"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 шiлдеде № 23259 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Құжаттар Портал арқылы келіп түскен күні мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшенің (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжаттарды Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Егер хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне немесе осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруден бас тарту үшін негіздердің болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды дайындайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытынды Көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі ші комиссиясының (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, сондай-ақ техникалық жазба құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы отырысының хаттамасында Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының техникалық құралдарды қолданғаны туралы белгі қойылады.

      Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар отырыс аяқталған сәттен бастап бір жыл бойына Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысында сақталады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Әзірлік паспорты берілсін;

      2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) Әзірлік паспортын беруден бас тартылсын.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 220 Бұйрыққа
қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
8-1-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Берілді _________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Осы арқылы

      ММ ____________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Сіздің [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды

      ________________________________________________________________________________

      (құрылымдық элементті көрсету)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу Қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:

      Портал:

      1.___________________________________________

      2.___________________________________________

      3.___________________________________________

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.

      ________________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20__ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады