Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23050 болып тіркелді

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмыс істеу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-48 Бұйрыққа
қосымша

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмыс істеу үшін медициналық қарсы көрсеткіштердің тізбесі

Аурудың (күйдің) атауы

ХАЖ-10 коды

1

Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция ерте басталумен

F00.0

2

Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция кеш басталумен

F00.1

3

Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция, типсіз немесе аралас типті

F00.2

4

Қантамырлық деменция жедел басталумен

F01.0

5

Мультиинфаркттық деменция

F01.1

6

Субкортикалды қантамырлық деменция

F01.2

7

Аралас қыртысты және ми қабы асты қантамырлық деменция

F01.3

8

Басқа қантамырлық деменция

F01.8

9

Пик ауруы кезіндегі деменция

F02.0

10

Крейцфельдт-Якоб ауруы кезіндегі деменция

F02.1

11

Гентингтон ауруы кезіндегі деменция

F02.2

12

Паркинсон ауруы кезіндегі деменция

F02.3

13

Адамның иммундық тапшылығы вирусына (АИТВ) негізделген аурулардағы деменция

F02.4

14

Басқа бөлімдерде жіктелінетін басқа нақтыланған аурулардағы деменция

F02.8

15

Алкогольдың немесе басқа психикаға белсенді әсер ететін заттардың қатысынсыз шақырылған органикалық амнестикалық синдром

F04

16

Органикалық галлюциноз

F06.0

17

Органикалық кататониялық бұзылу

F06.1

18

Органикалық сандырақтық (шизофрения тәріздес) бұзылу

F06.2

19

Органикалық (аффективтік) бұзылулар

F06.3

20

Органикалық тұлғалық бұзылыс

F07.0

21

Постэнцефалиялық синдром

F07.1

22

Посткоммоциондық синдром

F07.2

23

Алкоголь қабылдау нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F10.2

24

Алкоголь қабылдау нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F10.5

25

Алкоголь қабылдау нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F10.6

26

Алкоголь қабылдау нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F10.7

27

Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F11.2

28

Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F11.5

29

Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F11.6

30

Апиындарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F11.7

31

Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F12.2

32

Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F12.5

33

Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F12.6

34

Каннабиноидтарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F12.7

35

Седативті немесе ұйықтататын дәрілік заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F13.2

36

Седативті немесе ұйықтататын дәрілік заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F13.5

37

Седативті немесе ұйықтататын дәрілік заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F13.6

38

Седативті немесе ұйықтататын дәрілік заттарды тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F13.7

39

Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F14.2

40

Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F14.5

41

Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F14.6

42

Кокаинді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F14.7

43

Басқа стимуляторларды, кофеинді қосқанда, тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F15.2

44

Басқа стимуляторларды, кофеинді қосқанда, тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F15.5

45

Басқа стимуляторларды, кофеинді қосқанда, тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F15.6

46

Басқа стимуляторларды, кофеинді қосқанда, тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F15.7

47

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F16.2

48

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F16.5

49

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F16.6

50

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F16.7

51

Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F18.2

52

Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F18.5

53

Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F18.6

54

Ұшқыш ерітінділерді тұтыну нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F18.7

55

Есірткілерді және басқа психикалық белсенді заттарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, тәуелділік синдромы

F19.2

56

Есірткілерді және басқа психикалық белсенді заттарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, психотиялық бұзылу

F19.5

57

Есірткілерді және басқа психикалық белсенді заттарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, амнестикалық синдром

F19.6

58

Есірткілерді және басқа психикалық белсенді заттарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, резидуалды психотиялық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебютпен психотиялық бұзылу

F19.7

59

Параноидтық шизофрения

F20.0

60

Гебефрендық шизофрения

F20.1

61

Кататониялық шизофрения

F20.2

62

Дифференциалды емес шизофрения

F20.3

63

Постшизофрениялық депрессия

F20.4

64

Резидуалды шизофрения

F20.5

65

Жай шизофрения

F20.6

66

Шизофренияның басқа түрлері

F20.8

67

Латенттік шизофрения

F21.1

68

Шизофрениялық реакция

F21.2

69

Псевдожүйкелік (невроз тәріздес) шизофрения

F21.3

70

Псевдопсихопатиялық (психопатоз тәріздес) шизофрения

F21.4

71

"Симптомдарға кедей" шизофрения

F21.5

72

Шизотиптік тұлғалық бұзылыс

F21.8

73

Сандырақтық бұзылыс

F22.0

74

Басқа созылмалы сандырақтық бұзылыстар

F22.8

75

Шизоаффективтік бұзылу, маниакалды тип

F25.0

76

Шизоаффективтік психоз

F25.1

77

Шизоаффективтік бұзылу, аралас тип

F25.2

78

Басқа шизоаффективтік бұзылулар

F25.3

79

Гипомания

F30.0

80

Мания психотиялық симптомдарсыз

F30.1

81

Мания психотиялық симптомдармен

F30.2

82

Басқа маниакалдық эпизодтар

F30.8

83

Биполярлық аффективтік бұзылу, ағымдық гипоманиакалды эпизод

F31.0

84

Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық симптомдары жоқ манияның ағымдық эпизоды

F31.1

85

Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық симптомдары бар манияның ағымдық эпизоды

F31.2

86

Биполярлық аффективтік бұзылу, бірқалыпты немесе жеңіл депрессияның ағымдық эпизоды

F31.3

87

Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық симптомдары жоқ ауыр депрессияның ағымдық эпизоды

F31.4

88

Биполярлық аффективтік бұзылу, психотиялық симптомдары бар ауыр депрессияның ағымдық эпизоды

F31.5

89

Биполярлық аффективтік бұзылу, аралас ағымдық эпизод

F31.6

90

Биполярлық аффективтік бұзылу, ремиссия күйі

F31.7

91

Басқа биполярлық аффективтік бұзылулар

F31.8

92

Бірқалыпты депрессивтік эпизод

F32.1

93

Ауыр депрессивтік эпизод психотиялық симптомдарсыз

F32.2

94

Ауыр депрессивтік эпизод психотиялық симптомдармен

F32.3

95

Басқа депрессивтік эпизодтар

F32.8

96

Рекурренттік депрессивтік бұзылу, жеңіл дәрежедегі ағымдық эпизод

F33.0

97

Рекурренттік депрессивтік бұзылу, бірқалыпты дәрежедегі ағымдық эпизод

F33.1

98

Рекурренттік депрессивтік бұзылу, психотиялық симптомдары жоқ ауыр дәрежедегі ағымдық эпизод

F33.2

99

Рекурренттік депрессивтік бұзылу, психотиялық симптомдары бар ауыр дәрежедегі ағымдық эпизод

F33.3

100

Рекурренттік депрессивтік бұзылу, ремиссия күйі

F33.4

101

Басқа рекурренттік депрессивтік бұзылулар

F33.8

102

Циклотимия

F34.0

103

Дистимия

F34.1

104

Параноидтық тұлғалық бұзылыс

F60.0

105

Шизоидтық тұлғалық бұзылыс

F60.1

106

Дисәлеуметтік тұлғалық бұзылыс

F60.2

107

Эмоциялық тұрақсыз тұлғалық бұзылыс

F60.3

108

Есіріктік тұлғалық бұзылыс

F60.4

109

Ананкастық (обсессивтік-компульсивтік) тұлғалық бұзылыс

F60.5

110

Мазасыз (жалтарушы) тұлғалық бұзылыс

F60.6

111

Тәуелді тұлғалық бұзылыс

F60.7

112

Басқа ерекше тұлғалық бұзылыстар

F60.8

113

Аралас тұлғалық бұзылыстар

F61.0

114

Мазасыздық туғызатын тұлғалық өзгерістер

F61.1

115

Апатты бастан кешіргеннен кейінгі созылмалы тұлғалық өзгеріс

F62.0

116

Психикалық аурудан кейінгі созылмалы тұлғалық өзгеріс

F62.1

117

Педофилия

F65.4

118

Жеңіл ақыл-ой кемтарлығы

F70

119

Бірқалыпты ақыл-ой кемтарлығы

F71

120

Ауыр ақыл-ой кемтарлығы

F72

121

Терең ақыл-ой кемтарлығы

F73

122

Басқа ақыл-ой кемтарлығы

F78

      Аббревиатуралардың жазылуы:

      АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы

      ХАЖ – халықаралық аурулар жіктемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады