"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № ҚР ДСМ -51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 маусымда № 23155 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) ""Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары" бекітілсін;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 17 маусымдағы
№ ҚР ДСМ -51 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
1-қосымша

"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ""Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы ""Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа адамға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      9. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) пошталық мекенжайы және байланыс телефоны.

      11. Шағымның қабылданғанын растау күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      13. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинеттен" өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.

      14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Фтизиатрия"
Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
қосымша

""Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

2.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Жеке тұлғалар

3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы стандартқа қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны жағдайы туралы қарау режиміндегі мәлімет

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Жұмыс кестесі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

9.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Электрондық сұрау салу

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

11.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

  "Фтизиатрия"
Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  нысаны

Сведения/Мәлімет (туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұратыны немесе тұрмайтыны)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы _________________________________________________

      Адрес (место жительства)

      Диспансерлік есепте тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________

      На диспансерном учете

      Деректер _________________________ақпараттық жұйесімен берілген

      Данные предоставлены информационной системой ______________

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
2-қосымша

"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      9. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) пошталық мекенжайы және байланыс телефоны.

      11. Шағымның қабылданғанын растау күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      13. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинеттен" өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.

      14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Психиатрия" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша

"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

2.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Жеке тұлғалар

3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) қарау режиміндегі мәлімет

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Жұмыс кестесі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

9.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Электрондық сұрау салу

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

11.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

  "Психиатрия" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  нысаны

Сведения/Мәлімет (психикалық мінез-құлық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы _________________________________________________

      Адрес (место жительства)

      Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________

      На динамическом наблюдении

      Деректер _________________________ақпараттық жұйесімен берілген

      Данные предоставлены информационной системой _______________

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
3-қосымша

"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ""Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ""Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      9. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) пошталық мекенжайы және байланыс телефоны.

      11. Шағымның қабылданғанын растау күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      13. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинеттен" өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.

      14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Наркология" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша

"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

2.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Жеке тұлғалар

3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы) қарау режиміндегі мәлімет

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Жұмыс кестесі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

9.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Электрондық сұрау салу

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

11.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Қолданылу мерзімі – күнтізбелік 10 күн.

  "Наркология" Психикалық
денсаулық орталығынан
мәліметтер ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  нысаны

Сведения/Мәлімет (наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы)

      Берілген күні ________________________________________________

      Дата выдачи

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии)

      Туған күні __________________________________________________

      Дата рождения

      Мекенжайы _________________________________________________

      Адрес (место жительства)

      Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________

      На динамическом наблюдении

      Деректер _________________________ақпараттық жұйесімен берілген

      Данные предоставлены информационной системой _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады