Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шiлдеде № 23673 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 110-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 227 бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер"

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.eсogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 1-ГТҚ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есептік кезең: 20___ жылғы "___" ____________жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) дейін

      Есепті кезеңде қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялардың саны - _______

№ р/с

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы, тіркелген мекенжайы

Декларацияны беру негізі

Объектінің орналасқан жері

Негізгі қызмет түрі

Қоршаған ортаға кері әсер ететін қызмет түрінің III санатына объектіні беру критерийі

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Кестенің жалғасы

Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары

Қалдықтар

Ластаушы заттың атауы

Зат коды

Декларацияланатын көлем, жыл/т

Қалдықтың атауы

Пайда болуы, жыл/т

Жинақтау, жыл/т

Тапсыру, жыл/т

9

10

11

12

13

14

15

Қалқымалы заттар

091






Азот тотығы (NO2)

004






Күкіртті ангидрид (SO2)

001






..






Барлығы



Барлығы






      Атауы ___________________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ___________________________________...._________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

      облыстың жергілікті атқарушы органының басшысы

      немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ___________________________________________.....___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____"________________

  Қоршаған ортаға әсер ету
туралы қабылданған
декларациялар бойынша
жиынтық деректер нысанына
қосымша

Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар туралы жиынтық деректер"

      1. Осы түсіндірме "Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар" бойынша жиынтық деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті басқармалары толтырады және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

      3. Нысанға облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың астананың жергілікті атқарушы органдарының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысан тоқсанына бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) дейін ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. 1-бағанда реттік нөмірлеу көрсетіледі.

      7. 2-бағанда заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. 3-бағанда дара кәсіпкерлер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің толық атауы және олардың тіркелген мекенжайы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда декларацияны беру негізі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабының 4-тармағына сәйкес III санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар берген декларацияға сәйкес көрсетіледі.

      11. 6-бағанда нақты орналасқан мекенжайын (пошталық мекенжайы) көрсететін объектінің орналасқан жері көрсетіледі.

      12. 7-бағанда негізгі қызмет түрі Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде санамаланған 79 қызмет түрінен таңдалады.

      13. 8-бағанда III санатына жатқызу өлшемшарттары 7-бағанында Кодекске 2-қосымшаның 3-бөліміне сәйкес берілген декларацияға сәйкес толтырылады.

      14. 9 – 10-бағанда тұрақты көздерден негізгі (маркерлік) атмосфералық ауа ластаушы заттардың шығарындылары көрсетіледі, жылына тонна. Ластаушы заттың коды мен атауы қолданыстағы ерекше ластаушы заттардың анықтамалығы бойынша келтіріледі.

      15. 11-бағанда ластаушы заттар шығарындыларының декларацияланатын саны көрсетіледі.

      16. 12 – 15-бағанда қалдықтардың (пайда болатын, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) декларацияланатын саны мен түрлері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады