Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдеде № 23703 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 57-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді барлау салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Уран өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 232 бұйрыққа
1 қосымша

Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 57-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін айқындайды.

      2. "Банктік салым кепілі көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға лицензия берген көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі — құзыретті орган) атынан Қазақстан Республикасының пайдасына беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 10.03.2023 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кодекстің 57-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, банктік салым кепіліне орай Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторларының алдында кепілге салынған банктік салым сомасынан басымдықпен қанағаттандырылуға ие.

      Кодекстің 57-бабына сәйкес кепіл нысанасы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған банктік салым ғана бола алады.

      Салым банктік салым кепіл шартын жасаған (жасасқан) күнге "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валютасымен немесе теңгемен енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы (бұдан әрі – кепіл беруші) банктік салым кепілі бойынша кепіл беруші болады.

      5. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға лицензия берген құзыретті орган атынан Қазақстан Республикасы банктік салым кепілі бойынша кепіл ұстаушы (бұдан әрі – кепіл ұстаушы) болады.

      6. Банктік салым кепілі кепіл беруші, кепіл ұстаушы және банктік салым орналастырылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – банк) арасында жасалатын банктік салым кепіл шартына (бұдан әрі – кепіл шарты) байланысты туындайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кепіл шарты Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

2-тарау. Банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібі

1-параграф. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде банктік салымның кепіл шартын жасасу

      8. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепіл шартын жасасу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) кепіл беруші кепіл ұстаушыға жазбаша еркін нысанда береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішке қоса берілетін мәліметтер. Бұл ретте өтінішке қоса берілетін мәліметтердің ескертпесінде көзделген жағдайда, осы тармақшада келтірілген өтінішке қоса берілетін мәліметтердің 17-жолында тиісті ақпарат көрсетіледі;

      2) кепіл беруші мен банк қол қойған, Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес құзыретті орган бекіткен кепіл шартының үлгілік нысанына сәйкес келетін кепіл шарты жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы (бұдан әрі – кепіл шартының жобасы);

      3) өтініш берілген күннің алдындағы күннен кейін берілген, кепілге берілетін банктік салым бойынша кепіл беруші ашқан банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме (түпнұсқа не көшірме);

      4) кепіл шартына (түпнұсқа не көшірме) қол қою кезінде кепіл беруші мен банктің атынан әрекет ететін тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Өтінішке қоса берілетін, осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4)тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және (немесе) орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Нотариат туралы заң) 80-бабына сәйкес олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      9. Кепіл ұстаушы ұсынылған кепіл шартының жобасын және оған қоса берілетін құжаттарды келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Кодекс пен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және кепіл шартын жасасудан бас тартуға негіздер болмаған кезде, осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес кепіл шартына қол қояды.

      10. Кепіл шартын жасасу кезінде кепіл ұстаушының уәкілетті адамы оның қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасының әрқайсысына қол қояды.

      11. Кепіл ұстаушының уәкілетті адамы кепіл шартына қол қойған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның үш данасы кепіл берушіге берілуге жатады.

      12. Кепіл беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықтың 2-тарауының талаптарына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден өтеді.

      Кепіл шарты тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепіл беруші кепіл шартының қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данасын кепіл ұстаушыға және банкке жібереді.

      13. Кепіл ұстаушы кепіл шартын жасасудан мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) егер кепіл шартының жобасы Кодекстің талаптарына, оның ішінде Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес құзыретті орган бекіткен кепіл шартының үлгілік нысанына сәйкес келмесе;

      2) егер кепіл шартының жобасына банктің және (немесе) кепіл берушінің уәкілетті адамдары қол қоймаса, және (немесе) онда банктің мөрі болмаса;

      3) егер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса.

      14. Кепіл шартын жасасудан бас тартылған жағдайда кепіл ұстаушы кепіл берушіге бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті дәлелді жауап жібереді.

      15. Кепіл шартын жасасудан бас тарту туралы дәлелді жауап кезінде кепіл берушінің қалауы бойынша осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген бас тарту үшін негіздер жойылған соң өтініш қайта беріледі.

2-параграф. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      16. Жасалған кепіл шартына, оның ішінде Кодекстің 126-бабының 7-тармағы және 177-бабының 6-тармағы негізінде банктік салым сомасының ұлғаюына байланысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кепіл беруші кепіл ұстаушының мекенжайына мынадай құжаттарды:

      1) кепіл шартына қосымша келісім жасасу туралы өтініш;

      2) үш данада қазақ және орыс тілдерінде кепіл беруші мен банк қол қойған кепіл шартына қосымша келісімнің жобасы;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепіл шартына қосымша келісім жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер;

      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және (немесе) орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, Нотариат туралы заңның 80-бабына сәйкес олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      17. Кепіл ұстаушы өтінішті және осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген берілген құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырады және олар Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, кепіл шартына қосымша келісім жасауға, оның ішінде тиісті кепіл шартында көрсетілген салым сомасының ұлғаюына байланысты жасасуға келісетіні туралы кепіл берушіні және банкті хабардар етеді.

      18. Кепіл ұстаушы кепіл шартына қосымша келісім жасасудан мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) егер кепіл шартына қосымша келісім жобасы Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;

      2) егер кепіл шартына қосымша келісім жобасына банктің және (немесе) кепіл берушінің уәкілетті адамдары қол қоймаса, және (немесе) онда банктің мөрі болмаса;

      3) егер осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса.

      19. Кепіл шартына қосымша келісім жасасудан бас тартуға негіздер болмаған кезде құзыретті органның уәкілетті адамы кепіл шартына қосымша келісімнің әрбір данасына қол қояды.

      20. Кепіл шартына қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушы кепіл берушіге осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тіркеуден өту үшін қазақ және орыс тілдерінде қосымша келісімнің үш данасын жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепіл шартына қосымша келісім тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепіл беруші кепіл шартына қосымша келісімнің қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данасын кепіл ұстаушыға және банкке жібереді.

      21. Кепіл шартына қосымша келісім кепіл ұстаушының тізілімінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

  Банктік салымның кепіл шартын
жасасу қағидаларына
1-қосымша

Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салымның кепіл шартын жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер

      "__" _______20__ жыл

Кепіл беруші туралы мәліметтер

Жеке тұлға үшін

1.

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі


3.

Тұрғылықты жері


4.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Заңды тұлға үшін

5.

Заңды тұлғаның атауы


6.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН) (бар болса)


7.

Орналасқан жері


8.

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер


Банктік салымның кепілі тәсілімен қамтамасыз ету ұсынылатын жер қойнауын пайдалану құқығына ие кепіл берушілер үшін

9.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың түрі


10.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күні


11.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі


12.

Банктік салымның кепіл шарты жобасының нөмірі (бар болса)


13.

Құқықтары кепілге берілетін салым орналастырылған банктің атауы, БСН (бар болса), мекенжайы


14.

Жобада көзделген, ұсынылатын банктік салымның кепіл шартының қолданылу мерзімі


15.

Шарт жасасу кезінде кепілге берілетін банктік салым сомасы


Жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы сомасы туралы мәліметтер

16.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасы


Жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын басқа да қамтамасыз ету туралы мәліметтер

17.

Банктік салым кепілі жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табыла ма*:
иә
жоқ


18.

Ұсынылатын немесе ұсынылған жоюды қамтамасыз етудің түрі (түрлері), деректемелері, сомалары және қолданылу мерзімдері (бар болса)


      ___________________

      (кепіл берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өтінішті өкіл берген жағдайда, өкілеттілікті куәландыратын тиісті ресімделген құжат қоса беріледі)

      Кепіл беруші:

      ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / атауы)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

      Ескертпе: * - Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін және Кодекстің 277-бабы 3-тармағының он тоғызыншы абзацына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай өткен соң берілген және жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар мен лицензиялар бойынша, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатынастарға қолданылады.

  Банктік салымның кепіл шартын
жасасу қағидаларына
2-қосымша

Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салымның кепіл шартына қосымша келісім жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер

      "__" _________20__ жыл

Кепіл беруші туралы мәліметтер

Жеке тұлғалар үшін

1.

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


3.

Тұрғылықты жері


4.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Заңды тұлға үшін

5.

Заңды тұлғаның атауы


6.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (бар болса)


7.

Орналасқан жері


8.

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер


Кепіл шарты туралы мәліметтер

9.

Қамтамасыз ету тізіліміндегі кепіл шартының есептік нөмірі


10.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәліметтер


11.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негіздері немесе себептері


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)______________________________________________________________;

      2)______________________________________________________________;

      3)______________________________________________________________;

      4)______________________________________________________________. (құжаттардың атауы және беттер саны)

      ___________________

      (кепіл берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өтінішті өкіл берген жағдайда, өкілеттілікті куәландыратын тиісті ресімделген құжат қоса беріледі)

      Кепіл беруші:

      ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / атауы)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 232 бұйрыққа
2 қосымша
  Нысан

Көмірсутектерді барлау салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны 20___жылғы "___" ________ №_____

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке

      басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке тұлғаның жеке

      сәйкестендіру нөмірі және (немесе) заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — БСН), жер қойнауын пайдалану құқығының

      иесі болып табылатын заңды тұлғаның мекенжайы) (бұдан әрі – Кепіл беруші)

      атынан __________________ (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      толық) ________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар үшін)

      _______________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін (кепіл шартын жасасатын көмірсутектер саласындағы

      құзыретті органның толық атауы, БСН _________________________________,

      орналасқан жері, мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, Қазақстан Республикасы, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше

      атауы, үй/ғимарат нөмірі), Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін

      (бұдан әрі – Кепіл ұстаушы), ________________________________ (шартқа қол

      қоюға уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

      _____________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың түрі, күні және нөмірі), және

      _______________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің/Ұлттық пошта

      операторының толық атауы), БСН ___________________, _________ жылғы

      берілген (лицензияның күні мен нөмірі, лицензияны берген мемлекеттік

      органның атауы) № ____ лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге

      асыратын ____________________ (бұдан әрі – Банк) атынан

      ______________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) негізінде әрекет

      ететін _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) толық).

      Мыналарды:

      1) Банкте ІBAN __________ (нөмер) теңгемен (шетел валютасымен) ашылған шотқа қатысты Кепіл беруші Банкпен _______ жылғы № __________ банктік салым шартын __________ (шарт жасасу күні мен нөмірі) (бұдан әрі – Салым) жасасқанын;

      2) Кепіл беруші "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес көмірсутектерді барлауға/барлауға және өндіруге арналған _________________________________________________ келісімшарт (қызмет түрін, келісімшарт жасасу күні мен нөмірін көрсету) бойынша (бұдан әрі – Келісімшарт) берілген жер қойнауы учаскесінде (бұдан әрі – Барлау учаскесі) көмірсутектерді барлау бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында Салым бойынша барлық құқықтарды Кепіл ұстаушыға кепілге беруге ниеттенетінін назарға ала отырып, жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және Банк (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы банктік салымның кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-бөлім. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Шартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісі – барлау учаскесінде жүргізілетін көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын (тоқтатылғанын) растайтын, Кодекске сәйкес қол қойылатын құжат;

      2 ) жою жобасы – жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген келісулер мен сараптамалардың оң қорытындылары алынған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы;

      3) Салым сомасы – осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта Салым бойынша жиынтық ақшалай сома.

      Осы Шартта пайдаланылатын барлық өзге де терминдер мен анықтамалар, егер тікелей өзгеше көзделмесе, Кодексте және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген мағынаға ие болады.

2-бөлім. Кепіл нысанасы

      1. Барлау учаскесінде ______________________________ мөлшерінде (барлау жұмыстарының жобасында және (немесе) сынамалап пайдалану жобасында айқындалған қамтамасыз етудің жалпы сомасын, валютасын цифрмен және жазбаша көрсету) көмірсутектерді барлау бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі Кепіл берушінің міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету үшін Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға кепілге салынған банктік салымының сомасы бөлігінде банктік салымының шарты бойынша барлық талап ету құқықтарын (бұдан әрі – Кепіл нысанасы) кепілге береді.

      2. Банк пен Кепіл беруші өздері осы Шартқа қол қойған күні Банк қабылдаған Салым сомасы _________________ теңгені құрайтынын (Салымның жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету) растайды, бұл банктің _______________ жылғы №_______________ салымы бойынша ашылған шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмесімен расталады.

      Осы Шарт бойынша Кепіл нысанасы болып табылатын, көмірсутектерді барлау бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстарының жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақша жарнасы арқылы қалыптастырылады.

      Көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын ұлғайтуды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына не сынамалап пайдалану жобасына толықтыру бекітілген жағдайда, тиісті қосымша сома осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.

      3. Осы Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын толық көлемде жою жөніндегі міндеттемені орындау мерзімі Кодекске сәйкес айқындалатын мерзімде басталады.

      4. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны және Банкті осы Шартты жасасу күніне Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың құқықтарымен заңды және іс жүзінде ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      5. Банк Кепіл ұстаушыны осы Шартқа қол қойылған күні Кепіл беруші басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың пайдасына Салым бойынша құқықтар кепілі туралы жазбаша хабардар етпегендігін куәландырады

      6. Кепіл ұстаушы Шартқа қол қойған күннен бастап Банк салым кепілі туралы хабардар етілген болып есептеледі.

      7. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы құзыретті орган бекіткен банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) сақтай отырып, Салым сомасын өзгертуге жол беріледі.

      8. Тараптар осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін:

      1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Барлау учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстардың құнына учаскені консервациялаған;

      2) Кодекстің 126-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда Кепіл берушінің Кодекске және Қағидаларға сәйкес берілуі мүмкін Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен Салым сомасын ішінара қайтарудан басқа, Салымды толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқығы жоқ деп келісті.

3-бөлім. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері

      9. Кепіл беруші:

      1) осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушының Кепіл нысанасына өндіріп алғаннан кейін қалған Салым бойынша ақша алуға;

      2) Қағидаларға сәйкес Салым (толықтыру) бойынша қосымша сомаларды енгізуге;

      3) Келісімшарт бойынша жүргізілетін көмірсутектерді барлау бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық орындалғаннан кейін Кепіл ұстаушыдан Кепіл нысанасынан ауыртпалықты алып тастау үшін Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.

      10. Кепіл беруші:

      1) Кепіл ұстаушының келісімінсіз Салым және Банктегі тиісті шот бойынша құқықтарды бермеуге немесе өзгеше түрде билік етуге;

      2) Кепіл нысанасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде оны үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан және талаптардан қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға;

      3) осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген міндеттерді уақтылы және тиісті түрде орындауға;

      4) Кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына Кепіл нысанасына қатысты және (немесе) мүдделілік жөнінде қандай да бір құқық бермеуге;

      5) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанасына қатысты немесе оған қатысты болуы мүмкін кез келген өкім, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және Кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде Кепіл берушінің Кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) Кепіл нысанасының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға;

      6) өндіріп алуға өтініш түскен жағдайда, адал ынтымақтасуға және Кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге;

      7) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      8) Кепіл берушіге (заңды тұлғаға) бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғаны туралы Кепіл ұстаушыға хабарлауға;

      9) Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет етпеуге міндетті.

4-бөлім. Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері

      11. Кепіл ұстаушы:

      1) Кепіл берушіден немесе Банктен тиісті жазбаша талап алынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға берілуге тиіс Салым бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені сұратуға;

      2) Кепіл берушіден Кепіл нысанасын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша Кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде Кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      3) кепіл құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасын жоғалту қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл нысанасына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда кез келген тұлғадан, оның ішінде кепіл берушіден кепіл нысанасына кез келген қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге құқығы бар;

      4) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру алу мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша барлық Кепіл нысанасы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға;

      5) Кепіл беруші көмірсутектерді барлау бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған Кепіл нысанасының сомасынан Кепіл берушінің басқа кредиторларының алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқылы.

      12. Кепіл беруші Кепіл нысанасымен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін, Кепіл ұстаушы кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

5-бөлім. Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу

      13. Осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушы Кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқылы.

      14. Тараптар Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу (кепіл нысанасын өткізу) Банк Кепіл ұстаушыға Кепіл ұстаушының бірінші жазбаша талабы бойынша Салым бойынша барлық Соманы беру жолымен, ал Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу кезінде Салым бойынша барлық соманы беру мүмкін болмаған кезде оның жазбаша хабарламасы бойынша салым бойынша құқықтарды Кепіл ұстаушыға ауысуы жолымен соттан тыс тәртіппен жүргізілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк пен Кепіл беруші салым бойынша құқықтардың Кепіл ұстаушыға осындай ауысуына өзінің келісімін растайды.

      15. Банк Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      16. Осы Шарт бойынша кепілмен өндіріп алу жөніндегі шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою құны бойынша, келісімшарт бойынша Кепіл ұстаушының нақты қанағаттандырылған кезге қарай қандай мөлшерде бар екендігі жөніндегі талабы қамтамасыз етіледі.

6-бөлім. Кепілді тоқтату

      17. Осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушыға берілген кепіл:

      1) Кодекске сәйкес тиісті Жою актісіне қол қойылғаннан кейін Барлау учаскесінде көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған кезде;

      2) осы Шартқа сәйкес Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу қолданылған жағдайда тоқтатылады.

7-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      18. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      19. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодекске сәйкес шешілуге тиіс.

8-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      20. Егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      21. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар жатады, мысалы: төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай).

      22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап еңсерілмес күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру не поштамен жіберу арқылы бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.

9-бөлім. Басқа талаптар

      23. Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз Кепіл беруші осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге, басқаға беруге, новацияны жүзеге асыруға немесе иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

      24. Кепіл нысанасы тұрғысынан меншік құқығы Кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және Кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

      25. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның Барлау учаскесінде, оның ішінде осы Шарт бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кепіл беруші мен Банктің келісімінсіз тиісті мемлекеттік органға ауысады.

      26. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған және көмірсутектер саласындағы құзыретті органда тіркелген жағдайда ғана күшіне енеді.

      27. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _____________ жасалды.

      28. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан жасалды.

      29. Осы Шарт көмірсутектер саласындағы құзыретті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және жою бойынша міндеттеменің орындалғанына дейін немесе Кепіл беруші келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

10-бөлім. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Кепіл беруші:

Кепіл ұстаушы:

________________________________
(көмірсутектерді барлауға/барлауға
және өндіруге арналған келісімшарт
бойынша жер қойнауын
пайдаланушының толық атауы)

________________________________
(құзыретті органның толық атауы)



БСН: ________________________________

БСН: ________________________________

________________________________

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Банк:

________________________________
(банктің толық атауы)


БСН: ________________________________

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 232 бұйрыққа
3 қосымша
  Нысан

Көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны 20___жылғы "___" ________ №_____

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке

      басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке тұлғаның жеке

      сәйкестендіру нөмірі және (немесе) заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — БСН), жер қойнауын пайдалану құқығының

      иесі болып табылатын заңды тұлғаның мекенжайы) (бұдан әрі – Кепіл беруші)

      атынан __________________ (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      толық) ________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар

      үшін) _______________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін (кепіл шартын жасасатын көмірсутектер саласындағы

      құзыретті органның толық атауы, БСН __________________________________,

      орналасқан жері, мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, Қазақстан Республикасы, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше

      атауы, үй/ғимарат нөмірі), Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін

      (бұдан әрі – Кепіл ұстаушы), ________________________________ (шартқа қол

      қоюға уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

      _____________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың түрі, күні және нөмірі),

      және _______________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің/Ұлттық пошта

      операторының толық атауы), БСН ___________________, _________ жылғы

      берілген (лицензияның күні мен нөмірі, лицензияны берген мемлекеттік

      органның атауы) № ____ лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге

      асыратын ____________________ (бұдан әрі – Банк) атынан

      ______________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) негізінде әрекет

      ететін _______________________________________________________________

                  (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) толық).

      Мыналарды:

      1) Банкте ІBAN __________ (нөмер) теңгемен (шетел валютасымен) ашылған шотқа қатысты Кепіл беруші Банкпен _______ жылғы № __________ банктік салым шартын __________ (шарт жасасу күні мен нөмірі) (бұдан әрі – Салым) жасасқанын;

      2) Кепіл беруші "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес көмірсутектерді барлауға/барлауға және өндіруге арналған _________________________________________________ келісімшарт (қызмет түрін, келісімшарт жасасу күні мен нөмірін көрсету) бойынша (бұдан әрі – Келісімшарт) берілген жер қойнауы учаскесінде (бұдан әрі – Барлау учаскесі) көмірсутектерді өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында Салым бойынша барлық құқықтарды Кепіл ұстаушыға кепілге беруге ниеттенетінін назарға ала отырып, жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және Банк (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы банктік салымның кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-бөлім. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Шартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісі – барлау учаскесінде жүргізілетін көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын (тоқтатылғанын) растайтын, Кодекске сәйкес қол қойылатын құжат;

      2) жою жобасы – жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген келісулер мен сараптамалардың оң қорытындылары алынған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы;

      3) Салым сомасы – осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта Салым бойынша жиынтық ақшалай сома.

      Осы Шартта пайдаланылатын барлық өзге де терминдер мен анықтамалар, егер тікелей өзгеше көзделмесе, Кодексте және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген мағынаға ие болады.

2-бөлім. Кепіл нысанасы

      1. Өндіру учаскесінде теңге мөлшерінде (кен орнын игеру жобасында немесе игеру талдауында айқындалған қамтамасыз етудің жалпы сомасын, валютасын цифрмен және жазбаша көрсету) көмірсутектерді өндіру бойынша операциялардың салдарын жою бойынша Кепіл берушінің міндеттемелерін тиісінше орындауды қамтамасыз ету үшін Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға кепілге салынған банктік салымы сомасы бөлігінде банктік салымының шарты бойынша барлық талап ету құқықтарын (бұдан әрі – Кепіл нысанасы) кепілге береді.

      2. Банк пен Кепіл беруші өздері осы Шартқа қол қойған күні Банк қабылдаған салым сомасы __________ теңгені құрайтынын (салымның жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету) растайды, бұл Банктің _______________ жылғы №_______________ салымы бойынша ашылған шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмесімен расталады.

      Осы Шарт бойынша өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін Кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым кен орнын игеру жобасында көмірсутектерді өндірудің жоспарланған көлеміне барабар айқындалған сома мөлшеріндегі ақша жарнасы арқылы қалыптастырылады.

      Көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы кен орнын игеру жобасында көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде айқындалады және игеруді талдау шеңберінде кемінде үш жылда бір рет қайта есептелуге жатады.

      3. Кепіл беруші жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасына сәйкес Салым бойынша шотқа ағымдағы жылда көзделген міндеттемелер сомасына күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай жыл сайын аударымдар жүргізеді.

      Кепіл беруші күнтізбелік жылдың бірінші айының 25-ші күніне дейінгі мерзімде Салым бойынша шотқа жүргізілген төлемдер туралы Кепіл ұстаушыға жыл сайын хабарлайды.

      4. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны және Банкті осы Шартты жасасу күніне Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың құқықтарымен заңды және іс жүзінде ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      5. Банк Кепіл ұстаушыны осы Шартқа қол қойылған күні Кепіл беруші басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың пайдасына Салым бойынша құқықтар кепілі туралы жазбаша хабардар етпегендігін куәландырады.

      6. Кепіл ұстаушы Шартқа қол қойған күннен бастап Банк салым кепілі туралы хабардар етілген болып есептеледі.

      7. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы құзыретті орган бекіткен банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) сақтай отырып, Салым сомасын өзгертуге жол беріледі.

      8. Тараптар осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін:

      1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстардың құнына учаскені консервациялаған;

      2) Кодекстің 126-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда Кепіл берушінің Кодекске және Қағидаларға сәйкес берілуі мүмкін Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен Салым сомасын ішінара қайтарудан басқа, Салымды толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқығы жоқ деп келісті.

3-бөлім. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері

      9. Кепіл беруші:

      1) осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушының Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алынғаннан кейін қалған Салым бойынша ақша алуға;

      2) Қағидаларға сәйкес Салым (толықтыру) бойынша қосымша сомаларды салуға;

      3) Келісімшарт бойынша жүргізілетін көмірсутектерді өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық тоқтатылғаннан кейін Кепіл нысанасынан ауыртпалықты алып тастау үшін Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қабылдауды Кепіл ұстаушыдан талап етуге құқылы.

      10. Кепіл беруші:

      1) Кепіл ұстаушының келісімінсіз Салым және Банктегі тиісті шот бойынша құқықтарды бермеуге немесе өзгеше түрде билік етуге;

      2) Кепіл нысанасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде оны үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан және талаптардан қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға;

      3) осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген міндеттерді уақтылы және тиісті түрде орындауға;

      4) Кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына Кепіл нысанасына қатысты және (немесе) мүдделілік жөнінде қандай да бір құқық бермеуге;

      5) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанасына қатысты немесе оған қатысты болуы мүмкін кез келген өкім, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және Кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде Кепіл берушінің Кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) Кепіл нысанасының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға;

      6) өндіріп алуға өтініш түскен жағдайда, адал ынтымақтасуға және Кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге;

      7) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      8) Кепіл берушіге (заңды тұлғаға) бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғаны туралы Кепіл ұстаушыға хабарлауға;

      9) Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет етпеуге міндетті.

4-бөлім. Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері

      11. Кепіл ұстаушы:

      1) Кепіл берушіден немесе Банктен тиісті жазбаша талап алынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға берілуге тиіс Салым бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені сұратуға;

      2) Кепіл берушіден Кепіл нысанасын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша Кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде Кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      3) кепіл құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасын жоғалту қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл нысанасына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда кез келген тұлғадан, оның ішінде кепіл берушіден кепіл нысанасына кез келген қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге;

      4) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру алу мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша барлық Кепіл нысанасы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға;

      5) Кепіл беруші көмірсутектерді өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған Кепіл нысанасының сомасынан Кепіл берушінің басқа кредиторларының алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқылы.

      12. Кепіл беруші Кепіл нысанасымен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін, Кепіл ұстаушы кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

5-бөлім. Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу

      13. Осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушы Кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқылы.

      14. Тараптар Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану (Кепіл нысанасын өткізу) Банк Кепіл ұстаушыға Кепіл ұстаушының бірінші жазбаша талабы бойынша Салым бойынша тиесілі барлық ақшаны беру жолымен, ал Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану кезінде ақша беру мүмкін болмаған кезде – Кепіл ұстаушыға оның жазбаша хабарламасы бойынша Салым бойынша құқықтарға көшу жолымен соттан тыс тәртіппен жүргізілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк пен Кепіл беруші Салым бойынша құқықтардың Кепіл ұстаушыға осындай ауысуына өзінің келісімін растайды.

      15. Банк Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      16. Осы Шарт бойынша кепілмен өндіріп алу жөніндегі шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою құны бойынша Кепіл ұстаушының нақты қанағаттандырылған кезге қарай қандай мөлшерде болса, сондай мөлшерде талабы қамтамасыз етіледі.

6-бөлім. Кепілді тоқтату

      17. Осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушыға берілген кепіл:

      1) Кодекске сәйкес тиісті Жою актісіне қол қойылғаннан кейін өндіру учаскесінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған кезде;

      2) осы Шартқа сәйкес Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу қолданылған жағдайда тоқтатылады.

7-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      18. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      19. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодекске сәйкес шешілуге тиіс.

8-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      20. Егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      21. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар жатады, мысалы: төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай).

      22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру не поштамен жіберу арқылы бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.

9-бөлім. Басқа талаптар

      23. Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз Кепіл беруші осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге, басқаға беруге, новацияны жүзеге асыруға немесе иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

      24. Кепіл нысанасы тұрғысынан меншік құқығы Кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және Кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

      25. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның өндіру учаскесінде, оның ішінде осы Шарт бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кепіл беруші мен Банктің келісімінсіз тиісті мемлекеттік органға ауысады.

      26. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған және көмірсутектер саласындағы құзыретті органда тіркелген жағдайда ғана күшіне енеді.

      27. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _____________ жасалды.

      28. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан жасалды.

      29. Осы Шарт көмірсутектер саласындағы құзыретті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және жою бойынша міндеттеменің орындалғанына дейін немесе Кепіл беруші келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

10-бөлім. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Кепіл беруші:

Кепіл ұстаушы:

________________________________
(көмірсутектерді өндіруге/барлауға
және өндіруге арналған келісімшарт
бойынша жер қойнауын
пайдаланушының толық атауы)

________________________________
(құзыретті органның толық атауы)



БСН: ________________________________

БСН: ________________________________

________________________________

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Банк:

________________________________
(банктің толық атауы)


БСН: ________________________________

______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 232 бұйрыққа
4 қосымша
  Нысан

Уран өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны 20___жылғы "___" ________ №_____

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке

      басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке тұлғаның жеке

      сәйкестендіру нөмірі және (немесе) заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — БСН), жер қойнауын пайдалану құқығының

      иесі болып табылатын заңды тұлғаның мекенжайы) (бұдан әрі – Кепіл беруші)

      атынан __________________ (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      толық) ________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар

      үшін)________________________________________________________________

      ____________________________________________________ негізінде әрекет

      ететін (кепіл шартын жасасатын уран өндіру саласындағы құзыретті органның

      толық атауы, БСН __________________________, орналасқан жері, мекенжайы:

      ___________________________________________________________ (пошта

      индексі, Қазақстан Республикасы, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі), Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін (бұдан әрі –

      Кепіл ұстаушы), ________________________________ (шартқа қол қоюға

      уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

      _____________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың түрі, күні және нөмірі), және

      ______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің/Ұлттық пошта

      операторының толық атауы), БСН ____________________, _________ жылғы

      берілген (лицензияның күні мен нөмірі, лицензияны берген мемлекеттік

      органның атауы) № ______ лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге

      асыратын ______________________________ (бұдан әрі – Банк) атынан

      _________________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) негізінде әрекет

      ететін _______________________________________________________________

                  (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) толық).

      Мыналарды:

      1) Кепіл беруші Банкте ІBAN __________ теңгемен (шетел валютасымен) ашылған шотқа қатысты Кепіл беруші Банкпен _______ жылғы № __________ банктік салым шартын __________ (шарт жасасу күні мен нөмірі) (бұдан әрі – Салым) жасасқанын;

      2) Кепіл беруші "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес уран өндіруге арналған _____________________________________ келісімшарт (қызмет түрін, келісімшарт жасасу күні мен нөмірін көрсету) бойынша (бұдан әрі – Келісімшарт) берілген жер қойнауы учаскесінде (бұдан әрі – Барлау учаскесі) уран өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында Салым бойынша барлық құқықтарды Кепіл ұстаушыға кепілге беруге ниеттенетінін назарға ала отырып, жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және Банк (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы банктік салымның кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-бөлім. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Шартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісі – өндіру учаскесінде жүргізілетін өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын (тоқтатылғанын) растайтын, Кодекске сәйкес қол қойылатын құжат;

      2) жою жобасы – жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген келісулер мен сараптамалардың оң қорытындылары алынған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы;

      3) Салым сомасы – осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта Салым бойынша жиынтық ақшалай сома;

      Осы Шартта пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар, егер тікелей өзгеше көзделмесе, Кодексте және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген мағынаға ие болады.

2-бөлім. Кепіл нысанасы

      1. Барлау учаскесінде ______________________________ мөлшерінде (жобалау құжатында айқындалған қамтамасыз етудің жалпы сомасын, валютасын цифрмен және жазбаша көрсету) уран өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі Кепіл берушінің міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету үшін Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға кепілге салынған банктік салымының сомасы бөлігінде банктік салымының шарты бойынша барлық талап ету құқықтарын (бұдан әрі – Кепіл нысанасы) кепілге береді.

      2. Банк пен Кепіл беруші өздері осы Шартқа қол қойған күні Банк қабылдаған салым сомасы ________теңгені құрайтынын (салымның жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету) растайды, бұл Банктің _______________ жылғы №_______________ салымы бойынша ашылған шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмесімен расталады.

      Осы Шарт бойынша Кепіл нысанасы болып табылатын, уран өндіру операциясының салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым уран өндірудің жоспарланған көлеміне пропорционалды түрде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақша жарнасы арқылы қалыптастырылады.

      Банк салымына жарналардың мөлшері уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында айқындалады және игеруді талдау шеңберінде кемінде үш жылда бір рет қайта есептелуге жатады.

      3. Кепіл беруші жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасына сәйкес Салым бойынша шотқа ағымдағы жылда көзделген міндеттемелер сомасына күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай жыл сайын аударымдар жүргізеді.

      Кепіл беруші күнтізбелік жылдың бірінші айының 25-ші күніне дейінгі мерзімде Салым бойынша шотқа жүргізілген төлемдер туралы Кепіл ұстаушыға жыл сайын хабарлайды.

      4. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны және Банкті осы Шартты жасасу күніне Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың құқықтарымен заңды және іс жүзінде ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      5. Банк Кепіл ұстаушыны осы Шартқа қол қойылған күні Кепіл беруші басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың пайдасына Салым бойынша құқықтар кепілі туралы жазбаша хабардар етпегендігін куәландырады.

      6. Кепіл ұстаушы шартқа қол қойған күннен бастап Банк Салым кепілі туралы хабардар етілген болып есептеледі.

      7. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы құзыретті орган бекіткен банктік салым кепіл шартын жасасу тәртібін сақтай отырып, Салым сомасын өзгертуге жол беріледі (бұдан әрі – Қағидалар).

      8. Тараптар осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін:

      1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстардың құнына учаскені консервациялаған;

      2) Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда Кепіл берушінің Кодекске және Қағидаларға сәйкес берілуі мүмкін Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен Салым сомасын ішінара қайтарудан басқа, Салымды толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқығы жоқ деп келісті.

3-бөлім. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері

      9. Кепіл беруші:

      1) осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушының Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алынғаннан кейін қалған Салым бойынша ақша алуға;

      2) Қағидаларға сәйкес Салым (толықтыру) бойынша қосымша сомаларды салуға;

      3) Келісімшарт бойынша жүргізілетін уран өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық тоқтатылғаннан кейін Кепіл нысанасынан ауыртпалықты алып тастау үшін Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қабылдауды Кепіл ұстаушыдан талап етуге құқылы.

      10. Кепіл беруші:

      1) Кепіл ұстаушының келісімінсіз Салым және Банктегі тиісті шот бойынша құқықтарды бермеуге немесе өзгеше түрде билік етуге;

      2) Кепіл нысанасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде оны үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан және талаптардан қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға;

      3) осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген міндеттерді уақтылы және тиісті түрде орындауға;

      4) Кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына Кепіл нысанасына қатысты және (немесе) мүдделілік жөнінде қандай да бір құқық бермеуге;

      5) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанасына қатысты немесе оған қатысты болуы мүмкін кез келген өкім, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және Кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде Кепіл берушінің Кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) Кепіл нысанасының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға;

      6) өндіріп алуға өтініш түскен жағдайда, адал ынтымақтасуға және Кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге;

      7) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      8) Кепіл берушіге (заңды тұлғаға) бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғаны туралы Кепіл ұстаушыға хабарлауға;

      9) Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет етпеуге міндетті.

4-бөлім. Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері

      11. Кепіл ұстаушы:

      1) Кепіл берушіден немесе Банктен тиісті жазбаша талап алынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға берілуге тиіс Салым бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені сұратуға;

      2) Кепіл берушіден Кепіл нысанасын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша Кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде Кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      3) кепіл құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасын жоғалту қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл нысанасына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда кез келген тұлғадан, оның ішінде кепіл берушіден кепіл нысанасына кез келген қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге құқығы бар;

      4) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру алу мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша барлық Кепіл нысанасы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға;

      5) Кепіл беруші көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған Кепіл нысанасының сомасынан Кепіл берушінің басқа кредиторларының алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқылы.

      12. Кепіл беруші Кепіл нысанасымен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін, Кепіл ұстаушы кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес Кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

5-бөлім. Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу

      13. Осы Шартқа сәйкес Кепіл ұстаушы Кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқылы.

      14. Тараптар Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу (кепіл нысанасын өткізу) Банк Кепіл ұстаушыға Кепіл ұстаушының бірінші жазбаша талабы бойынша Салым бойынша барлық Соманы беру жолымен, ал Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу кезінде Салым бойынша барлық соманы беру мүмкін болмаған кезде оның жазбаша хабарламасы бойынша салым бойынша құқықтарды Кепіл ұстаушыға ауысуы жолымен соттан тыс тәртіппен жүргізілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк пен Кепіл беруші салым бойынша құқықтардың Кепіл ұстаушыға осындай ауысуына өзінің келісімін растайды.

      15. Банк Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алуды қолдану жөніндегі шараларды қабылдау кезінде Кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      16. Осы Шарт бойынша кепілмен өндіріп алу жөніндегі шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, келісімшарт бойынша уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою құны бойынша Кепіл ұстаушының нақты қанағаттандырылған кезге қарай қандай мөлшерде болса, сондай мөлшерде талабы қамтамасыз етіледі.

6-бөлім. Кепілді тоқтату

      17. Осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушыға берілген кепіл:

      1) Кодекске сәйкес тиісті жою актісіне қол қойылғаннан кейін уран өндіру учаскесінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған кезде;

      2) осы Шартқа сәйкес Кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алу қолданылған жағдайда тоқтатылады.

7-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      18. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және талқылауға жатады.

      19. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодекске сәйкес шешілуге тиіс.

8-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      20. Егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      21. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар жатады, мысалы: төтенше жағдайлар және осы жағдайлар кезінде еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай).

      22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап еңсерілмес күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру не пошта арқылы жіберу арқылы бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.

9-бөлім. Басқа талаптар

      23. Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз Кепіл беруші осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге, басқаға беруге, новацияны жүзеге асыруға немесе иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

      24. Кепіл нысанасы тұрғысынан меншік құқығы Кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және Кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

      25. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның өндіру учаскесінде, оның ішінде осы Шарт бойынша уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кепіл беруші мен Банктің келісімінсіз тиісті мемлекеттік органға ауысады.

      26. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған және уран өндіру саласындағы құзыретті органда тіркелген жағдайда ғана күшіне енеді.

      27. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _____________ жасалды.

      28. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан жасалды.

      29. Осы Шарт уран өндіру саласындағы құзыретті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Кепіл беруші келісімшарт бойынша уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындағанға дейін немесе толық орындағанға дейін қолданылады.

10-бөлім. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Кепіл беруші:

Кепіл ұстаушы:

________________________________
(уран өндіруге арналған
келісімшарт бойынша жер қойнауын
пайдаланушының толық атауы)

________________________________
(құзыретті органның толық атауы)



БСН: ________________________________

БСН: ________________________________

________________________________

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Банк:

________________________________
(банктің толық атауы)


БСН: ________________________________

______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады