"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 250/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23683 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларында:

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші инновациялық гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында "электрондық үкіметтің" веб-порталының (бұдан әрі – Портал) мекенжайын және өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде уәкілетті органмен келісілген өтінімдерді қабылдау кестесін көрсете отырып хабарландыру орналастырады.

      Уәкілетті органнын келісімі бойынша инновациялық гранттар берудің белгілі бір басым бағыттары бойынша инновациялық гранттар беруге өтінімдер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21265 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қабылданады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі құжаттар топтамасын портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Кеңестің технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдын-ала ұсынысты тіркейді және оны Кеңестің қарауына жібереді.

      Кеңес 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың алдын-ала ұсынысын қарайды және мынадай өлшемшарттар бойынша іріктеуді жүзеге асырады:

      инновациялылық;

      ауқымдылығы;

      экспортқа бағдарлану;

      жоба командасының құрамы және біліктілігі;

      жобаның коммерциялық әлеуеті.

      Алдын-ала ұсыныстарды тыңдау қорытындысы бойынша Кеңес конкурстың екінші кезеңіне көрсетілетін қызметті алушыларды жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті беруші Кеңес шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде іріктеуден өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беру немесе екінші кезеңге жіберуден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы тиісті хабарлама жібереді.

      Өтінімді қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға екінші кезеңге жіберу жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алдын-ала ұсынысында көрсетілген электрондық мекенжайына немесе автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі арқылы жіберген сәттен бастап тоқтатыла тұрады;

      3) іріктеуден өткен көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге толық ұсыныс жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеріп, толық ұсыныстарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде толық емес ұсынысты ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші толық ұсынысты қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің акционерін, уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тұлғаларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімдегі ақпаратты инновациялық гранттар беру процесінде жоқ үшінші тұлғаларға жария етпеуді қамтамасыз етеді;

      5) көрсетілетін қызметті беруші толық ұсынысты тексергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде толық ұсынысқа сараптама жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушіде сарапшылар болмаған жағдайда сараптама жүргізу үшін сыртқы отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.

      Сараптама келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

      технологиялық сараптама іс-шаралардың технологиялық іске асырылуы мен жеткіліктілігін талдау, аналогтармен салыстыру, жұмыстарды мәлімделген мерзімдер (кезеңдер) бойынша бөлу, жұмыстардың көлемі мен мазмұны және оларды орындау мерзімдері, жобаны іске асыру тәуекелдері, жоба командасының біліктілігі мақсатында жүргізіледі;

      қаржы-экономикалық сараптама жобаны іске асырудың экономикалық орындылығын және қаржы-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі;

      құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау, жобаны іске асырудың құқықтық тәуекелдерін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      Технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.

      Кеңеске жіберу үшін өтінімдерге жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды қалыптастырылады;

      6) сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кеңестің отырысы өткізіледі.

      Кеңес отырыстарына көрсетілетін қызметті алушы өз жобасын бетпе-бет немесе аудио және бейне тіркеуі бар телекоммуникациялар құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.

      Қарау нәтижелері бойынша Кеңес көрсетілетін қызметті алушыға инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7) көрсетілетін қызметті беруші Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шартқа қол қоюдың қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды жібереді.

      Шартқа көрсетілетін қызметті алушы не оның шарт жасасуға уәкілетті өкілі және көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      Шарт сараптама қорытындылары мен Кеңестің ұсынымдары ескеріле отырып, көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын нысан бойынша Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті беруші жасалған шартқа сәйкес жобаның іске асырылуын және көрсетілетін қызметті алушының қабылданған қарсы міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін жобаның іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

      Мониторинг барысында инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, Кеңес іріктеп алған жобалар бойынша инновациялық гранттың қаражатын көрсетілетін қызметті берушінің шотына қайтара отырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдайды.

      Осы қаражатты көрсетілетін қызметті беруші инновациялық гранттар беруге жұмсайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Инновациялық грант жобаны іске асырудың келесі кезеңдерінде іс-шараларды бірлесіп қаржыландыру шартымен беріледі:

      1) өнімді пысықтау және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, комммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;

      2) өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру);

      3) жаңа немесе жақсартылған өнімдер мен қызметтерді нарықта өткізу (коммерцияландыру).";

      мынадай редакциядағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант шеңберінде жобаны бірлесіп қаржыландырудың жалпы сомасы кезеңдер бойынша бөлінген 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайды:

      1) "Өнімді пысықтау және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, комммерцияландыру стратегиясын әзірлеу" кезеңінде 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде және негізделген өтеудің мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызын жабады:

      жоба командасы мүшелерінің жалақысы, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражат сомасының 40 (қырық) пайызынан аспайды;

      іссапар шығыстары, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражат сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын орындалған жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу тиісті кезеңнің қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспауы қажет;

      кеңсе үй-жайларын жалға алу, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы грант кезеңінің қаражаты сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      одан әрі коммерцияландыру мақсатында өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті материалдарды, жиынтықтауыштар мен жабдықтарды сатып алу (бірақ грант қаражаты сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2) екінші "Өндірісті және (немесе) процестерді (жобаны іске асыруды) іске қосу" және үшінші "Жаңа немесе жақсартылған өнімдер мен қызметтерді нарықта өткізу (коммерцияландыру)" кезеңдерінде инновациялық грант қаражаты 80 000 000 (сексен миллион) теңгеден аспайды.

      Екінші сатыда "Өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру)" инновациялық гранты негізделген шығындардың мынадай баптарының 90 (тоқсан) пайызын жабады:

      жоба командасы мүшелерінің жалақысы, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      іссапар шығыстары, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      тасымалдауды, салық міндеттемелерін және кедендік баждарды қоса алғанда, өнімді немесе қызметті құру үшін қажетті лицензияларды, жабдықтарды сатып алу, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 50 (елу) пайызынан аспайды;

      өнімді немесе қызметті жасау үшін материалдар мен жиынтықтаушыларды сатып алу, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражат сомасының 50 (елу) пайызынан аспайды;

      кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы шығындар сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын.

      Үшінші сатыда "Жаңа немесе жақсартылған өнімдер мен қызметтерді нарықта өткізу (коммерцияландыру)" инновациялық гранты негізделген шығындардың келесі баптарының 90 (тоқсан) пайызын жабады:

      кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы екінші және үшінші сатыдағы грант қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      іссапар шығыстары, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 40 (қырық) пайызынан аспайды;

      маркетингтік шығыстар, бұл ретте бап бойынша шығындардың жалпы сомасы кезеңнің қаражаты сомасының 60 (алпыс) пайызынан аспайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бірінші кезеңнен өту екінші және үшінші кезеңнен өту үшін де жобаны іске асырудың міндетті шарты болып табылады.

      Бұл ретте, екінші кезеңді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы сатуға қол жеткізу үшін үшінші кезеңді де іске асыру қажет.

      Әрбір кезең аяқталғаннан кейін тиісті кезең уақытында көрсетілетін қызметті алушының (грант алушының) қол жеткізілген нәтижелері негізінде Кеңес оны келесі кезеңге жіберу және тиісті қаржыландыру траншын беру туралы шешім қабылдайды.";

      2526 және 27-тармақтар алып тасталсын;

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Көрсетілетін қызметті алушылардың қызметтеріне мынадай критерийлер мен талаптар белгіленеді:

      инновациялық гранттың сұратылып отырған сомасының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде қолма-қол бірлесіп қаржыландыру.

      1) Бірінші кезеңде:

      акселерациялық бағдарламаны аяқтау;

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелерінің болуы не бастапқы конструкция өнімінің эксперименттік тәжірибелік үлгісінің (MVP) болуы;

      маркетингтік зерттеулер тәжірибесі бар (гранттар есебінен қаржыландыру үшін) коммерцияландыру жөніндегі мамандарды қоса алғанда, 5 (бестен) аспайтын білікті мамандардан тұратын команданың болуы;

      шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылуы.

      2) Екінші кезеңде:

      өндіруге және (немесе) сатуға дайын өнімнің болуы;

      инвестициялық жоспардың болуы;

      екінші және үшінші кезеңдерде грант сомасының кемінде 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде инвестициялар тарту;

      жоба командасы 7 (жеті) адамнан аспауы тиіс, оның ішінде жоба басшысы, бизнесте жұмыс тәжірибесі бар (кемінде үш жыл), маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті коммерцияландыру жөніндегі маман, қаржыгер, жоба бойынша салалық маман (жобаның ауқымына байланысты аз рұқсат етіледі).

      Бұл ретте команда мүшелерінің саны көп болуы мүмкін, бірақ жоба шеңберінде 7 (жеті) адамнан артық қаржыландыруға жол берілмейді.

      3) Алдыңғы кезеңге қосымша үшінші кезеңде:

      пайданың немесе залалдың қолма-қол есебі;

      өнімді жылжытудың маркетингтік жоспары және клиенттердің сипаттамасы;

      сатудың негізгі сатыларының болуы.

      29. Көрсетілетін қызметті алушылар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:

      жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша:

      жобаның жалпы сомасының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде қоса қаржыландыруды тарту;

      тесттік сатылымдарды жүзеге асыру;

      жобаны іске асырудың екінші және (немесе) үшінші кезеңінің қорытындылары бойынша:

      коммерцияландыру стратегиясына сәйкес, бірақ инновациялық грант сомасының 10 (он) пайызынан кем емес сатылған өнім көлеміне жету;

      жобаның жалпы сомасының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде қоса қаржыландыруды тарту.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер индустриялық-инновациялық жобаға бұрын мәлімделген мақсаттарға мемлекеттік қолдау көрсетілсе, инновациялық гранттар беруге жол берілмейді.

      Жобаның мақсатына қосарланған қаржыландыру фактісі анықталған және расталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші жобаны іске асырудың кез келген кезеңінде шартты бұзады, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы алынған гранттың толық сомасын көрсетілетін қызметті берушінің есеп шотына қайтарады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Инновациялық грантты игеру мерзімі бірінші кезеңде 6 (алты) айдан, екінші кезеңде 12 (он екі) айдан, үшінші кезеңде 9 (тоғыз) айдан аспайды.";

      Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаның редакциясына сәйкес жазылсын;

      "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 134 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 234 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі

Б. Мусин

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 250/НҚ бұйрығына
1-қосымша


Қағидаларға
1-қосымша

"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www. egov. kz (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі - 45 (қырық бес) жұмыс күні:
1-кезең – алдын ала ұсынысты қарау және екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы Кеңестің шешімі-12 жұмыс күні;
2-кезең – инновациялық грантты беру (бермеу) туралы толық ұсынысты қарау және Кеңестің шешімі-33 жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/электрондық түрде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1-кезең – Кеңестің алдын ала ұсынысты мақұлдауы және екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім;
2-кезең – Кеңестің инновациялық грант беру (бермеу) туралы шешімі.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1. көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ mdai парақшасында орналастырылған – мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай тұғырнамасында орналасқан "Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері" бөлімі, "Инновациялық экожүйе департаменті" бөлімшесі.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1-кезең:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс, осы Стандартқа технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;
2-кезең:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға толық ұсыныс, осы Стандартқа технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға толық ұсыныс;
2) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммерцияландыру стратегиясы;
3) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
4) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар талдамасы бар шығыстар сметасының жобасы.
5) заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі, жоғары органның көрсетілетін қызметті берушіге өтінім беру туралы, басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның инновациялық грант алуға және өтінім беруге байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімі;
6) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) жабдықты жеткізуге арналған алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
8) жабдықтарды тасымалдау (жеткізу) шарттарының көшірмелері (бар болса);
9) бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа талап етілетін мамандар көрсетілетін бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін сипаттай отырып және ақы төлей отырып (бағдарламалық өнімді әзірлеген жағдайда) мамандандыру бөлінісінде олардың саны);
10) сатып алынатын жабдыққа коммерциялық ұсыныстар, сондай-ақ екеуден кем емес баламалы ұсыныстар;
11) жобаны іске асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге және (немесе) жұмыстарға екеуден кем емес коммерциялық ұсыныстар;
12) жоба командасы мүшелерінің біліктілігін растайтын сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелері.
Өтінім портал арқылы берілген жағдайда 5, 7, 8 және 12-тармақтарда көрсетілген құжаттар электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады;
13) акселерациялық бағдарламаның аяқталғанын растайтын құжат.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) грант алушының (көрсетілетін қызметті алушының) инновациялық грант алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады;
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңес теріс шешім қабылдаған жағдайда.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.


Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы "___" _________
№ _____ бұйрығына
2-қосымша


Қағидаларға
2-қосымша


нысан

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантты алуға алдын ала ұсыныс

      Барлық жолдарды толтыру міндетті:

Жеке тұлғаның Т.А.Ә, (жеке кәсіпкер) / заңды тұлғаның атауы

Өтінім берілген жоба бойынша акселерацияны қай жерде өткізгеніңізді көрсетіңіз (өткізу орны, тақырыбы, кезеңі және ағымы)

Сіз шағын кәсіпкерлік субъектісіз бе: Иә / Жоқ

Жобаның атауы:

Сіздің жобаңыз инновацияның қай түріне жататынын көрсетіңіз (технологиялық, әлеуметтік, өнімді ұйымдастыру, маркетингтік және т. б.):

Жоба инновациялық гранттар берудің басым бағытына жатады (бір ғана басым бағытты көрсету керек):

Экономика және қоғамның тіршілік әрекеті салаларында қолданылатын жоғары өнімді технологиялар:

4.0 Индустрия элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар

Биотехнология, медицина мен денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар

Ғарыштық технологиялар

Экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және баламалы энергетика

Жаңа қаржылық технологиялар

Электрондық өнеркәсіп

Робототехника

Стартапты іске асыруда төменде көрсетілген технологиялардың кез келгенін пайдаланасыз ба?

Big Data (үлкен деректер)

AI (жасанды интеллект)

ML (Машиналық оқыту)

AR / VR (кеңейтілген және Виртуалды шындық)

Блокчейн

Роботтар мен дрондар

IoT (Заттар интернеті)

M2M (Машинааралық өзара әрекеттесу)

Қолданылмайды

Өтініш берушінің мекенжайы (индексі, облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйі, пәтері)


Телефон

Ұялы



Электрондық пошта:


Ресми сайты:


Жоба туралы қысқаша ақпарат (50 сөзден кем емес):


Жобаның мақсаты (шешілетін мәселе):


Жобаның міндеттері:


Жобаны іске асыру орны:


Жобаны іске асыру мерзімі:


MVP/MSP болуы (өнімге, фотосуретке, бейнеге немесе басқа материалдарға сілтемелер)


Жобаның дайындық дәрежесі:


Жоба командасының сипаттамасы (команда мүшелерінің саны және біліктілігі):


Өнімді пайдаланатын тұтынушылар бар ма?


Ұсынылатын өнімнің инновациялылығы неде?


Құрылатын өнімді сатудың коммерциялық әлеуеті:


Жобаның тәуекелдері:


Бар және әлеуетті бәсекелестер:


Бәсекелестік артықшылығы:


Масштабтау, экспортқа шығу бойынша қандай жоспарлар бар?


Күтілген нәтижелер:


Бұл жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:

Ия
 

Жоқ
 

Егер "иә" болса, онда бағдарламаның атауын, жобасын және алынған қаржыландыру сомасын қандай көлемде көрсету қажет


Инновациялық гранттар туралы қандай дереккөздерден білдіңіз?
 


 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты
көрсетілетін қызметті берушінің сайты
көрсетілетін қызметті берушінің таратуы
көрсетілетін қызметті берушінің семинарлары, конференциялары
әлеуметтік желілер
басқа _____________________________________


теңге

Жобаның бизнес-құрылымы (excel форматында)

Жоба сатысының атауы

Тауарларды өткізу және (немесе) жұмыстарды/қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

жоба командасының жалақысы *

үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу

офистік және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау

жабдықтарды сатып алу

лицензиялар сатып алу

материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу

іссапар шығындары

Маркетинг шығындары

өзге шығыстар (таратып жазу қажет)

Шығыстардың жалпы сомасы

1-кезең: өнімді жетілдіру және жобаның инвестициялық стратегиясын әзірлеу

Барлығы 1 кезеңге:











1 ай











2 ай











3 ай











4 ай











5 ай











6 ай











2-кезең: өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру)

Барлығы 2 кезеңге:











1 ай











2 ай











3 ай











4 ай











5 ай











6 ай











7 ай











8 ай











9 ай











10 ай











11 ай











12 ай











3-кезең: жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтер нарығында өнімді сату (коммерцияландыру)

Барлығы 3-кезеңге:











1 ай











2 ай











3 ай











4 ай











5 ай











6 ай











7 ай











8 ай











9 ай











жоба бойынша ЖИЫНЫ:











       Кестенің жалғасы

Жобаның бизнес-құрылымы (excel форматында)

Өнімді/тауарларды өткізу және (немесе) жұмыстарды/қызметтерді көрсету көлемі, сандық мәнде

Кірістер тауарларды өткізу және (немесе)) жұмыстарды/қызметтерді көрсету

Қаржылық нәтиже,пайда ( + ) / шығын (-)

жобаның ерекшелігіне байланысты өлшем бірлігін көрсету ________________

сауда циклдері мен маусымдық сатылымдарды ескеру қажет

1-кезең: өнімді жетілдіру және жобаның инвестициялық стратегиясын әзірлеу






















2-кезең: өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру)








































3-кезең: жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтер нарығында өнімді сату (коммерцияландыру)


































       * жалақы кестесіндегі мәліметтер.


теңге

Жоба командасы*

1

2

3

4

5

6

7

Жоба командасының жалақысы

Жалақыдан алынатын салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер

Жоба тобының жалақысы, соның ішінде салықтар, алымдар және онымен байланысты басқа да міндетті төлемдер

мамандықтың / лауазымның атауы








Әлеуметтік салық

Әлеуметтік аударылымдар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

жалақы








(ӘС)

(ӘА)

(МӘМС)

қатысу, жұмыспен қамту%








Мөлшерлемесі, %

жұмыспен қамтылу % ескерілген жалақы











1-кезең: өнімді жетілдіру және жобаның инвестициялық стратегиясын әзірлеу













1 ай













2 ай













3 ай













4 ай













5 ай













6 ай













2-кезең: өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру)













1 ай













2 ай













3 ай













4 ай













5 ай













6 ай













7 ай













8 ай













9 ай













10 ай













11 ай













12 ай













3-кезең: жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтер нарығында өнімді сату (коммерцияландыру)













1 ай













2 ай













3 ай













4 ай













5 ай













6 ай













7 ай













8 ай













9 ай













Жоба бойынша ЖИЫНЫ:













       * 1-кезең: 5 білікті мамандардан тұратын жоба командасы,

      2 және 3-кезең: 7-ден аспайтын білікті мамандардан тұратын жоба командасы.

      ** порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар (статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет ресурстарға сілтемелер қоса беріледі)


Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы "___" _________
№ _____ бұйрығына
3-қосымша


Қағидаларға
3-қосымша

      Жобаның бизнес-жоспары

      1. Өтініш беруші:

      - Жеке тұлғаның Т. А. Ә, немесе заңды тұлғаның атауы (ЖСН / БСН);

      - заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;

      - саладағы жұмыс тәжірибесі;

      - қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы.

      2. Жобаның сипаттамасы:

      2.1 жобаның атауы;

      2.2 жобаның сипаттамасы:

      - мақсаттар (шешілетін мәселе және оның шамасы);

      - міндеттер (мәселені шешу жолдары)

      - шешімнің инновациялылығы (жаңалығы);

      - іске асырудың күтілетін нәтижелері;

      2.3 MVP/MSP сипаттамасы және оның дайындық дәрежесі.

      3. Жоба командасы:

      3.1 команданың тізімі:

      - біліктілігі және жұмыс тәжірибесі;

      - команданың әр мүшесінің қатысу дәрежесі (толық, жартылай жұмыспен қамту);

      - жобаның нәтижелеріне қол жеткізуге мүдделілік (жалақы, іске асыру туралы роялти және т.б.).

      4. Шығаруға болжанатын өнім:

      - атауы (типі, маркасы және т. б.);

      - өндіруге және/немесе сатуға дайын өнімнің сипаттамасы;

      - негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;

      -патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.

      5. Жобаның ағымдағы мәртебесі:

      5.1 жоба бойынша орындалған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы (өтінім беру сәтінде), оның ішінде:

      - өнімді жасауға бағытталған;

      - өнімді жылжыту және сатуға (сатуға) бағытталған.

      6. Жобаны іске асырудың ерекше шарттары мен шектеулері:

      - лицензиялардың болуы (егер қызмет түрі лицензиялануға жататын болса).

      7. Жобаны іске асыру құны және қаржыландыру көздері:

      Жоспарланған шығындар кестесі

Дереккөздің атауы

Сомасы
(теңге)

Түсініктемелер


Жобаның жалпы құны




оның ішінде:




Меншікті қаражат




Тартылған инвестициялар




Инновациялық грант




Келтірілген шығыстар кестесі

Дереккөздің атауы

Сомасы
(теңге)

Түсініктемелер


Жоба бойынша тарихи шығындар:




оның ішінде:




Меншікті қаражат




Тартылған инвестициялар




Қаржыландырудың өзге де көздері



       8. Техникалық бөлім:

      8.1 жоба технологиясының және технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы (жұмыс принциптері, компоненттер, өндірістік қуат және т. б., қажет болған жағдайда, суреттерде, диаграммаларда, фотосуреттерде көрсетілуі керек);

      8.2 Технологиялық шешімді таңдау негіздемесі (функционал, әлеует, масштабтау мүмкіндігі),

      8.3 жобаны іске асыру орнын таңдау негіздемесі (ілеспе инфрақұрылым, логистика және т. б);

      8.4 техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау:

Сипаттамалары

Көрсеткіштердің мәні

Меншікті өнім

№ 1 бәсекелі өнім

№ 2 бәсекеге қабілетті өнім

1.




2.







       Талдау түсіндірмелері: өнімнің бәсекелестік сипаттамаларын таңдауды негіздеу, ақпарат көздеріне сілтемелер.

      8.5 Iикізат және материалдар (бар болса):

      -пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      -көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін және кедендік баждарды ескере отырып, бағалардың қолжетімділігі мен деңгейі;

      -шикізат пен материалдарды жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі

      8.6 Жабдықтар мен жиынтықтауыштар (бар болса):

      -қажетті жабдықтардың, материалдар мен жиынтықтауыштардың тізбесі, оларға негізгі техникалық сипаттамалар;

      -көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін, кедендік баждарды, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын ескере отырып, жабдықтар мен жиынтықтауыштардың құны;

      -жабдықтар мен компоненттерді жеткізушіні таңдау қажеттілігінің негіздемесі.

      8.7 Үшінші тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер (бар болса):

      -сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі;

      -сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;

      -жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі.

      9. Ұйымдастыру бөлімі (күнтізбелік жоспарды толтыру үшін негіз болады):

      9.1 жобаның кезеңдері бойынша жұмыстарды жүргізу дәйектілігі мен мерзімдерінің сипаттамасы.

      9.2 әрбір кезеңнің қорытындылары бойынша аралық нәтижелердің сипаттамасы және растайтын материалдардың тізбесі.

      9.3 жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу

      9.4 өтінім беруші мен жобаны іске асыруға тартылған үшінші тұлғалар арасында жоба бойынша жұмыстарды бөлу.

      10. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

      (іске асырудың әрбір сатысы бойынша барлық жұмыстар рет-ретімен көрсетіледі)

Жұмыстардың атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің әрбір іс-шарасы бойынша құны (теңге)

Аяқтау нысаны және растайтын материалдар

1-кезең (6 айдан көп емес)

1





2





3









1-кезең барлығы



2-кезең (12 айдан артық емес)

1





2





3









2-кезеңге барлығы



3-кезең (9 айдан артық емес)

1





2





3









3 -кезеңге барлығы



ЖИЫНЫ



       11. Маркетинг бөлігі

      11.1 өнім бойынша нарықты талдау келтіріледі;

      11.2 "TAM-SAM-SOM" нарығының көрсеткіштерін сипаттайды";

      11.3 клиенттердің "портреті" жасалады (Customer Profile);

      11.4 өнімді жылжытудың маркетингтік жоспары жасалады.

      12. Қаржы бөлігі (шығыстар сметасын қалыптастыру үшін негіз болып табылады).

      Іске асырудың әрбір сатысы бойынша жобаны (шығындарды) орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану негізделеді.

      Бизнес-жоспарға әрбір саты іс-шарасы бойынша негіздеме ретінде таңдауды растайтын құжаттар: Негізгі және балама коммерциялық ұсыныстар (алдын ала шарттар, сілтемелер және т.б. қоса беріледі) қоса беріледі.

      12.1 жоба командасы мүшелерінің жалақысы (порталға жалақы деңгейін растайтын құжаттар: статистикалық деректер, скриншоттар және ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған ұсыныстар орналастырылған интернет-ресурстарға сілтемелер қоса беріледі:

      -жалақы қажеттілігінің есебі келтіріледі;

      -жоба командасы мүшелерінің қатысу дәрежесі көрсетіледі (толық немесе ішінара).

      12.2 БҚ-ға арналған лицензиялардың, жабдықтардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады

      12.3 материалдар мен жинақтауыштардың саны мен жеткізушілерді таңдауды көрсете отырып, оларды сатып алу тізбесі мен құны сипатталады

      12.4 өзге де жұмыстардың және(немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен ақы төлеу құны жобаға қатысуға тартылатын бірлесіп орындаушылардың көрсетілетін қызметтері құнының негіздемесі сипатталады

      12.5 үй-жайларды жалдау құнының негіздемесі сипатталады, жалға алынатын үй-жайдың ауданына қажеттілік есебі келтіріледі.

      12.6 жоспарланған іссапарлар, тәуліктік, ұшу және тұру құнының негіздемесі

      12.7 маркетингтік жоспарға сәйкес маркетингтік шығыстардың құны сипатталады

      12.8 мәліметтерді қамтитын Қаржылық модель жасалады (Excel форматында):

      - кірістер мен шығыстардың болжамы,

      - ақша қаражатының қозғалысын болжау,

      - ақша қаражатының дисконтталған ағыны,

      - болжамдық теңгерім.

      12.9 бар болған жағдайда компанияның Қаржылық есептілігі ұсынылады:

      - бухгалтерлік баланс (баптар бойынша таратып жаза отырып),

      - пайда мен шығындар туралы есеп,

      - ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,

      - капиталдың өзгеруі туралы есеп.

      13. Экологиялық бөлім:

      13.1 Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

      13.2 Жобаның қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі

      14. Тәуекелдерді талдау:

      14.1 тәуекелдердің тізбесін (қаржылық, техникалық, құқықтық, коммерциялық, өндірістік, операциялық және т.б.) оны іске асыру ықтималдығын және жобаны іске асыруға әсер ету дәрежесін (төмен, орташа, жоғары) және тәуекелдерді азайтудың/тәуекелдерді азайтудың ықтимал әдістерін көрсете отырып айқындау.

      15. Күтілетін нәтижелер:

      15.1 Жүзеге асырылатын өнім көлемі (жобаны іске асырудың 3 кезеңі бойынша жеке көрсету қажет);

      15.2 Шығарылатын өнім көлемі натуралды шамада.

      _______________ ___________________________

      (қолы)                  (Т.А.Ә.)

      М. О. (болған жағдайда)


Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы "___" _________
№ _____ бұйрығына
4-қосымша


Қағидаларға
4-қосымша


нысан

Күнтізбелік жоспар

      Жобаның атауы: _________________________________________

Жұмыстардың атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің әрбір іс-шарасы бойынша құны (теңге)

Аяқтау нысаны және растайтын материалдар

1-кезең (6 айдан көп емес)

1





2





3









1-кезеңге барлығы



2- кезең (12 айдан артық емес)

1





2





3









2-кезеңге барлығы



3-кезең (9 айдан артық емес)

1





2





3









3-кезеңге барлығы



ЖИЫНЫ




Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы "___" _________
№ _____ бұйрығына
5-қосымша


Қағидаларға
5-қосымша


нысан

Шығындар талдамасы бар шығыстар сметасы Жобаның атауы _________________________________________ __________________________________________________________________

Р/с №

Жұмыстарды орындауға арналған шығындар

Шығындар сомасы

Қаржыландыру көздері

Баға белгілеу бойынша түсіндірмелер

Есептеулерде қолданылатын деректер көзі

Меншікті қаражат

Инновациялық грант

Инвестициялар (тартылған қаражат)

Қаржыландырудың өзге де көздері (қайсысын көрсету керек)

Шығындар ЖИЫНЫ:

0,00

0,00

0,00

0,00

0,00

оның ішінде баптар мен кезеңдер бойынша:

1-кезең: өнімді жетілдіру және жобаның инвестициялық стратегиясын әзірлеу

1-кезеңге барлығы:








1

жоба командасының жалақысы








2

үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу








3

кеңсе үй-жайы және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау








4

жабдықтарды сатып алу








5

материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу








6

іссапар шығыстары








7

өзге шығыстар (таратып жазу қажет)








2-кезең: өндірісті және (немесе) процестерді іске қосу (жобаны іске асыру)

Барлығы 2-кезеңге:








1

жоба командасының жалақысы








2

үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу








3

кеңселік үй-жайды және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау








4

жабдықтарды сатып алу








5

лицензиялар сатып алу








6

материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу








7

іссапар шығыстары








8

өзге шығыстар (таратып жазу қажет)








3-кезең: жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтер нарығында өнімді сату (коммерцияландыру)

Барлығы 3-кезеңге








1

жоба командасының жалақысы








2

үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу








3

кеңселік үй-жайды және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау








4

жабдықтарды сатып алу








5

лицензиялар сатып алу








6

материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу








7

іссапар шығыстары








8

маркетингтік шығындар








9

өзге шығыстар (таратып жазу қажет)








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады