"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
1-кесте. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
№ | ЖТМК коды | ЖТМК атауы |
1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P) |
2 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
3 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
4 | 35.23 | Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
5 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
6 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
7 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
8 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
9 | 35.33 | Аннулопластика |
10 | 81.042 | Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, эндотүзеткіштер арқылы ішкі бекітумен алдыңғы жету әдісі |
11 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
12 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
13 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
14 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
15 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
16 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
17 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
18 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
19 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
20 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
21 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау |
22 | 55.62 | Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау |
23 | 50.59 | Бауырды басқа трансплантаттау |
24 | 86.66 | Теріні аллотрансплантаттау |
25 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі | ||
26 | 92.201 | Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы |
27 | 92.202 | Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
28 | 92.247 | Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия |
2-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
№ | АХЖ-9 коды | АХЖ - 9 атауы |
1 | 92.291 | Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
3-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
№ | АХЖ-9 коды | АХЖ - 9 атауы |
1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P) |
2 | 00.51 | Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D) |
3 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
4 | 00.93 | Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу |
5 | 01.53 | Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы |
6 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
7 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
8 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын имплантаттау |
9 | 03.93 | Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
10 | 20.95 | Электромагниттік есту аппаратын имплантаттау |
11 | 33.5 | Өкпені трансплантаттау |
12 | 33.6 | "Жүрек – өкпе" кешенін аралас трансплантаттау |
13 | 35.05 | Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру |
14 | 35.11 | Қолқа қақпақшасының ауыстырмастан ашық вальвулопластикасы |
15 | 35.12 | Митралдық қақпақшасының ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы |
16 | 35.121 | Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы |
17 | 35.14 | Үшжармалы қақпақшаның ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы |
18 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
19 | 35.23 | Тіндік трансплантаттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру |
20 | 35.33 | Аннулопластика |
21 | 35.55 | Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою |
22 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
23 | 35.83 | Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
24 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
25 | 35.91 | Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы |
26 | 35.9900 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
27 | 35.991 | Митралдық тесікті клиптеу |
28 | 36.1000 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау |
29 | 36.16 | Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
30 | 37.32 | Жүрек аневризмасын кесу |
31 | 37.35 | Парциалдық вентрикулоэктомия |
32 | 37.36 | Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау |
33 | 37.51 | Жүректі трансплантаттау |
34 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
35 | 37.76 | Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру |
36 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
37 | 37.941 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
38 | 37.96 | Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана имплантаттау |
39 | 38.12 | Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы |
40 | 38.34 | Анастомозбен қолқаның резекциясы |
41 | 38.341 | Қолқа доғасының үзілісін түзету |
42 | 39.28 | Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
43 | 39.591 | Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы |
44 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
45 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
46 | 39.73 | Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантантаттау |
47 | 39.731 | Аортаның коарктациясын стенттеу |
48 | 41.01 | Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау |
49 | 41.04 | Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
50 | 41.05 | Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
51 | 41.06 | Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау |
52 | 41.10 | Феталдық бағаналық жасушаларды трансплантаттау |
53 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау |
54 | 50.59 | Бауырды басқа трансплантаттау |
55 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
56 | 52.80 | Ұйқыбезін трансплантаттау, нақтыланбаған |
57 | 55.5016 | Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия |
58 | 55.62 | Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау |
59 | 56.7404 | Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
60 | 63.8301 | Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия |
61 | 69.921 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама |
62 | 69.922 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
63 | 69.923 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
64 | 69.924 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
65 | 78.191 | Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану |
66 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
67 | 81.042 | Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
68 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
69 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
70 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
71 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
72 | 81.9610 | Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
73 | 86.66 | Теріні аллотрансплантаттау |
74 | 99.791 | Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |