"Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23413 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі";

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

      2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

      3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;

      4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;

      5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;

      6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер;

      7) букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер.";

      3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 209 бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне

      Әкімшілік деректер нысаны

      интернет-ресурста орналастырылған: www.msm.gov.kz

Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны Есепті кезең ________20__жыл

      Индекс: 1-(ОИБ)

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет.

Ойын жабдығының атауы және түрі

Ойын жабдықтарының саны

Сериялық нөмірі

Ел және өндіруші зауыт

Ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі

Жабдықты тестілеу күні

Бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер

Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы (ойын автоматтары залы үшін)

Бейне жазу жүйесінің атауы

Саны

Техникалық жағдайы

Жабдықты тестілеу күні

дана

дана

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы

Үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер

Ауыстырылған жабдықтың сериялық нөмірі

Лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны

Ойын үстелдері санының ұлғайтылғаны және қысқартылғаны туралы ақпарат

дана

13

14

15




      кестенің жалғасы

Кассалар және қызметкерлер саны туралы мәліметтер

Қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы

Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер

Елді мекен (облыс, қала)

Кассаның орналасқан жері (мекенжайы)

Қызметкерлер саны

адам

теңге

16

17

18

19

20






      Ұйымның атауы: _________________________________________________________________

      Қызмет түрі _____________________________________________________________________

      Заңды мекен-жайы _______________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      Интернет-ресурс (болған жағдайда) _________________________________________________

      Телефон: _______________________________________________________________________

      Берілген лицензияның нөмірі мен күні_______________________________________________

      Жауапты тұлға _________________________________ қолы _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________________ қолы _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны (Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне ұсынады.

      3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталады.

      4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады;

      2. 2-бағанда ойын жабдығының атауы мен түрі көрсетіледі;

      3. 3-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі;

      4. 4-бағанда ойын жабдығының сериялық нөмірі көрсетіледі;

      5. 5-бағанда ойын жабдығын дайындаушы ел және өндіруші зауыт көрсетіледі;

      6. 6-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі;

      7. 7-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі;

      8. 8, 9, 10, 11-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, техникалық жай-күйі, тестілеу күні көрсетіледі;

      9. 12-бағанда ойын автоматтарына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі (ойын автоматтары залдар үшін);

      10. 13, 14, 15-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық нөмірі, лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат көрсетіледі;

      11. 16, 17, 18-бағандарда кассалар және жұмыскерлер саны, оның ішінде елді мекен (облыс, қала), кассаның орналасқан жері (мекенжайы), жұмыскерлер саны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      12. 19-бағанда қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы көрсетіледі;

      13. 20-бағанда букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады