Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) өндірістік бақылау – қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаны қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйі;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар.
3. Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылауды ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
2-тарау. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғаларына мынадай өкілеттіктер жүктеледі:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеу;
2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыру;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрғысынан тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беру, олардың күші бірінші басшының жазбаша өкімімен ғана жойылуы мүмкін;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
7) ұйым басшысына ұсыныстар енгізу:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зақымдаушы әсеріне әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру туралы;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы;
8) ұйымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алу болып табылады;
9) қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен оқыс оқиғалардың туындау себептеріне талдау жүргізу және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы сақтау;
10) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыскерлерді даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
11) қауіпті өндірістік объектілер жұмыскерлерінің назарына Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жеткізу;
12) қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан болған аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3-тарау. Өндірістік бақылау туралы ереже
5. Ұйым ұйымның ерекшелігі мен саласын, пайдаланылатын қауіпті өндірістік объектілердің ерекшеліктерін және оларды пайдалану шарттарын ескере отырып, өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді.
6. Өндірістік бақылау туралы ереже мыналарды қамтиды:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері;
2) қауіпті өндірістік объектілер мен олардың өндірістік бөлімшелерінің саны;
3) мынадай мәліметтерді қамтитын қауіпті өндірістік объектілердің қысқаша сипаттамасы:
өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі және техникалық тексерілу туралы;
қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру туралы;
қауіпті өндірістік объектіде болған авариялар, инциденттер және жазатайым оқиғалар туралы;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектіде жұмыс істейтін басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5) бақылау іс-шараларын жүргізудің кезеңділігі, іс-шараларды жоспарлау, іс-шараларды орындау жөніндегі есептілік, тиімділікті бағалау критерийлері және оларды арттыру жөніндегі шаралар, өндірістік бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдерді орындау тәртібі;
6) өндірістік бақылау қызметінің құрылымы.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі тексерулерді жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелері туралы есептерді дайындау және тіркеу тәртібі
7. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаның нысаны бойынша өндірістік бақылауға жауапты әзірлеген қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізудің бекітілген графигі негізінде жүзеге асырылады.
8. Егер авария, қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан болған жазатайым оқиға болған жағдайларда, ұйым басшысының өкімі бойынша кезектен тыс тексерулер ұйымдастырылады.
9. Тексеруді жүзеге асыру алдында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру объектісі, қауіпсіз пайдалану шарттары және өткен тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат жинауды жүргізеді.
Адамдардың өміріне қауіпті немесе аварияға әкеп соғуы мүмкін жағдайлар анықталған жағдайда өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға басшыға жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Жылына бір рет ұйымға кешенді тексеру жүргізіледі.
Әрбір кешенді тексеруге бағдарлама (тексеруге жататын мәселелер тізбесі) әзірленеді және бекітіледі.
Әрбір бөлімшені кешенді тексеру нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады.
Бұйрық бөлімшедегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалауды, анықталған бұзушылықтарды жоюға жауапты анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін, сондай-ақ қажет болған кезде анықталған бұзушылықтарға кінәлі жауапты адамдар мен персоналға қолданылған жазаны қамтуға тиіс.
12. Тексерулердің барлық нәтижелері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өндірістік бақылау журналына енгізіледі.
13. Ай сайын өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғасы ескертулердің жойылуына бақылау жүргізеді, оның нәтижелерін ұйым басшысына ұсынады.
14. Жойылған бұзушылықтар келесі тексерулер кезінде қайта бақылауға жатады.
5-тарау. Өндірістік бақылау жүргізу нәтижелерін ресімдеу
15. Өндірістік бақылауды жүргізу қорытындылары бойынша өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғасы тексерілген бөлімшенің басшысына – акт, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда – нұсқама береді.
16. Нұсқамада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бөлімше басшысымен келісілген жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.
17. Іс-шараларды орындаушылар тек тексерілетін бөлімшенің қызметкерлері ғана емес, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға болып табылған жағдайда, ұйым бойынша бұйрық шығару ұйымдастырылады, онда әрбір іс-шара бойынша нақты орындаушылар айқындалады. Орындаушылар мен өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға арасындағы жою мерзімдері бойынша келіспеушіліктерді ұйымның бірінші басшысы реттейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Өндірістік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға ай сайын қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысына өндірістік бақылау жүргізу нәтижелерін және берілген нұсқамалардың орындалу мәртебесін ұсынады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Пайдаланушы ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты жинау, талдау, алмасу және оны қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін қызметкерлерге жеткізу тәртібі
19. Ақпарат жинау өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
20. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижелерін талдау жылына кемінде бір рет жүргізіледі, оған мыналар кіреді:
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері;
өндірістік бақылауға жауапты адамның ұйымдастырушылық қызметінің тиімділігін бағалау;
өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары.
Өндірістік бақылау барысында анықталған бұзушылықтар мен белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер және олардың себептері ұйым қызметкерлеріне жеткізіледі.
21. Өндірістік бақылау нәтижелерін талдау негізінде кезекті жылға өнеркәсіптік қауіпсіздікті және өндірістік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды жасау кезінде пайдаланылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
22. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау;
2) технологиялық процеске және өндірістік бақылауға жататын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін зерделеу, сондай-ақ осындай зерделеу нәтижелерін өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауаптының тіркеуі;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтиды;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу себептерін жою жөніндегі іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылғанына және тиімді екендігіне кепілдік беретін шешімдер қабылдау жатады.
23. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың ықтимал себептерін анықтау, талдау және жою мақсатында тиісті ақпарат көздерін (өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне әсер ететін процестерді; жұмыс операцияларын; тексерулер нәтижелерін; қызмет көрсету туралы есептерді) пайдалану;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларының болжамы және оларды шешу үшін қажетті шараларды алдын ала айқындау;
3) алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан бұзушылықтардың кепілді алдын алуды қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталады;
4) қабылданған алдын алу іс-әрекеттері туралы ақпаратты ұйым басшылығына ұсыну.
24. Өндірістік бақылау қызметінің басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы және өндірістік бақылау нәтижелері туралы деректерді жүйелейді, өзектендіреді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Деректерді сақтау нысаны қағаз түрінде де, электрондық түрде де рұқсат етілмеген өзгерістерден, қағаз және электрондық тасығыштарды жоюдан, бүлдіруден кепілді сақтау шартымен белгіленеді. Электрондық дерекқорлар үшін қосымша (резервтік) ақпарат жинақтағыштар құрылады. Сақтау нысанына қарамастан деректер қорына қол жеткізу шектелген. Ұйым басшысына және өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға деректер қорына жалпы қолжетімділік көзделген.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Өндірістік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша ұйымның әрекеттері
26. Осы Нұсқаулықтың 17, 18-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде өндірістік бақылау қызметінің басшысы кәсіпорында өндірістік бақылауды ұйымдастыру туралы жыл сайынғы ақпаратты дайындалуын ұйымдастырады және оларды ұйымның басшысы бекітеді, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) ағымдағы жылға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау туралы, сондай-ақ өткен жылға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыру туралы;
3) бұзушылықтарды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындау туралы;
4) қауіпті өндірістік объектідегі аварияны оқшаулау және оның салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік туралы;
5) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жай-күйі туралы;
6) қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар, оқыс оқиғалар және жазатайым оқиғалар туралы;
7) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау туралы қамтылуы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Өндірістік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша ұйымдар мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын жояды;
3) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсеріне әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұрады;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетеді.
Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
|
Нысан |
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу графигі
р/с № | Тексерілетін объектілер, құжаттар, нормативтік құжаттардың талаптары | Басқарылатын комиссиямен тексерулерді өткізу мерзімдері | ||
ұйым басшысымен | басты инженермен | өндірістік бақылау қызметінің басшысымен | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
|
Нысан |
Өндірістік бақылау журналы (ұйымның атауы) (бөлімшенің атауы)
р/с № | Күні | Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтары (қауіпті техникалық құрылғылардың ақаулары немесе оларды пайдаланудың ықтимал тәуекелдері немесе технологиялық процестер талаптарының бұзылуы) | Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар | Орындалуына жауапты | Орындалу мерзімі | Бұзушылықты жою туралы бұйрық шығарған тұлғаның қолы | Бұйрықты орындауға және бұзушылықтардың себептерін жою жөніндегі шараларды орындауға жауапты тұлғаның қолы | Бұйрықтың орындалуын және заң бұзушылықтардың себептерін жою жөніндегі шаралардың орындалуын белгілеу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |