _________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      Емтихан алушы мұғалім ___________________________ _________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      Ассистенттер ____________________________________ _________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      _________________________ _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

      Ескерту: ұқсас Хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
  Білім және ғылым министрі
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 248 бұйрығына
  2-қосымша
  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
  4-қосымша

9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі

Баға

Максимальды балл 20 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 30 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 40 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 50 болған пәндер үшін балдар

"2"

0 – 7

0 – 11

0 – 15

0 – 19

"3"

8 – 12

12 – 19

16 – 25

20 – 32

"4"

13 – 16

20 – 25

26 – 33

33 – 42

"5"

17 – 20

26 – 30

34 – 40

43 – 50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады