Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі" арнайы экономикалық аймағы:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. "Ақтау теңіз айлағы" арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын жасау;
8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;
13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;
14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;
16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;
17) аквадақыл;
18) жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру;
19) электр энергиясын беру;
20) электр энергиясын тарату.
21) тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы;
22) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі;
23) меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару;
24) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
25) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
6) электр жабдықтарын жасау;
7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;
10) гидравликалық жабдықты жасау;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
16) қол электр құралдарын жасау;
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
21) центрифугалар (қаймақ айырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);
34) "балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытының құрылысы және пайдалануға беру";
35) "кокс пешінің өнімдерін өндіру";
36) "электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету;
37) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) металлургия өнеркәсібі;
5) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;
6) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
7) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау.
8) картопты қайта өңдеу және фри картоп өндіру зауытын салу (қайта өңдеу және консервілеу);
9) көпбейінді аурухана салу және іске қосу".".
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
4) химия өндірісі үшін машиналар мен жабдық жасау;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
6) қант зауытын салу және қант, оның ішінде шикі қант немесе тазартылған құрақ немесе қызылша қанты; сірне (меласса); қызылша жомы, багасса (қант қамысы), өзге де қант өндірісінің қалдықтары; қант өндіру саласындағы қызметтер;
7) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі