Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 233/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23374 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Цифрлық майнингті дамытуға инвестициялар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Стартап жобаларға инвестициялар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар

      агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 233/НҚ Бұйрығына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Цифрлық майнингті дамытудағы инвестициялар туралы мәліметтер" Есепті кезең ____________ (тоқсан) 20____жыл (ай)

      Индексі: 1-ЦМИМ

      Мерзімділігі: тоқсандық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.mdai.gov.kz.

р/с №

Ұсынылатын мәліметтердің атауы

Саны

1

2

3

1

Майнингтік деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері (объектінің мекенжайы)


2

Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)


3

Инвестор (ел, компания)


4

Жобаның сипаттамасы


5

Майнингтік деректерді өңдеу орталығының құрылысының басталу-аяқталу кезеңі


6

Майнингтік деректерді өңдеу орталығының пайдалануға енгізу


7

Ағымдағы тұтыну (МВт)


8

Қуат әлеуеті (МВт)


9

Жобаның жалпы құны, теңге


10

Қаржыландыру көздері заңды тұлғаның өз қаражаты, басқа да қарыз қаражаты (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және (немесе) резидент еместердің қаражаты), бюджет қаражаты


11

2021-2025 жылдарға жоспарланған инвестициялар, теңге


11.1

2021 жылға жоспарланған инвестициялар, теңге


11.2

2022 жылға жоспарланған инвестициялар, теңге


11.3

2023 жылға жоспарланған инвестициялар, теңге


11.4

2024 жылға жоспарланған инвестициялар, теңге


11.5

2025 жылға жоспарланған инвестициялар, теңге


12

Есепті кезеңде тартылған инвестициялар, теңге


13

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің коды (ЭҚЖЖ)


      Атауы (респонденттің)_____________________________________________

      Мекенжайы (респонденттің) ______________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:

      _______________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы

      Орындаушы:_____________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы

      Орындаушының телефон нөмірі, электрондық мекен-жайы _____________

      Күні "____" ___________ 20__ жыл

      М.О.

      Ескертпе: "Цифрлық майнингті дамытуға инвестициялар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нысанға қосымшада келтірілген.

  "Цифрлық майнингті
дамытуға инвестициялар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинау үшін "Цифрлық майнингті дамытуға инвестициялар туралы мәліметтер" (Индексі: 1-ЦМИМ, кезеңділігі: тоқсандық)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Цифрлық майнингті дамытуға инвестициялар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар толтырады және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы тұлға тегі және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысан есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-тармақта майнингтік деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері (объектінің мекенжайы) көрсетіледі.

      2. 2-тармақта цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның БСН көрсетіледі .

      3. 3-тармақта инвестор (ел, компанияның атауы) көрсетіледі.

      4. 4-тармақта жобаның сипаттамасы көрсетіледі.

      5. 5-тармақта майнингтік деректерді өндеу орталығы құрылысының басталу және аяқталу кезеңі көрсетіледі.

      6. 6-тармақта майнингтік деректерді өндеу орталығын пайдалануға енгізу көрсетіледі.

      7. 7-тармақта электр энергиясын ағымдағы тұтыну (МВт) көрсетіледі.

      8. 8-тармақта қуат әлеуеті (МВт) көрсетіледі.

      9. 9-тармақта жобаның жалпы құны теңгемен көрсетіледі.

      10. 10-тармақта қаржыландыру көздері, оның ішінде заңды тұлғаның өз қаражаты, басқа да қарыз қаражаты (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және (немесе) резидент еместердің қаражаты), қаржыландыру сомалары көрсетілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көздеріне қарай теңгемен көрсетіледі.

      Инвестицияларға Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті майнингтік деректерді өндеу орталығының жабдығы мен инфрақұрылымына салатын мүліктік құндылықтардың барлық түрлері жатады.

      11. 11.1-11.5-тармақшаларда 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жоспарланған инвестициялар теңгемен көрсетіледі.

      11-тармақта 11.1-11.5-тармақшалардан қосылатын деректер көрсетіледі.

      12. 12-тармақта есепті кезеңде теңгемен майнингтік деректерді өндеу орталығының жабдықтары мен инфрақұрылымына нақты тартылған инвестициялар көрсетіледі.

      13. 13-тармақта Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрінің коды көрсетіледі.

  Бұйрығына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Стартап-жобаларға инвестициялар туралы мәліметтер Есепті кезең ____________ (тоқсан) 20____жыл (ай)

      Индексі: 2-СИМ

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары.

      Нысан қайда ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне.

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 20 ақпанға (қоса алғанда) дейін.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.mdai.gov.kz.

р/с №

Ұсынылатын мәліметтердің атауы

Саны

1

2

3

1

Стартап-жобаның атауы


2

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – заңды тұлғаның БСН/ жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН)


3

Инвестор (ел, компания)


4

Жобаның сипаттамасы


5

Қаржыландыру көздері заңды тұлғаның өз қаражаты, басқа да қарыз қаражаты (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және (немесе) резидент еместердің қаражаты), бюджет қаражаты есебінен


6

Есепті кезеңде тартылған инвестициялар, теңге


7

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің коды (ЭҚЖЖ)


      Атауы (респонденттің)_____________________________________________

      Мекенжайы (респонденттің) ______________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:

      _______________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы

      Орындаушы:_____________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы

      Орындаушының телефон нөмірі, электрондық мекен-жайы _____________

      Күні "____" ___________ 20__ жыл

      М.О. (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Ескертпе: "Стартап-жобаларға инвестициялар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нысанға қосымшада келтірілген.

  "Стартап-жобаларға
инвестициялар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинау үшін "Стартап-жобаларға салынған инвестициялар туралы мәліметтер" (Индексі: 2-СИМ, кезеңділігі: тоқсандық)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "стартаптарға инвестициялар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары толтырады және "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне ұсынады.

      3. Нысанға компания басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысан есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-тармақта стартап-жобаның атауы көрсетіледі.

      2. 2-тармақта стартап-жобаның меншік иесі болып табылатын заңды тұлғаның БСН/жеке тұлғаның ЖСН көрсетіледі.

      3. 3-тармақта инвестор (ел, шетелдік компания) көрсетіледі.

      4. 4-тармақта жобаның сипаттамасы көрсетіледі.

      5. 5-тармақта қаржыландыру көздері заңды тұлғаның меншікті қаражаты, басқа да қарыз қаражаты (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және (немесе) резидент еместердің қаражаты), қаржыландыру сомалары теңгемен көрсетілген бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      6. 6-тармақта есепті кезеңде стартап-жобаға нақты теңгемен тартылған инвестициялар көрсетіледі.

      7. 7-тармақта Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрінің коды көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады