"Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 248/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23645 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Қаржымині") ИААЖ - мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған АЖ.";

      4) "Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе" АЖ (бұдан әрі – КААЖ АЖ) – кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыратын АЖ (тауарларға арналған декларацияны түзету; нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу; жолаушылар кеден декларацияларын, кедендік кіріс ордерлерін есепке алу; көлік құралдарын уақытша әкелуді/әкетуді бақылау).";

      5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      6) "Орталық біріздендірілген жеке шоттар" АЖ (бұдан әрі – ОБЖШ АЖ) – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау нысандары мен әдістерін жетілдіруге, салық және алымдардың тұрақты түсуін қамтамасыз етуге, жосықсыз салық төлеушілердің олардың салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруына байланысты шығындарды қысқартуға, 2017 жылғы 25 желтоқсаңдағы "Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) нормалары мен ережелерін "автоматтандыруға" арналған АЖ.;

      7) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар – төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      8) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО-да орналасқан ақпараттық жүйелердің МО БКО-дан тыс орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына арналған ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру (бұдан әрі – сервис) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Банктің АЖ-ның, ЭҮТШ-тің және мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ның ақпарат алмасуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешенін қамтитын сервисті техникалық іске асыру және тестілеу;

      2) Банктің АЖ иесі, уәкілетті орган, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік орган сервисті техникалық іске асыру және бірлесіп тестілеу аяқталғаннан кейін, сервисті пайдалануға беру туралы бірлескен шешімі тестілеу және сервисті пайдалануға беру актісі түрінде негізінде Банктің ЭҮТШ-пен АЖ-ң, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органның өзара іс-қимылын пайдалануға енгізеді".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банктердің ЭТҮШ арқылы мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ға мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімі келесі талаптарды қамтиды:

      1) Банк АЖ-ның бюджеттік сыныптама кодтарының және мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығымен (бұдан әрі – Анықтамалық) өзара іс-қимылы. Анықтамалықпен жұмыстардың егжей-тегжейлі сипаттамасы сервисті техникалық іске асыру процесінде өзара іс-қимылға қатысушылар арасында келісіледі және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес интеграциялық сервисті табысты тестілеу және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акт түріндегі бірлескен шешімде көрсетіледі.

      2) Банктің АЖ күн сайын Нұр-Cұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 08:00-ге дейін ЭҮШ және ЭҮСШ арқылы анықтамалықтарды жаңартуды сұрайды;

      3) Банктің АЖ жаңартылулар болған кезде Анықтамалықты өзектендіреді;

      4) Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыдан төлемдерді қабылдау кезінде Банктің АЖ-сы Анықтамалыққа сәйкес бюджет сыныптамасының рұқсат етілмейтін кодтарын және мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын тексеру бойынша Банк әзірлеген сервиске сәйкес енгізілген төлем құжатының деректемелерін тексереді;

      5) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болмаған жағдайда, Банк банк операциясын қабылдамайды және төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға дұрыс деректемелерді беру үшін хабарлайды;

      6) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болған жағдайда, Банк төлемді қабылдайды;

      7) Төлем қабылданғаннан кейін Банктің АЖ-ы ЭҮТШ-ке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес клиенттен ЭҮТШ-ке тапсыруға жататын төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесіне (МТ100 форматында) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Банктің АЖ-сы ЭҮТШ-ке беру үшін жиынтық төлем хабарламаларының деректемелері тізбесіне сәйкес жүргізілген төлем туралы ақпарат жібереді;

      8) ЭҮТШ Банктің АЖ-сынан жүргізілген төлем туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды, бірегей төлем кодын (бұдан әрі – БТК) түрлендіреді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем Банктің АЖ-сына тапсыруға жататын ЭҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесіне сәйкес алынғаны туралы Банктің АЖ-сына хабарлайды;

      9) Банктің АЖ-сы ұсынылған БТК-ны және жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды;

      10) ЭҮТШ электрондық құжатта жүргізілген төлем туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік органның АЖ-сына жібереді;

      11) Банктің оперциялық күні жабылғаннан кейін немесе Банктің келесі операциялық күнінің сағат 11.00-ге дейін Банктің АЖ-сы ЭҮТШ-ке қабылданған және жөнелтілген, сондай-ақ жеке төлемдер туралы жиынтық ақпарат жібереді;

      12) Ақпараттық жүйелер төлем жүргізілгеннен кейін келесі күні ЭҮТШ-ге мынадай кесте бойынша:

      сағат 12:00-де бюджеттен тыс төлемдер бойынша ОБЖШ АЖ;

      сағат 13:00-де бюджеттік төлемдер бойынша ОБЖШ АЖ жиынтық тізілімді алуға сұрау салу жібереді";

      "13) ЭҮТШ ОБЖШ АЖ-дан сұрау салуды алған кезде банктер АЖ-дан алынған ақпарат негізінде төлемдер бойынша жиынтықты қалыптастырады және жиынтықты ОБЖШ АЖ-ға жібереді.";

      14) ЭҮТШ тәулігіне 1 (бір) рет сағат 16:00-де "е-Қаржымині" ИААЖ-дан Бюджеттік сыныптама кодтарының сұратылған деректер жинағына қатысты Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің төлемдері бойынша мәліметтерді сұратады. Сұрау салуда ЭҮТШ сәйкестендіргіші және сұратылған кезеңнің күні (төлемді валюталау күні) болады.;

      15) Көрсетілген күн үшін сұратылған БСК-тың деректер жинақталымына қатысты жаңартылу болған кезде "е-Қаржымині" ЫААЖ-сы ЭҮТШ-ке түзетілген деректер жібереді

      16) "е-Қаржымині" ИААЖ-дан деректерді алғаннан кейін ЭҮТШ жаңартылған деректерді ОБЖШ АЖ және КААЖ АЖ-ны қоспағанда, тиісті мүдделі мемлекеттік органның АЖ-сына жібереді;

      1-қосымшада.

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Операциялық күн күні (PayDateTime)

Таңба (8N)

МТ100 үшін 32а жолы

      ";

      реттік нөмірі 9, 10, 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Бенефициар ұйымның БСК (treasuryBik)

Жол (11x)

57В өрісі
(бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

10

Бенефициардың аталуы (treasuryName)

Таңба (60x0)

59-жол. кілт сөз NAME (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

11

Бенефициардың БСН (treasuryIdn)

Жол (12n)

59-жол IDN кілт сөзі (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

12

Салық органының нно-коды (kno)

Жол (6n)

(бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18 және 19-жолдармен толықтырылсын:

      "

18

Валюталау күні (documentdate)

Таңба (8n)

мт100 үшін 32а жолы

19

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (pshepPayCode) электрондық қызметтерді төлеу кезінде төлем провайдері алған тапсырыс сәйкестендіргіші немесе ЭҮТШ төлемінің бірегей коды)

Жылдамдықты


      ";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

БСК (kbk)

Иә (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

Кіші (6n)

БСК

5

Салық органының нно-коды (kno)

Иә

Жол (6n)

СЖН (егер жиынтық топтастыру СЖН бойынша өтсе ғана толтырылады)

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments)

1)

Әрбір операция үшін ЭҮТШ-те қалыптасқан төлемнің бірегей коды (reference)

Иә

Кіші (14х)

ТБК

2)

Банктің АЖ-да қалыптасатын төлем референсі (bankReference)

Иә

Кіші (16х)

МТ102 үшін 21 жол

3)

Төлем сомасы (amount)

Иә

Нышандық (18х. 2х)

МТ100 үшін 32А жол

4)

Валюта коды (currency)

Иә

Нышандық (3n)

МТ100 үшін 32А жол

5)

Операциялық күн күні )

Иә

Таңба (8N.6N)

МТ102 үшін 32а жолы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады