Экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 шілдеде № 23246 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 398-бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
вице-министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар вице-министрі
2021 жылғы 24 маусымдағы
№ 210 Бұйрықпен бекітілген

Экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 398-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында қорғаудың басымдығын айқындай отырып (сезімталдық индексін бере отырып), экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу, қорғауды талап ететін объектілер мен ресурстарды айқындау бойынша шешімдер қабылдау тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Қағидалар мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілерге, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі ресурстары бар ұйымдарға, Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуі салдарын жоюға қатысатын уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарға қолданылады.

      3. Сезімталдық карталары мұнайдың авариялық төгілуін жою жоспарларын жасау кезінде ден қою стратегиясын әзірлеуге жәрдемдеседі неғұрлым сезімтал учаскелерді немесе ресурстарды анықтауға мүмкіндік береді, қорғау және тазарту кезінде басымдықтарды айқындауға жәрдемдеседі.

      4. Аталған карталар мұнайдың төгілуіне дайындықты қамтамасыз ету үшін және ден қою жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылады.

      5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған экологиялық сезімталдық картасы – бұл стратегиялық шешімдерді тез қабылдауға, төгілудің ықтимал салдарын бағалауға, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жоюдың ықтимал әдістері мен ресурстарын, осы ресурстардың орналасу орындарын айқындауға мүмкіндік беретін құрал.

      2) Стратегиялық карта – жалпы стратегия мен басымдықтарды анықтайтын сезімтал карталар түрі стратегиялық ақпаратты қамтиды.

      3) Тактикалық карта – оқиғаны басқару тактикасын анықтайтын сезімтал карталар түрі және сезімтал, операциялық және логистикалық ресурстарды көрсететін егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.

      4) Жедел карта – нақты жергілікті жерге қатысты ақпаратты, сондай-ақ жергілікті жердің операциялық және логистикалық ресурстарын және жергілікті жердегі мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шараларды қамтитын сезімтал карталар түрі.

      5) Сезімталдық индексі – 1-ден (төмен сезімталдық) 10-ға дейін (өте жоғары сезімталдық) жағалаулардың әртүрлі түрлерінің (сондай-ақ өзен немесе көл экожүйелерінің) сезімталдығын анықтау және саралау:

      мұнайдың жағаға ену және/немесе оның жағадағы топыраққа тереңдеу қабілетін, сондай-ақ оның жылжуын айқындайтын жағалау сызығының түрі (топырақтың түйіршіктілігі, еңісі) ;

      жағалау сызығында мұнайдың табиғи шөгу уақытын айқындайтын толқындардың (және толқындар мен толқындар энергиясының) әсерінен қорғалуы;

      жалпы биологиялық өнімділік және сезімталдық.

      6) Қорғаудың басым учаскелерін таңдау – экожүйелердің, мекендеу орындарының, биологиялық түрлер мен негізгі табиғи ресурстардың, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық объектілердің сезімталдығын айқындау және саралау.

      7) Батиметрия – су бассейндерінің су асты бөлігінің рельефін зерттеу.

2-тарау. Экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау тәртібі

      6. Картаны қалыптастыру және әзірлеу, сондай-ақ мұнайдың төгілуіне сезімтал аудандарды индекстеу осы Қағидалар бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Тактикалық және стратегиялық картаны жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сезімталдық картасын жасау жөніндегі ұйымды айқындайды.

      9. Сезімталдық картасын қолдау және жаңарту "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады (бұдан әрі – Ақпараттық-талдау орталығы).

      10. Картаны әзірлеу және қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мұнай компанияларынан (мұнайдың төгілу қаупі бар объектілер) ресурстар, ауа райы жағдайлары туралы қолда бар деректерді, ресурстар карталары бар бағдарламаларды, мынадай мемлекеттік кадастрлар: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан, жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан – жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан, су кадастры және су ресурстары жөніндегі – жер қойнауын зерттеу бойынша су қорын пайдалану және қорғау. Картаны әзірлеу үшін қажетті ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      11. Барлық ақпарат Ақпараттық-талдау орталығында жинақталады.

      12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құрамында қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесі, орман қоры, су, Қазгидромет, азаматтық қорғау саласында, жергілікті атқарушы органдар саласында мүдделі мемлекеттік органдардың, мұнай компанияларының, ғылыми-зерттеу институттары мен тәуелсіз консультанттардың сараптамалық тобын құрады.

      Сараптамалық топқа мынадай өкілеттіктер жүктеледі:

      1) ресурстар, объектілер және жағалауы бойынша қолда бар ақпаратты бағалау;

      2) зерделеу және қосымша ақпарат жинау қажеттілігі бар жағалау және ресурстар аймақтарын немесе аудандарын айқындайды;

      3) географиялық шекараларды анықтайды: Ресей Федерациясымен шекара – Түпқараған шығанағы, жағалау + 5 километр құрлықта + 5 километр теңіз арқылы + су басу қаупі бар аймақтар, тасталған ұңғымалар, таяз су және теңіздегі аумақ (ең аз ақпарат);

      4) далалық жұмыстарды және карталау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін, персонал мен ресурстарды (мұнай компанияларымен бірлесіп, егер олардың келісімшарттық аумағы далалық жұмыстарды жүргізу аумағына келетін болса) айқындайды;

      5) әзірлеу және қалыптастыру үшін карта типтерін анықтайды;

      6) қаржыландыру ресурстарды зерттеу және карта қалыптастыру аймағына кіретін келісімшарттық аумағы бар мұнай компанияларымен бірлескен жоба ретінде жүзеге асырылады;

      7) басым қорғау учаскелерін таңдау, сондай-ақ стратегиялық картаға түсіру үшін жағалауға сезімталдық индексін беру стратегиялық картаға түсіру үшін қорғаныстың басым учаскелерін айқындайды.

      13. Карталардың типтері төгілу ауқымы және пайдаланушыға байланысты ерекшеленеді: жедел, тактикалық және стратегиялық. Қажетті карта түріне арналған бөлімдерде көрсетілетін ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      14. Карталарды әзірлеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бастапқы деректерді жинау;

      2) тактикалық карталарды дайындау;

      3) тактикалық карталарда көрсетілгендерден басым қорғаныс учаскелерін таңдау, сондай-ақ жағалауға сезімталдық индексін тағайындау;

      4) жағалауды қорғаудың басым учаскелерін және сезімталдық индексін көрсете отырып стратегиялық карталарды дайындау;

      5) мұнайдың төгілу қаупін төндіретін объектілердің меншік иелері әзірлейтін, нақты сезімтал экологиялық және әлеуметтік-экономикалық объектілерді ескеретін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою әзірлігін және жөніндегі іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі объектілік жоспарларды әзірлеу;

      6) жедел карталарды дайындау.

      15. Уәкілетті орган кемелерден басқа, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілермен бірлесіп тактикалық карталарды әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.

      1) келісімшарттық аумағы немесе құрылыстары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан теңізде емес мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілер Каспий теңізінің жағалау аймағында тактикалық картаны қалыптастыру үшін қажетті қолда бар ақпарат пен деректерді уәкілетті органға береді. Егер сараптама комиссиясы алынған және қолда бар деректерді негізге ала отырып, жаңаларын жинау немесе ескілерін жаңарту талап етіледі деп есептесе, онда мұндай объектілер уәкілетті органның және сараптама тобы айқындайтын өзге де ұйымдардың қатысуымен жаңа деректерді жинау немесе ескі деректер мен ақпаратты жаңарту бойынша далалық жұмыстар жүргізеді;

      2) Каспий теңізінің келісімшарттық аумақтар берілмеген қазақстандық бөлігінде жаңа деректер мен ақпаратты жинау немесе ескі деректер мен ақпаратты жаңарту жөніндегі далалық жұмыстарды уәкілетті орган сараптама тобы айқындайтын мүдделі уәкілетті органдар мен ұйымдардың қатысуымен жүргізеді. Далалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігін қолда бар деректерді зерделегеннен кейін сараптама комиссиясы айқындайды.

      16. Тактикалық картаны жасап, ең сезімтал экологиялық және әлеуметтік-экономикалық объектілер мен жағалау типтерін анықтағаннан кейін анықталған учаскелердің басымдылығы анықталып және жағалауға сезімталдық индексі беріледі. Бұл ақпарат стратегиялық картаға енгізіледі және мұнайдың төгілуін жоюдың нақты стратегиясын білдіреді.

      Қорғаудың басым учаскелерін таңдауды және жағалауға сезімталдық индексін беруді сарапшылар тобы жүзеге асырады. Стратегиялық карта бекітілгеннен кейін оны жалпы экологиялық пайданы талдау кезінде шешім қабылдауда жедел жоспарлау және қолдау үшін негіз ретінде пайдалануға болады.

      Жедел жоспарларды кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелін көтеретін объектілер және мұнайдың авариялық төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар әзірлейді.

      17. Тактикалық карталарды жаңарту 5 жыл мерзімділігімен жүзеге асырылады. Мұнай компаниялары тактикалық картаны жаңарту үшін өзінің келісімшарттық аумағы шегінде материалдық-техникалық және жедел ресурстар туралы деректерді Ақпараттық-талдау орталығына ұсынады.

      18. Стратегиялық карталарды жаңарту 5 жыл мерзімділігімен жүргізіледі.

      19. Экологиялық сезімталдық картасын жаңартуды Ақпараттық-талдау орталығы мұнай компанияларынан келіп түскен ақпарат негізінде жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының
теңізінде, ішкі су айдындарында
және сақтық аймағында
мұнайдың төгілуін жою үшін
экологиялық сезімталдық
картасын әзірлеу және
сезімталдық индексін айқындау
бойынша шешім қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

Картаны әзірлеу үшін қажетті ақпарат

      1. Жалпы мәліметтер

      1) Жағалау (жағалау сипаты);

      2) Топография (жағалаудан құрлық бойынша 30 километрге дейін);

      3) Батиметрия (барлық қарастырылатын учаске);

      4) Өзендер, дельта жүйесі және суағарлар;

      5) Жағалау аумағын және құрлықты аймақтарға бөлу туралы негізгі мәліметтер:

      - өсімдіктер, жер алқаптары, антропогендік пайдалану;

      - жағадан > 30 километр құрлықта.

      6) Жағалау маңындағы аумақ пен құрлықты бөлу туралы негізгі мәліметтер (жеңілдетілген ақпарат);

      7) Жағалау аумағы мен құрлықтың су тасқынына ұшырауы (құлама-қума құбылыстардың әсерінен);

      8) Елді мекендер: шекаралары және халық тығыздығы (жағалаудан құрлық бойынша 30 километрге дейін);

      9) Жағалауда орналасқан негізгі елді мекендер;

      10) Автомобиль жолдары мен жол талғамайтын көліктерге немесе квадроцикл түріндегі көліктерге арналған трассалар желісі, жол құрылыстары;

      11) Теміржол желісі мен станциялары;

      12) Әуежайлар, ұшу-қону жолақтары, тікұшақ порттары және алаңдар;

      13) Ауруханалар, клиникалар және медициналық орталықтар;

      14) Әкімшілік-аумақтық шекаралар:

      – мемлекеттік шекара (құрлықта және теңіз бойынша);

      – әкімшілік-аумақтық шекаралары: облыс, қала, аудан, ауыл;

      15) Метео-океанографиялық маусымдық жағдайлар (қыс-көктем-жаз-күз):

      – жел бойынша орташа деректер;

      – тұздылығы бойынша орташа деректер;

      – теңіз ағымдары бойынша орташа деректер;

      – мұз жамылғысы және ұзындығы (орташа, ең аз және ең жоғары мәндер).

      2. Жағалаудың геоморфологиялық ерекшеліктері мен сезімтал нысандары

      16) Жағалау:

      - жағалаудың маңы мен жағалау типі (жартастар, жартасты жағалаулар, жағажайлар, құмды таяз немесе барлар, сазды жазықтар, батпақтар, жасанды: пирстер, тас эскиздер және тағы басқа);

      - жағалау сызығының ені;

      - шөгінді жыныстар және гранулометрия;

      - толқындардың әсеріне ұшырау (ашық, жартылай ашық, қорғалған);

      - құлама-қума құбылыстарға әсер ету;

      - геоморфологиялық/ экологиялық сипаттамалары және әкімшілік-аумақтық шекаралары бойынша жағалауды сегменттеу;

      17) Өзен жағалауларының, өзен дельтасының және құрлықтың сипаттамасы:

      - мұнай төгілуіне ұшырайтын өзен дельтасының жағасы (құрлықта 5-10 километр): топырақ пен шөгінділердің түрі, өсімдіктер (егер бар болса);

      - мұнай төгілуіне бейім жағалау өзендері (құрлықта 5-10 километр): жағалау және шөгінділердің және өсімдіктердің морфологиясы (егер бар болса);

      - құбыр бойындағы құрлық, өзен және/ немесе сулы-батпақты жерлердің болуы;

      - геоморфологиялық/ экологиялық сипаттамалары және әкімшілік-аумақтық шекаралары бойынша өзен жағалаулары мен өзен дельталарын сегментациялау;

      3. Құнды экологиялық жүйелер мен нысандар, сезімтал биологиялық / экологиялық ресурстар

      18) Балық:

      – негізгі түрлерінің уылдырық шашатын жерлері, кәсіпшілік түрлерін қоса алғанда (теңіз, өзен, дельта…);

      – питомниктер/ шабақтар/ негізгі балықтардың жас түрлері шоғырланған аудандардың, кәсіпшілік түрін қоса алғанда балықтардың негізгі түрлерін тамақтандыруға арналған аудандар;

      – балықтардың негізгі түрлерінің, соның ішінде кәсіпшілік балықтардың шоғырлану аудандары (мысалы, бекіре, тюлька және тағы басқа);

      – балықтардың жемдік организмдерінің концентрациясы бойынша құнды аудандар (фитопланктон, зоопланктон, зообентос және басқалары);

      – негізгі балық түрлерінің өмірлік циклі туралы ақпарат (егер бар болса);

      19) Ластану қаупі бар аймақтағы құс, теңіз, жағалау, батпақты құстар, қоныс аударатын түрлер және тағы басқа:

      – құстар өте көп шоғырланған аудандар (мысалы, келу-қайту кезеңінде);

      – сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген/ қорғалатын түрлердің шоғырлану/ ұя салу/ көбею/ балқу аудандары (пеликандар, фламинголар, гибискустар, құтандар және т.б.);

      – құстардың негізгі түрлерінің өмірлік циклі туралы (егер бар болса);

      20) Теңіз сүтқоректілері: Каспий итбалығы:

      – жоғары шоғырлану орны (жағалау, құмды жағалау, аралдар және тағы басқа);

      – көбею орны, жатақтар;

      – итбалықтардың өмірлік циклі туралы ақпарат (егер бар болса);

      21) Омыртқасыздар:

      – ұлулар мен шаян тәрізділердің коммерциялық түрлері;

      – жойылуға жақын түрлері;

      – балықтардың жемдік ағзалары (фитопланктон, зоопланктон, зообентос);

      22) Жоғары бағалы эндемиктер/ сирек кездесетіндер/ қорғаудағы, құрып кету қаупі төнген фауна мен флора:

      - Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) қызыл тізімі;

      - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер;

      23) Ерекше қорғалатын аумақтар мен аймақтардың шекаралары;

      24) Қорғалатын аумақтар:

      a) Ұлттық парктер мен қорықтар:

      – Жайық өзенінің дельтасындағы және Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттік табиғи резерват "Ақ-Жайық".

      b) Өзге де күзетілетін/ жабық аумақтар (категория I-V ХТҚО):

      – қатаң қорғалатын аумақтар (категория I-II, 1672 мың гектар);

      – басқа (категория III-V, 6070 мың гектар);

      c) Құстардың маңызды мекендейтін жерлері (ҚММЖ);

      25) Маусымдық өзгерістер (көктем, жаз, күз, қыс):

      a) Құстардың келу-қайтуы:

      - Сібір-Қара теңіз-Жерорта теңізінің көші-қон жолы,

      - Келу-қайту тоқтайтын аймақтар: Орал өзені, Еділ өзені, басқалары;

      b) Каспий итбалықтарының қоныс аудару жолдары;

      c) көбею кезеңінде балықтардың уылдырық шашуы.

      4. Сезімтал әлеуметтік-экономикалық ресурстар

      26) Балық аулайтын жерлер:

      – дәстүрлі/ қолдан балық аулау;

      – коммерциялық/ өнеркәсіптік балық аулау;

      – балық аулау кәсіпшілігінің негізгі кезеңдері және аулау/ тоннаж/ жұмыспен қамту/ табысы туралы ақпарат (бар болса);

      27) Жағалау/ теңіз өнімдерінің пісіп жетілуі және жиналуы (егер қолданылса);

      28) Аквамәдениет (егер қолданылса);

      29) Жағалауға жақын және су басу қаупі бар жерлердегі ауыл шаруашылығы жерлері;

      30) Порттар:

      - коммерциялық;

      - балық аулайтын;

      - өнеркәсіптік/ мұнай терминалдары;

      - айлақтар және серуендеу кемелері;

      - теңіз қозғалысы туралы ақпарат;

      31) Теңіз суын пайдалануға байланысты қондырғылар/ қызмет түрлері (егер қолданылса):

      – тұзсыздандыру зауыттары;

      – булану арқылы тұз өндіру;

      – өнеркәсіптік су қабылдайтын қондырғылар;

      – өндіріс көлемі туралы және қызмет туралы ақпарат (егер бар болса);

      32) Жағалауда орналасқан өнеркәсіп:

      – теңіз көлігімен байланысты немесе мұнайдың төгілу қаупі бар қызмет түрі;

      – жағада орналасқан қалдықтарды сақтау орындары (мұнай және басқа ластағыштар);

      – Каспий теңізіне жақын орналасқан ағынды суларды буландыруға арналған су қоймалары және сүзу алаңдары (су басу қаупі бар және/ немесе жалпы/ мұнайы бар қалдықтарды сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін);

      33) Туризм және демалыс (егер және қашан қолдануға болады):

      – қонақ үйлер мен мейрамханалары бар курорттық аймақтар;

      – рекреациялық жағажайлар;

      – рекреациялық балық аулау;

      – қызмет көлемі, табысы туралы ақпарат (егер бар болса)

      34) Мұнай және газ өнеркәсібінің инфрақұрылымы: барлау, өндіру және тасымалдау:

      – мұнай кен орындары (жағалау және теңіз);

      – оффшорлық өндірістік қуаттары;

      – жағалаудың маңындағы/ жағалаулық өндіру/ қосалқы құрылыстар;

      – құбыр желілері;

      – тасталған / су басқан мұнай ұңғымалары;

      – мұнайдың табиғи ағып кетуі (егер қолданылса);

      35) Электр энергетикасы объектілері (егер қолданылса):

      - атом станциялары;

      - гидро-, толқындық электр станциялары;

      36) Мәдени және тарихи мұра объектілері (егер қолданылса).

      5. Логистикалық және операциялық ресурстар

      37) Қолбасшылық пункттерінің қазіргі және ықтимал орналасу орындары (теңізде, қондырғыда және жағалауда);

      38) Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жабдықтарды сақтаудың қолданыстағы қоймалары (теңізде, қондырғыда және жағалауда);

      39) Жабдықты өрістету алаңдарының ықтимал орналасуы;

      40) Жағалау мен теңізге қол жеткізу (жолдар, трассалар, жаяу жүрпгіншілер жолдары, ауа жастықшылары және тағы басқа);

      41) Диспергенттерді пайдалану үшін ықтимал (алдын ала мақұлданған) аймақтар және олардың географилық шекаралары;

      42) Тазарту жұмыстарына арналған нақты экологиялық ұсыныстары бар аудандар (әсіресе сезімтал аймақтар үшін маңызды);

      43) Зардап шеккен жануарларды оңалту орындары мен орталықтары;

      44) Жалпы және мұнай қалдықтарын аралық сақтауға арналған алаңдар.

      _______________________

      1 Ақпарат Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) форматында талап етіледі, сондай-ақ интегралдық әсерді есептеу үшін сандық көрсеткіштер қажет (мысалы, болуы/болмауы, таралуы, популяциясы, тығыздығы және тағы басқа).

  Қазақстан Республикасының
теңізінде, ішкі су айдындарында
және сақтық аймағында
мұнайдың төгілуін жою үшін
экологиялық сезімталдық
картасын әзірлеу және
сезімталдық индексін айқындау
бойынша шешім қабылдау
қағидаларына
2-қосымша

Қажетті карта түріне арналған бөлімдерде көрсетілетін ақпарат

Қажетті карта типі

Стратегиялық карталар

Тактикалық карталар

Жедел (ерекше сезімтал учаскелер үшін жергілікті)

Мазмұны

Жалпы стратегия мен басымдықтарды анықтайды. Стратегиялық ақпаратты қамтиды.

Оқиғаны басқару тактикасы анықталады. Онда сезімтал, операциялық және логистикалық ресурстар көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат бар.

Жергілікті жерде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шаралар. Белгілі бір елді мекенге қатысты ақпаратты, сондай-ақ жергілікті жердің операциялық және логистикалық ресурстарын қамтиды.

Жағалау типі және жалпы сезімталдық

Жеңілдетілген

ИӘ

ИӘ

Сезімтал биоресурстар

Жеңілдетілген

ИӘ

Учаскеге тәуелді

Сезімтал қызмет түрлері және ресурстары

Жеңілдетілген

ИӘ

Учаскеге тәуелді

Логистика және операциялық ақпарат

Негізгі сипаттамалары және жеңілдетілген

ИӘ

ИӘ
егжей-тегжейлі

Басқа

Аса сезімтал учаскелерді оқшаулау

Тәуекелдер бойынша ақпарат

Учаскедегі операциялар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (н.п., зәкірлермен бекіту, бондар …)

Масштаб

Ұсақ
(ел, облыс)
1:1000000-нен
1:200000 дейін

Орташа
(облысы, қаласы)
1:100000-нен
1:50000-не

Ірі (тек ерекше сезімтал аймақтар үшін)
1:10000-нен
1:25000-не

Жедел жұмыс форматы

Талқылауға арналған үлкен формат

Қапшықта (A2, A3, A4)

A4 – ламинатталған карталар

Қолданушы

Уәкілетті мемлекеттік органдар атынан стратегиялық шешім қабылдайтын адамдар

Мұнайдың төгілу қаупі бар объектілер, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар

Мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілер, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады