"Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 11 маусымдағы № 493 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 маусымда № 23085 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17360 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидасын бекіту туралы.".

      Аталған бұйрықпен бектілген Құқықтық кадастрға қол жеткізу туралы Қағидаға:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЖМТ МДҚ ақпараттық ресурстарына жаңа есептік жазбаны құру кезінде пайдаланушының Басшысы осы Қағиданың қосымшасына сәйкес өтінімді (бұдан әрі – өтінім) электрондық түрде ресімдейді, ол жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың сканерленген көшірмесін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы оператордың мекенжайына орындалуға жіберіледі. Содан кейін ЖМТ МДҚ әкімшісі алғашқы парольмен пайдаланушының есептік жазбасын құрады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемкорпорацияның қызметкері жұмыстан шыққан немесе басқа лауазымға ауысқан, не Мемкорпорацияның басқа құрылымдық бөлімшесіне ауысқан кезінде, ЖМТ МДҚ пайдаланушының басшысы өтінімді электрондық түрде ресімдейді және ресми хатпен бұйрықтың сканерленген көшірмесі қоса беріле отырып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы оператордың мекенжайына орындалуға жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет Министрінің міндетің атқарушы А. Әмірғалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады