"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттары Комиссиямен 13 (он үш) күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қарау қорытындысы бойынша комиссия Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін орнын және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады."
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.".
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1-қосымшасының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күн.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет министрі | М. Бекетаев |