"Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 шiлдеде № 23244 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Босқын мәртебесін алу үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасына келісімен күнтізбелік бес күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген сәттен бастап өзі немесе осыған уәкілетті өкіл уәкілетті органның аумақтық бөлінісі - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар, өтінішхаттың негізділігін растайтын (болған жағдайда) құжаттар мен материалдар қоса беріледі.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, Пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. КҚҚБ бастығы бөліністің жауапты орындаушысын айқындайды.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхатты қабылдағаннан кейін жауапты орындаушы жүргізіледі және:

      өтініш иесі жүгінген күні "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесінің "Босқындарды есепке алу" модулінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;

      өтінішхатты қабылдағаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі - есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;

      сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;

      ІІО және ҚҚАО ААЖ есептері бойынша адамды тексеруді жүзеге асырғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш иесіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық куәландырудан өтуге жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, жеке әңгімелесу жүргізіледі;

      адаммен сұхбат жүргізу аяқталғаннан кейін біркүндік мерзімде ұлттық қауіпсіздік органына есепке алу карточкасының көшірмесі қоса беріле отырып, сұрау салу жолданады, ұлттық қауіпсіздік органдары жауапты күнтізбелік отыз күн ішінде жолдайды;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының жауабын алғаннан кейін жауапты орындаушы күнтізбелік он күн ішінде іс материалдарын, фактілерді, алынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына сұрау салу жолдайды;

      күнтізбелік он күн ішінде өтінішхатты зерделеуді және ақпаратты жинауды аяқтағаннан кейін жауапты орындаушы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, тоқтату және айыру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қарау үшін материалдар дайындайды.

      Өтінішхатты қарау мерзімін ұзарту үшін негіз болған жағдайда КҚҚБ бастығы Комиссияның ұсынымы бойынша тиісті шешім қабылдайды, ол туралы пана іздеген адамға екі жұмыс күні ішінде пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хатпен хабарланады.

      Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша КҚҚБ бастығы күнтізбелік бір күн ішінде өтінішхат бойынша шешім қабылдайды.

      Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша оң шешім қабылданған жағдайда адам күнтізбелік бес күн ішінде дактилоскопиялануы тиіс.

      Қабылданған шешім туралы адамға бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін беру немесе дәлелді бас тарту арқылы хабарланады.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Адамға босқын мәртебесін беруден бас тартуға мынадай мән-жайлар негіз болып табылады:

      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіптердің болмауы;

      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;

      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығының болуы;

      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;

      5) егер осы адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп болжауға салмақты негіздер болса;

      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп болжауға салмақты негіздер болса;

      7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп болжауға салмақты негіздер болса;

      8) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деп болжауға салмақты негіздер болса;

      9) егер осы адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса;

      10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, босқын мәртебесін беруден бас тартылады.";

      48-тармақ алып тасталсын;

      49-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ алып тасталсын;

      51-тармақ алып тасталсын;

      52-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады