"Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шiлдеде № 23740 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Азаматтық және қызметтік қаруды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметті жүзеге асыруға, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды (мәдени көпшіліктер іс-шараларды өткізу кезіндегі отшашуларды фейерверктерді) әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияларға, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарға, туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ІІО-да тіркелген шетелдіктерге азаматтық қаруды, азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде беріледі оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететін жағдайда азаматтық қаруды сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ІІО-да тіркелген шетелдіктерге азаматтық қаруды азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде сатып алуға, сақтауға және алып жүруге және, тасымалдауға рұқсаттарға ПД бастықтары және олардың АҚҚАБ бөлімшелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.

      Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың қалған түрлеріне ПД ӘПБ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. АҚҚАБ қызметкері мынадай құжаттардан:

      1) қаруды сатып алуға, сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін негіз болатын өтініштен;

      2) осы Нұсқаулыққа 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару иесінің карточкасынан;

      3) қару иелерінің тексеріс материалдарынан (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/у нысаны бойынша медициналық тексеру қорытындысынан, қаруды ұстаудың қауіпсіздік қағидаларын білуі және соттылығының жоқтығы, әкімшілік құқық бұзушылықтардың бар-жоғы туралы анықтамалар);

      4) қаруды сатып алуға рұқсаттың көшірмесі немесе қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат беру үшін негіз болған басқа да құжаттардан;

      5) қарудың әрбір бірлігін тіркеу (қайта тіркеу) және Салық кодексіне сәйкес азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттарды беру үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектерден;

      6) осы Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды сақтауға арналған жағдайлардың бар-жоғы туралы учаскелік полиция инспекторының (бұдан әрі – УПИ), АҚҚАБ қызметкерінің баянатынан;

      7) экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ҰҚК, ҚСжАЕК-ның есептері бойынша, соттылығының және Заңның 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың бар-жоғы, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мәніне жүргізілген тексеріс нәтижелерінен (материалдар);

      8) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесінен;

      9) азаматтық қаруды сатып алу, сату, сыйға тарту заңдылығын көрсететін басқа да құжаттардан тұратын азаматтық қару иесінің жеке ісін қалыптастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
М. Кожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады