"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23036 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларында және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:

      4-тармақтың 15) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) конкурсты ұйымдастырушы – конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыратын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасайтын ведомство және оның аумақтық бөлімшелері немесе облыстық жергілікті атқарушы орган;

      25) шарт – облыстың жергілікті атқарушы органы немесе ведомстваның аумақтық бөлімшесі мен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз арасында веб-порталда электрондық түрде жасалатын аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізуге арналған екі жақты келісім;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға мынадай формула бойынша айқындалады:

      кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      N= 10 АЕК * К1 * К2, мұндағы:

      N – балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;

      АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

      К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;

      К2-бекіту жылдарының санын ескеретін коэффициент.

      ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;

      ауданы 100 гектардан және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.

      5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітілетін барлық су айдындары үшін К2 =1;

      10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітілген су айдындары үшін K2=4,9.

      Кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық, республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      N= 100 АЕК * К1 * К2, мұнда:

      N-балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;

      АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

      К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;

      К2-бекіту жылдарының санын ескеретін коэффициент.

      ауданы 10000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;

      ауданы 10000-нан 20000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=2,0;

      ауданы 20000 және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.

      5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітілетін барлық су айдындары үшін К2 =1;

      10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітілетін су айдындары үшін K2=4,9.

      шарбақтық және (немесе) КТБШ жүргізу мақсатында бекітілетін су айдындары үшін:

      N= 10 АЕК * К1, мұндағы:

      N-балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;

      АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

      К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;

      ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;

      ауданы 100 гектардан және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты облыстың жергілікті атқарушы органы өткізеді.

      Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты ведомства және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері өткізеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның мүшелері:

      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);

      4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;

      5) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі уәкілетті орган құратын комиссияның мүшелері:

      1) ведомстволар (төрағаның орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);

      4) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

      5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығы.

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерді бекітіп беру жөніндегі ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссияның мүшелері:

      1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, комиссия төрағасы (басшыдан төмен емес));

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);

      3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың негізінде жүзеге асырылады;

      4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығы.

      5) су ресурстары жөніндегі аумақтық бөлімшелерден (басшыдан төмен емес) тұрады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қатысушылар:

      1) Конкурс басталғанға дейін ұйымдастырушыдан объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;

      2) өз құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      3) конкурс басталғанға дейін өздерінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның он бес пайызын құрайды және отыз мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесімен аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) сәйкес конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ұйымдастырушы веб-порталдағы конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін айқындалады және тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.";

      50, 53, 54, 55 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ұйымдастырушы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, ол өткізілетін күні қол қояды.

      Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      53. Конкурсты ведомство өткізген жағдайда, конкурс нәтижелері туралы хаттама ведомство мен жеңімпаз қол қойғаннан кейін объектілерді бекіту және шарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін ведомствоның жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      54. Облыстың жергілікті атқарушы орган конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім (қаулы) қабылдайды.

      55. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде шарт жасалады.

      Шарт веб-порталда облыстың ведомстваның аумақтық бөлімшесі мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады және қол қояды.Шартта конкурс нәтижелері туралы хаттамаға және шарт жасасу үшін негіз ретінде объектілерді бекіту туралы шешімге сілтеме көрсетіледі.

      57. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезіндегі шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органы мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде шарт бойынша есеп айырысулар ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.

      Түпкілікті баға шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізіледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Түпкілікті төлемді кешіктірген жағдайда, ұйымдастырушының шартты біржақты тәртіппен бұзуға және жеңімпазға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты шығындарды өтеу туралы талап қоюға жол беріледі.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Жеңімпаз конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурстың шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі.

      Түпкілікті баға бірыңғай оператормен веб-порталда аударуға өтінішке қол қойғаннан кейін қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті бюджеттің кірісіне аударады.

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Өтінімге балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген құжаттар қосымша қоса беріледі.

      Өтініш берушіде тереңдете қайта өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуын растау үшін ведомствоның ғылыми ұйымы артемия цисталарын қайта өңдеу саласындағы маманның (мамандардың) және (немесе) ұйымның (ұйымдардың) қатарынан комиссия құрады.".

      61-тармақ алынып тасталсын.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 196 Бұйрығына
1-қосымша
  Аңшылық алқаптарды және
балық шаруашылығы су
айдындарды және (немесе)
учаскелерді бекітіп беру
жөніндегі конкурсқа
қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптарға
2-қосымша

      Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:

      __________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы):)

      __________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, аудан, облыс)

      және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)

      учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң,

      Мен, төменде қол қоюшы

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)

      конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы

      ретінде тіркеуді сұраймын. "___" _________ 20 __ жылғы Интернет желісінде

      орналасқан мемлекеттік мүлік веб-порталда www.gosreestr.kz мақсатында

      ____________________________________________________________________

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде-тауарлы және тор

      қоршамада балық өсіру)

      2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс нәтижелері

      анықталғанға дейін тізілімнің веб-порталы мынадай сома бойынша бұғаттайды:

      ____________________________________________________________________

                  (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі))

      хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай

      оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем белгілеу коды,

      бенефициар коды)

      ____________________________________________________________________

      (төлем құжатының № және күні)

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен балық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.

      4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) конкурс өткен күні конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және жергілікті атқарушы объектіні бекіту туралы шешімі (қаулы) негізінде шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).

      5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, ведомстваның аумақтық бөлімшесінде қалатындығымен келісемін.

      6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.

      7. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      8. Өткен жылдардағы балық шаруашылығын дамыту жоспарлары (қолданыстағы шарттар бойынша) бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.

      9. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін.

      10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.

      13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________

      Мекен жайы: ________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктің атауы ______________________________________

      Бенефициар коды ___________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________

      Жеке тұлға үшін:

      Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      Паспорттық деректер ________________________________________

      Мекен жайы: ________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ______________________________________

      Банктің атауы _______________________________________

      Бенефициар коды_______________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі __________________

      00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

  Бұйрығына
2-қосымша
  Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс
өткізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Артемия цисталарын терең өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттардың, қолданыстағы технологияның болуын (сәйкестігін/сәйкес еместігін) растау туралы қорытынды

      "__"_________20__жыл.

      _____________________________________________________________

      (ведомствоның ғылыми ұйымының атауы)

      өтінім негізінде _______________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік

      қуаттардың болуын ерікті түрде растау туралы:

      "___" _______20___ келесі мекенжайдағы қолданыстағы (қолданыстағы емес)

      өндіріске шығу жүзеге асырылды _______________________________

      _____________________________________________________________

      (өтініш берушінің мекенжайы)

      1. Өтініш берушімен құжатпен расталған артемия цисталарын терең өңдеу технологиясының болуы/болмауы көрсетіледі (нұсқалардың бірін немесе төменде көрсетілген екі нұсқаны да көрсету қажет):

      1) артемия цисталарын терең өңдеу технологиясын өтініш берушіге беру (сату) туралы мәліметтерді қамтитын "___" ________ 20_____ жасалған жылдан ____________________ (қорытындыға растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып);

      2) өтінім берушінің қорғау құжатымен (патентпен, пайдалы модельмен) "___" ________ 20_____ артемия цисталарын терең өңдеу және құрғақ цисталарды өндіру бойынша (қорытындыға растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып);

      артемия цисталарын терең өңдеу технологиясының бар екендігі туралы растайтын құжаттар болмаған жағдайда, құжатпен расталған технологиялардың жоқ екендігі көрсетіледі.

      2. Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған/жұмыс істемейтін өндірістің болуы көрсетіледі.

      Өтініш беруші өндірістік жабдықтар мен цехтарға рұқсатын берді:

      1) өндіріс алаңы (метр2) _____________________;

      2) Жабдықтардың атауы/тізбесі және сипаттамасы: _______________

      Өндірістік жабдық артемия цисталарын терең өңдеуге арналған өндірістік қуаттар мен енгізілген технологиялардың болуын растайды/растамайды.

      3. Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістегі жұмыс процесінде дайын өнімнің сынамасын іріктеу (егер зерттеу кезінде өндіріс тоқтап қалса/болмаса, тиісті қорытынды жасалады және сынамалар алынбайды) тиісті талдау үшін өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) қатысуымен жүзеге асырылады.

      Іріктелген артемияның құрғақ цисталары сынамаларының нәтижелері __________(саны граммен көрсетілсін) растау сәтінде 24 сағат ішінде жарып шығуы____% (градус Цельсий температурасы, тұздылығы кезінде), ылғалдылық _____%; науплий саны ____________ 1 граммға;

      Іріктелген сынамалар растау сәтінде құрғақ цисталарға арналған біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде___________________ (өтініш берушінің толық атауы) артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияның, өндірістік қуаттардың және дайын өнім сынамаларының тиісті сапасының бар-жоғын толық растады/ растамады.

      Егер жоғарыда айтылған бір немесе бірнеше тармақ бойынша растау (оң нәтижелер) болмаған жағдайда, қорытындыда қолданыстағы технологияның, артемия цисталарын терең өңдеу бойынша өндірістік қуаттардың жоқ/сәйкес келмейтіні көрсетіледі

      Қорытынды жасалған күннен бастап бір ай ішінде қолданылады.

      Комиссия мүшелері _________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы_____________

      Мөрдің орны (бар болса)

  Бұйрығына
  3-қосымша
  Аңшылық алқаптарды және
балық шаруашылығы су
айдындары мен (немесе)
учаскелерін бекітіп беру
бойынша конкурс өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында

1

Балық және басқа да су жануарларын өңдеуге арналған цехтар есептік нөмерін көрсете отырып____*

тонна/тәулік


2

Көлік (балық аулау) флоты, оның ішінде**:



1) қуаты 40 ат күші бар және бірліктен жоғары өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар)

бірлік


3

Басқасын (көрсету)



      Ескертпе:

      *Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің экспорты үшін есеп нөмірінің болуы туралы растама (электрондық көшірмесі);

      ** Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген үзінді (электрондық көшірмесі).

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Мәліметтерді пайдалануға келісемін, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған.

      Конкурсқа қатысушы_________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)

      Толтырылған күні __________

      қолы ______________

  Бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 18-04/245 бұйрығына
2-қосымша

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).

      4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама;

2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);

      4) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).

      Ескертпе* қайта өңдеу балық шикізатын өңдеуді (оның ішінде термикалық өңдеуді) білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.

      ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (электрондық көшірмесі);

      4) өтініш берушіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомствоның ғылыми ұйымының қорытындысымен расталған Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы.

      Ескертпе * артемия цисталарын терең өңдеу деп ылғалдылығы 8% - дан аспайтын, науплий мөлшері кемінде 160 000 дана/грамм, жарып шығуы кемінде 80% құрғақ артемия цисталарын өндіру жөніндегі процесті қамтиды.

      шарбақтық және (немесе) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) тауарлық балық өсіруді жоспарлау кезінде даму жоспарларында бекітілген көлемдерден жоғары, балық шаруашылығы су айдыны және (учаскесі) үшін конкурсқа қатысушы ұсынған түпкілікті бағаға әрбір 10 тонна үшін ұсынылған бағаны 1%-ға ұлғайту көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады