"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 17 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 26/670 бірлескен бұйрығы мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 31780 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық және қаулының 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен және қаулымен бекітілген бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі осы бірлескен бұйрыққа мен қаулы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулының 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
__________Н. Абдиров
      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасы
__________Д. Жазыкбаев

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
2023 жылғы 25 қаңтардағы
№ 26/670 мен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 17
Бірлескен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының
2021 жылғы 21 маусымдағы
№ 102 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 22 маусымдағы
№ 4/407 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі

      Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысандағы аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 1), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен немесе нотариалды куәландырылған көшірмелермен салыстырады.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның есептері бойынша мәліметтердің болуы/болмауы туралы деректерді алу үшін жеке тұлғаға берген жауабын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кандидаттың бiлiктiлiк талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындыны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жолдайды.

      _______________

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет
саласындағы заңнамасының
талаптарына сәйкестікті тексеру
үшін аудандар, облыстық маңызы
бар қалалар, аудандық маңызы
бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтердің әкімдеріне
кандидаттардың тиісті аумақтық
сайлау комиссиясына ұсынатын
құжаттарының тізбесіне
қосымша

      Нысан

АУДАНДАР, ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР, АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА В АКИМЫ РАЙОНА, ГОРОДОВ ОБЛАСТНОГО ЗНАЧЕНИЯ, ГОРОДА РАЙОННОГО ЗНАЧЕНИЯ, СЕЛА, ПОСЕЛКА, СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

1.

Т.А.Ә. 1 _______________________________________________________ (осы жолда Т.А.Ә. қазақ тілінде толтырылады)
Ф.И.О. 1 _______________________________________________________ (осы жолда Т.А.Ә. жеке басын куәландыратын құжатпен бірдей толтырылады)

2.

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория
(в данной строке указываются: должность, полное наименование организации, структурного подразделения и категория занимаемой должности (при наличии)

3.

ЖСН / ИИН 1 _______________________________________________________ (осы жолда жеке сәйкестендіру номері көрсетіледі)

4.

Туған кезі / Дата рождения

(осы жолда туған кезу КК/АА/ЖЖЖЖ форматында көрсетіледі)

5.

Туған жері / Место рождения

(осы жолда туған жері, елді мекен, аудан, облыс көрсетіледі)

6.

Ұлты / Национальность

(осы жолда жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген ұлты жазылады)

7.

Білімі / Образование

(осы жолда тек келесі білім деңгейлері көрсетіледі – техникалыө және кәсіптік, жоғары, жоғарыдан кейінгі)

8.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

(осы жолда оқу орнын бітірген жылы және оның аяқталуының хронологиялық тәртіппен білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес оқу орнының толық атауы көрсетіледі)

9.

Мамандығы бойынша біліктілігі / Квалификация по специальности

(осы жолда білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес мамандығы бойынша біліктілігінің атауы көрсетіледі)

10.

Мамандығы / Специальность

(осы жолда білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес мамандықтың атауы және коды (бар болған жағдайда) көрсетіледі)

11.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание

(осы жолда білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген қорытындыда көрсетілген ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетіледі)

12.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет /
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу

(осы жолда Қызметтік тізімді толтыру күнінен соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін қолданылған тәртiптiк жаза түрі туралы мәлiмет және қолданылған күні, оның ішінде мерзімінен бұрын және (немесе) алты мерзімі өтуіне байланысты алынған тәртіптік жазалар көрсетіледі)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации


қабылданған / приема

босатылған / увольнения






      Ұсынылған ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін. /

      Отвечаю за достоверность предоставленной информации и несу ответственность за подлинность представленных документов.

_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

_______________ күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазымы жеке бағанда толтырылады / Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады