Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14713 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      _____________Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 10 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы

      Сотының жанындағы Соттардың

      қызметін қамтамасыз ету

      департаментінің басшысы

      (Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының аппараты)

      ________________А. Тоқсаба

      2016 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      _____________Д. Ақышев

      2016 жылғы 20 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 276 бұйрығымен
бекітілген

Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Қаржымині") ИААЖ - мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған АЖ.";

      4) "Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе" АЖ (бұдан әрі – КААЖ АЖ) – кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыратын АЖ (тауарларға арналған декларацияны түзету; нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу; жолаушылар кеден декларацияларын, кедендік кіріс ордерлерін есепке алу; көлік құралдарын уақытша әкелуді/әкетуді бақылау).";

      5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      6) "Орталық біріздендірілген жеке шоттар" АЖ (бұдан әрі – ОБЖШ АЖ) – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау нысандары мен әдістерін жетілдіруге, салық және алымдардың тұрақты түсуін қамтамасыз етуге, жосықсыз салық төлеушілердің олардың салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруына байланысты шығындарды қысқартуға, 2017 жылғы 25 желтоқсаңдағы "Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) нормалары мен ережелерін "автоматтандыруға" арналған АЖ.;

      7) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар – төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      8) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО-да орналасқан ақпараттық жүйелердің МО БКО-дан тыс орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына арналған ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.07.2021 № 248/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру (бұдан әрі – сервис) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Банктің АЖ-ның, ЭҮТШ-тің және мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ның ақпарат алмасуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешенін қамтитын сервисті техникалық іске асыру және тестілеу;

      2) Банктің АЖ иесі, уәкілетті орган, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік орган сервисті техникалық іске асыру және бірлесіп тестілеу аяқталғаннан кейін, сервисті пайдалануға беру туралы бірлескен шешімі тестілеу және сервисті пайдалануға беру актісі түрінде негізінде Банктің ЭҮТШ-пен АЖ-ң, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органның өзара іс-қимылын пайдалануға енгізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Банктердің ЭТҮШ арқылы мүдделі мемлекеттік органның АЖ-ға мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімі келесі талаптарды қамтиды:

      1) Банк АЖ-ның бюджеттік сыныптама кодтарының және мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығымен (бұдан әрі – Анықтамалық) өзара іс-қимылы. Анықтамалықпен жұмыстардың егжей-тегжейлі сипаттамасы сервисті техникалық іске асыру процесінде өзара іс-қимылға қатысушылар арасында келісіледі және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес интеграциялық сервисті табысты тестілеу және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акт түріндегі бірлескен шешімде көрсетіледі.

      2) Банктің АЖ күн сайын Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08:00-ге дейін ЭҮШ және ЭҮСШ арқылы анықтамалықтарды жаңартуды сұрайды;

      3) Банктің АЖ жаңартылулар болған кезде Анықтамалықты өзектендіреді;

      4) Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыдан төлемдерді қабылдау кезінде Банктің АЖ-сы Анықтамалыққа сәйкес бюджет сыныптамасының рұқсат етілмейтін кодтарын және мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын тексеру бойынша Банк әзірлеген сервиске сәйкес енгізілген төлем құжатының деректемелерін тексереді;

      5) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болмаған жағдайда, Банк банк операциясын қабылдамайды және төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға дұрыс деректемелерді беру үшін хабарлайды;

      6) Төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болған жағдайда, Банк төлемді қабылдайды;

      7) Төлем қабылданғаннан кейін Банктің АЖ-ы ЭҮТШ-ке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес клиенттен ЭҮТШ-ке тапсыруға жататын жекелеген транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламада берілген төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесіне және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Бірыңғай транзакциямен (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламамен берілген деректемелердің тізбесіне сәйкес жүргізілген төлем туралы ақпарат жібереді;

      8) ЭҮТШ Банктің АЖ-сынан жүргізілген төлем туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды, бірегей төлем кодын (бұдан әрі – БТК) түрлендіреді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем Банктің АЖ-сына тапсыруға жататын ЭҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесіне сәйкес алынғаны туралы Банктің АЖ-сына хабарлайды;

      9) Банктің АЖ-сы ұсынылған БТК-ны және жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды;

      10) ЭҮТШ электрондық құжатта жүргізілген төлем туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік органның АЖ-сына жібереді;

      11) Банктің оперциялық күні жабылғаннан кейін немесе Банктің келесі операциялық күнінің сағат 11.00-ге дейін Банктің АЖ-сы ЭҮТШ-ке қабылданған және жөнелтілген, сондай-ақ жеке төлемдер туралы жиынтық ақпарат жібереді;

      12) Ақпараттық жүйелер төлем жүргізілгеннен кейін келесі күні ЭҮТШ-ге мынадай кесте бойынша:

      сағат 12:00-де бюджеттен тыс төлемдер бойынша ОБЖШ АЖ;

      сағат 13:00-де бюджеттік төлемдер бойынша ОБЖШ АЖ жиынтық тізілімді алуға сұрау салу жібереді";

      13) ЭҮТШ ОБЖШ АЖ-дан сұрау салуды алған кезде банктер АЖ-дан алынған ақпарат негізінде төлемдер бойынша жиынтықты қалыптастырады және жиынтықты ОБЖШ АЖ-ға жібереді;

      14) ЭҮТШ тәулігіне 1 (бір) рет сағат 16:00-де "е-Қаржымині" ИААЖ-дан Бюджеттік сыныптама кодтарының сұратылған деректер жинағына қатысты Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің төлемдері бойынша мәліметтерді сұратады. Сұрау салуда ЭҮТШ сәйкестендіргіші және сұратылған кезеңнің күні (төлемді валюталау күні) болады;

      15) Көрсетілген күн үшін сұратылған БСК-тың деректер жинақталымына қатысты жаңартылу болған кезде "е-Қаржымині" ЫААЖ-сы ЭҮТШ-ке түзетілген деректер жібереді

      16) "е-Қаржымині" ИААЖ-дан деректерді алғаннан кейін ЭҮТШ жаңартылған деректерді ОБЖШ АЖ және КААЖ АЖ-ны қоспағанда, тиісті мүдделі мемлекеттік органның АЖ-сына жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.07.2021 № 248/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Ақпарат алмасу тіркеу куәлігі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген ақпараттық жүйе иелерінің ЭЦҚ пайдаланумен веб-сервистер (синхронды режимде) арқылы жүзеге асырылады.

      6. Деректерді беру үшін көлік хаттамасы (TCP), гипермәтінді жіберу хаттамасы (HTTP), сондай-ақ стек хаттамалары және веб-сервистердің стандарттары (WSDL/SOAP) пайдаланылады. Ақпарат алмасу ақпараттық өзара іс-қимылдың электрондық коммуникация құралдарына және ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптарды сақтаумен жүргізіледі.

      7. Ақпараттық өзара іс-қимылының жұмыс істеу процесінде кіріс хабарламалар үшін ЭЦҚ тексеру кезінде және шығыс хабарламалар үшін ЭЦҚ қалыптастыру кезінде "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) сәйкес жалпы талаптар сақталады.

      8. Тәжірибелі пайдалану шеңберінде Банктердің АЖ-ын ЭҮТШ-ке қосу қорғалған байланыс арналарын құру жолымен ЭҮСШ арқылы жүзеге асырылады.

      9. ЭҮТШ-ті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне МО БКО қосу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Ақпарат алмасу барысында техникалық ақаулар туындаған жағдайда, ақпарат алмасуға қатысушылар оларды жою үшін шаралар қабылдайды.

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі арқылы
мемлекеттік органдарға,
соттарға бюджетке төлемдер
төлеумен, міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің
міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және әлеуметтік
аударымдарды аударумен,
сондай-ақ мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеумен байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі қағидаларына
1-қосымша

Клиенттен ЭҮТШ-ке тапсыруға жататын жекелеген транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламада берілген төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Жолдың атауы

ЭҮТШ XML-тегі

ISO 20022 PACS.008 XML-тегінің жол сипаттамасы жеке транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен

1

Банктің АЖ-да қалыптасатын төлемнің референсі/уақытша нөмірі

bankReference

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtId/TxId

2

Операциялық күн күні

PayDateTime

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm

3

Төлем сомасы

Amount

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt

4

Валюта коды

currency

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt - Ccy

5

Төлеушінің ЖСН/БСН
Бастамалаушы клиент

payerIdn

БСН: Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/Id/OrgId/Othr/Id
ЖСН:
Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/Id/PrvtId/Othr/Id

6

Төлеушінің атауы Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы

payerName

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/Nm

7

Жіберуші елдің коды

payerCountry

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/CtryOfRes

8

ЖСН / БСН нақты төлеуші

actualPayerIdn

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/UltmtDbt/Id

9

Нақты төлеушінің атауы Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы

actualPayerName

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/UltmtDbt/Nm

10

Ақша жіберуші Банктің БСН

bankIdn


11

Ақша жіберуші Банктің БСК

bankBik

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/DbtrAgt/FinInstnId/BICFI

12

Ақша жіберуші Банктің атауы

bankName


13

Бенефициар ұйымның БСК

treacuryBik

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/CdtrAgt/FinInstnId/BICFI

14

Бенефициардың аталуы

treasuryName

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Cdtr/Nm

15

Бенефициардың БСН

treasuryIdn

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Cdtr/IdOrgId/Othr/Id

16

Салық органының СЖН-коды

kno


17

Төлем белгілеу коды

knp

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Purp/Prtry

18

Операция түрі

operationType

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtTpInf/LclInstrm/Prtry

19

Бюджет сыныптамасының коды

kbk

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/TaxRmt/Rcrd/Ctgy

20

Құжат нөмірі

payDocumentNumber

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/RfrdDocInf/Nb

21

Төлем мақсаты

assign

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf//RmtInf/Strd/AddtlRmtInf

22

Валюталау күні

documentDate

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/IntrBkSttlmDt

23

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электрондық қызметтерді төлеу кезінде төлем провайдері алған тапсырыс сәйкестендіргіші немесе ЭҮТШ төлемінің бірегей коды

pshepPayCode


24

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды

govServiceCode


      Кестенің жалғасы

Ескертпе

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

CreditTransferTransactionInformation жол, MX үшін негізгі сөз

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол


МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол


МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

Бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды)

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін GroupHeader жол


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді сәйкестендіруге арналған қосымша жол. Мемлекеттік көрсету қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі арқылы
мемлекеттік органдарға,
соттарға бюджетке төлемдер
төлеумен, міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің
міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және әлеуметтік
аударымдарды аударумен,
сондай-ақ мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеумен байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі қағидаларына
2-қосымша

Бірыңғай транзакциямен (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламамен берілген деректемелердің тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Жолдың атауы

ЭҮТШ XML-тегі

ISO 20022 PACS.008 XML-тегінің жол сипаттамасы

1

Банктің АЖ-да қалыптастырылған төлем референсі

bankReference

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/MsgId

2

Ақша жіберуші банктің БСК

bankBik

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/DbtrAgt/FinInstnId/BICFI

3

Операциялық күннің датасы

payDate

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm

4

БСК

kbk

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/TaxRmt/Rcrd/Ctgy

5

Салық органының СЖН-коды

kno


6

Жалпы сомасы

totalAmount

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/TtlIntrBkSttlmAmt

7

Валюта коды

currency

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/TtlIntrBkSttlmAmt - Ccy

8

Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments)

1)

Әрбір операция үшін ЭҮТШ-те қалыптасқан төлемнің бірегей коды

reference


2)

Банктің АЖ-да қалыптасатын төлем референсі

bankReference

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtId/TxId

3)

Төлем сомасы

amount

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt

4)

Валюта коды

currency

Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt

5)

Операциялық күннің датасы

payDateTime

Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm

      Кестенің жалғасы

Ескертпе

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

СЖН (егер жиынтық топтастыру СЖН бойынша өтсе ғана толтырылады)

МX үшін GroupHeader жол

МX үшін GroupHeader жол

Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments)

ТБК

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол

МX үшін GroupHeader жол

  Банктердің "электрондық
үкіметтің" төлем шлюзі арқылы
мемлекеттік органдарға,
соттарға бюджетке төлемдер
төлеумен, міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің
міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және әлеуметтік
аударымдарды аударумен,
сондай-ақ мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеумен байланысты жүзеге
асырылған төлемдер және
(немесе) ақша аударымдары
туралы мәліметтер мен
ақпаратты беруі қағидаларына
3-қосымша

Банктің АЖ-сына тапсыруға жататын ЭҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 18.09.2024 № 562/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Жолдың атауы

ЭҮТШ XML-тегі

Ескертпе

1

Төлемнің бірегей коды, ЭҮТШ қалыптасқан уақытша нөмір

reference

ТБК

2

Банктің АЖ-да қалыптасқан төлем референсі

bankReference

Бірыңғай транзакцияны (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу әдісі бар MX-хабарламадағы тізілімдік төлемдер үшін – бұл Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/MsgId,
Немесе:
Жеке транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламадағы тізілімнен тыс төлемдер үшін – бұл Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtId/TxI


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады