Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23869 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 18.08.2022 № 33 (11.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ 371 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 81-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) кадрынан шығару тәртібін айқындайды.

      2. АҚО қызметін тоқтатуға:

      1) АҚО-дан жұмыстан шығу;

      2) АҚО қызметкерінің өлімі (қаза болуы) немесе заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялау;

      3) қызметкерді Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 34 және 35-тарауларымен белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану негіз болып табылады.

      Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.

2-тарау. Азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару тәртібі

      3. АҚО-да қызметiн тоқтатқан қызметкерлер АҚО-ның кадрынан шығарылады.

      АҚО-да қызметiн тоқтату қызметкерлердi АҚО-дан шығару туралы болмаса сот хабарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен деп таныған, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерлерді жеке құрамның тiзiмiнен шығару туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің, немесе АҚО-ның уәкілетті басшысының (бұдан әрі – АҚО-ның басшылары) бұйрықтарымен ресiмделедi.

      4. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабымен белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 28 бұйрық) сәйкес әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.

      5. Қызметтен босатылған қызметкерлер, сондай-ақ АҚО білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін және кию мерзімі өтпеген нысанды киімін тапсырады.

      6. Өз еркі бойынша жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей бастығын ескертiп, ол туралы еркін нысанда жазбаша баянат бередi.

      7. Заңның 80-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiз бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлер бұл туралы жұмыстан шығарудан кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi. Осы үшін кадр қызметтері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызметтен көрсетілген негіз бойынша жұмыстан шығатын қызметкерлерге қолын қойғызып, АҚО-дан жұмыстан шығару туралы хабарлама береді, қызметкер АҚО-ның қарамағында тұрған болса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес АҚО-ның қарамағында тұрған қызметкерді АҚО-дан жұмыстан шығару туралы хабарлама береді.

      Бұл ретте, көрсетілген негіз бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлерге Заңның 81-бабы 7-тармағында көзделген тәртіп пен мөлшерде бiржолғы жәрдемақылар төленеді.

      8. Заңның 80-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығарған кезде, хабарлама қызметте шекті жасқа жету жағдайына дейін кемiнде бiр айдан бұрын кешіктірмей жүзеге асырылады.

      Қажеттілігіне қарай және қызметкердің келісімімен көрсетілген кезеңде Заңның 82-бабында белгіленген тәртіпте қызмет мерзімін ұзарту туралы мәселе қаралады.

      Қызмет мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда қызметкер қызметте шекті жасқа жеткеннен кейін келесі күні жұмыстан шығарылады.

      Белгiленген жастан артық мерзiмге қызметте қалдырылған қызметкерлер қызметте болу мерзімі ұзартылған сол мерзiм жеткен кезде АҚО-дан Заңның 80-бабы 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасы бойынша, ал қызметке жарамсыз немесе жарамдылығының шектеулiгi туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрі - ӘДК) қорытындысы бар жағдайда Заңның 80-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шығарылады. Қызметте қалдырылған мерзiмге дейін қызмет өткермеген қатардағы және басшы құрамдағы адамдар сол негiздер бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкiн.

      Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшалары бойынша қызметкерлерді одан әрі жұмыстан шығаруға ұзартылған қызмет мерзімі өткенге дейін қызметкердің баянаты бойынша рұқсат етіледі.

      9. Заңның 80-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығару қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы ӘДК қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, қызметке жарамсыздығы туралы ӘДК қорытындысы бар болған жағдайда жұмыстан шығару ауруы туралы куәлікті алған күннен бастап жүргізіледі.

      Қызметкер ӘДК қорытындысының нәтижелері бойынша қызметке шектеулі жарамды деп танылған жағдайда, кәсіби қасиеттерін ескере отырып денсаулық жағдайы бойынша және Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін АҚО-ның лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда тиісті талаптар белгіленген өзге бос лауазымдарға ауыстыру туралы мәселе қаралады.

      Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыста және емдеу мекемелерінде емделуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

      10. Заңның 80-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығару қызметкердің ұсынылып отырған лауазымнан жазбаша бас тартуы, қызметкердің басқа орында қызмет атқаруынан бас тартқан жағдайда осы немесе басқа АҚО бөлінісіндегі басқа лауазымында пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады.

      11. Заңның 80-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару жұмыстан шығару туралы баянат берген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі. Қызметкердің келісімі (баянаты) бойынша оны көрсетілген негіздер бойынша жұмыстан шығару емделуде немесе демалыста болған жағдайды қоса алғанда бір ай мерзім өткенге дейін де жүргізілуі мүмкін.

      12. Заңның 80-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы бойынша қызметкердің жұмыстан шығуы жағдайында еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда, қызметкер жұмыстан шығу жоспарланған күнге дейін бір айдан кем емес мерзімде қабылданған шешімі туралы тікелей бастығын ескертеді, ол туралы АҚО-ның басшысының атына еркін нысанда баянат береді, онда еңбек шартының өзгеруін баяндайды.

      13. Қызметкерді Заңның 80-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы бойынша жұмыстан шығарудың негізі Заңның 51-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қайта аттестаттаудың теріс қорытындысы болып табылады.

      14. Қызметкерді Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы бойынша жұмыстан шығару кезінде ұсынымхатта қызметкер жасаған бұзушылықтың мәні мен сипаты толық жазылады, бұл ретте Заңның 7-тарауын және осы Қағидаларды басшылыққа алу қажет.

      Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға:

      бір жұмыс күнінің ішінде үш және одан да көп сағат жұмыстан себепсіз қалу;

      алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде қызметке келу, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде болуға әкелетін заттарды қабылдау;

      АҚО қызметкерінің қызметте және қызметтен тыс уақытта алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде көлік құралын басқаруы жатады.

      15. Заңның 80-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді қызметтен шығарған жағдайда, қызметкердің оны өз еркі бойынша жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруға тоқтата алмайды және жұмыстан шығару үшін негізге өзгеріс енгізбейді.

      16. Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) 16) тармақшаларында көзделген негіздермен қызметкерді жұмыстан шығару теріс себептер болып танылады.

      Жоғарыда аталған негіздер бойынша жұмыстан шығарылған адамдар АҚО-ға қызметке қайта қалпына келтірілмейді.

      17. Заңның 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 16) тармақшалары бойынша АҚО-дан жұмыстан шығару жүргізілген қызметтік тергеулер нәтижелері және АҚО бөлімшесі тәртіптік комиссиясының қорытындылары бойынша жүргізіледі. Қызметкерді Заңның 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14) тармақшалары бойынша жұмыстан шығару кезінде жасалған теріс қылықтың мазмұны, сипаты және ауырлығы, нысаны және кінә дәрежесі, жасаудың мән-жайы, теріс қылыққа әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін келеңсіз салдарлар, оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы, еңбек өтілі, қызметкердің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескеріледі.

      18. Қызметкерді Заңның 80-бабы 1-тармағының 11) тармағы бойынша жұмыстан шығару Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынан және/немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабында көзделген мәліметтерді алғаннан кейін келесі жұмыс күнінде жүргізіледі.

      19. Заңның 80-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы) бойынша АҚО-дан жұмыстан шығару тиiстi мемлекеттік органның немесе ұйымның дәлелді қолдаухаты бойынша жүргізіледі.

      20. Қызметкерлерді қызметтік тергеу, АҚО-ның тәртіптік комиссияларының ұсынымдары мен жедел кеңестердің шешімдері бойынша қызметтен босату немесе шығару туралы бұйрықтар жеке құрам бойынша тіркеледі, бұл ретте жұмыстан шығару кезінде Заңға сәйкес шығарудың тиісті тармақшасы, тармағы мен бабы міндетті түрде көрсетіледі.

      21. Заңның 80-бабы 1-тармағының 9), 10), 12) - 15) тармақшалары бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлерге алдағы уақытта шығарылатыны туралы оларды шығаруға ұсынымды тікелей берер алдында жарияланады.

      Жұмыстан шығаруға жататын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға тиісті тікелей бастығы АҚО-ның басшысының атына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсыным жолдайды, онда жұмыстан шығарылатын адамның айқындамалық және оған мінездеме беретін деректері қысқаша баяндалады, еңбек сіңірген жылдары, қызметке жарамдылық дәрежесі, жұмыстан шығару себептері мен негіздері (тұжырым) көрсетіледі.

      Ұсынымхатқа:

      1) қатардағы және басшы құрамдағы адамның АҚО-дан жұмыстан шығару туралы өтінген баянаты (өз еркі бойынша, белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты; еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда жұмыстан шығаруға ұсынылатындарға);

      2) ӘДК қорытындысы (денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығаруға ұсынылғандарға және қызметкерлерді ӘДК-ға медициналық куәландыруға жіберудің жоғарыда көрсетілген жағдайлары кезінде);

      3) қызметтік тергеудің қорытындысы (қызметкерді Заңның 80-бабы 1-тармағының 12)-14) және 16) тармақшалары бойынша жұмыстан шығару кезінде);

      4) аттестаттау материалдары (қайта аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан шығару кезінде);

      5) сот үкімінің немесе ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі (соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне немесе қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылуына байланысты жұмыстан шығаруға ұсынылатындарға) қоса беріледі.

      22. АҚО қызметкерін өлімі (қаза болған) немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайында АҚО-ның кадрынан шығару уәкілетті органның (мекеменің) өлім туралы куәлігінің негізінде АҚО-ның басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      23. АҚО қызметкерін АҚО-ның кадрынан шығару, қызметкерді хабарсыз кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану АПК-нің 35-тарауымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      24. АҚО-дан қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтарда Заңның 80-бабының 1-тармағында көзделген жұмыстан шығару негіздері көрсетіледі.

      Оң мінезделетін қызметкерді шығарудың бірнеше негіздері бар болған кезде жеңілдіктер мен артықшылықтарды көбірек алуға мүмкіндік беретін негіз көрсетіледі.

      Жұмыстан шығару туралы бұйрықтар қызметкерлерге олар шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде немесе жұмыстан шығатын адамның қызмет орны бойынша алған күні қол қойдыра отырып хабарланады.

      25. АҚО-дан қызметкерлерді жұмыстан шығару мәселелері жөніндегі жеке құрам бойынша бұйрықтар АҚО басшысының қолы қойылып шығарылады.

      АҚО-ның басшысы уақытша болмаған кезде жеке құрам бойынша бұйрықтар, егер бастықтың міндетін уақытша атқару туралы бұйрықта жарияланса, оның міндетін уақытша атқаратын адамның қолы қойылып шығарылады.

      26. Қызметкерлерді АҚО-дан жұмыстан шығару (жеке құрам тізімінен шығару) туралы бұйрық шыққаннан кейін, мұндай актілердің негіздері өзгертуге жатпайды.

      Бұл ретте жұмыстан шығаруға (жеке құрамның тізімінен алып тастауға) байланысты Заң талаптарының бұзылуына жол берілген және жаңа мән-жайлар ашылған болса, АҚО-ның басшысы жұмыстан шығару туралы бұйрыққа тиісті түзетулер енгізеді.

      27. АҚО-дан жұмыстан шығарылған қызметкерлерге тиісті кадр қызметтері (жұмыстан шығару туралы шешім қабылдағанға дейін кету қағазы беріледі) жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шығарылғаны туралы жазба енгізілген еңбек кітапшаларын береді, әскери билеттерін қайтарады және № 28 бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 76-тармағына сәйкес, тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұру үшін жеті жұмыс күні мерзімінде осы адамдардың жергілікті әскери басқару органына келуін міндеттейтін ұйғарым тапсырады.

  Азаматтық қорғау
органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді
азаматтық қорғау органдарының
кадрынан шығару қағидаларына
1-қосымша

Азаматтық қорғау органдарынан жұмыстан шығару туралы хабарлама

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердің арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-тарауына сәйкес Сізді "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының ______ тармақшасына сәйкес алдағы уақытта азаматтық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылатыныңыз туралы ескертеміз және Сіз әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге жіберілесіз (денсаулық жағдайы бойынша шығарылған жағдайда).

      Кадр қызметінің басшысы:

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы) _____ жылғы " " ____________.

      Маған алдағы уақытта жұмыстан шығарылатыным туралы шешім жарияланды _____ жылғы " "

      ______________________________(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы).

  Азаматтық қорғау
органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді
азаматтық қорғау органдарының
кадрынан шығару қағидаларына
2-қосымша

Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерді азаматтық қорғау органдарынан жұмыстан шығару туралы хабарлама

      _________________________________________________________________

      (қызметкердің арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20___ жылғы"___"___________бастап Сіз__________(азаматтық қорғау органы бөлімшесінің атауы) қарамағындасыз.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес _____________ қарамағында болу мерзімі кемінде 15 күнтізбелік күнді құрайды (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің рұқсатымен екі айдан артық емес).

      Сізді "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алдағы уақытта азаматтық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылатыныңыз (ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда) туралы ескертеміз.

      Кадр қызметінің басшысы:

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы) _____ жылғы " " ____________.

      Мен алдағы уақытта жұмыстан шығарылатыным туралы шешіммен таныстым _____ жылғы " "

      _____________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы).

      Қызметкердің тұрғылықты жері бойынша ____ жылғы "____" ____________ алғаны туралы белгі қойылған хабарлама жіберілген хаттың шығыс № ___________ және күні ____ жылғы "___" ________.

  Азаматтық қорғау
органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді
азаматтық қорғау органдарының
кадрынан шығару қағидаларына
3-қосымша

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 1-тармағы _____ тармақшасы бойынша ______________________________________________ (арнаулы атағы, тегі, аты,________________________________________________________________________________ әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке нөмірі, атқаратын лауазымы), туған күні, айы мен жылы, білімі__________ (орта, арнайы орта, жоғары, жоғары оқу орнына кейін)___________(қашан және қандай білім орнын бітірді) азаматтық қорғау органдарынан __________________________________________________ (запасқа немесе әскери есептен шығару арқылы) жұмыстан шығаруға

      Ұсынымхат

      Запас бойынша әскери атағын көрсете отырып, Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрамаларында, басқа құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметі_____________________________________

      ____ жылғы "__" ___ еңбек сіңірген жылдары: күнтізбелік есеппен __________, жеңілдікпен есептегенде _________.

      Мазмұны

      Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі _______________________________________.

      Алдағы уақытта жұмыстан шығу туралы әңгімелесуді кім және қашан жүргізді ______________.

      __________________________________________ әскери есепке қою үшін жіберіледі.

      Отбасы жағдайы (балаларының жасы көрсетілген отбасы құрамы) ________________________.

      Бастық (командир) __________________________________________ (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы) подпись) ____ жылғы "___" __________.

  (ұсынымхаттың сыртқы жағы)

      Кадр қызметінің қорытындысы

      ____________________________________________________________________

      (қызметкерді қызметтен шығару туралы кадр қызметінің қорытындысы)

      Кадр қызметінің басшысы: __________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы) ___ жылғы " " _______.

      Ұсынымхат бойынша шешім

      ____________________________________________________________________

      (ұсынымхат бойынша шешімнің мазмұны)

      Бастық

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы) _____ жылғы " " ____________.

      Ескертпе:

      Ұсынымхатта мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) "Білімі" бөлімінде - қызметтік тізімдегі тиісті жолдарды толтыру үшін белгіленген тұжырымдарда;

      2) "Еңбек сіңірген жылдары" бөлімінде - жұмыстан шығу күніне қызмет өтілі көрсетіледі;

      3) "Мазмұны" бөлімінде жұмыстан шығарылушыға оның азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен кезеңіндегі сипаттаушы деректері, жұмыстан шығару қажеттілігін растайтын дәлелдер мен мән-жайлар қысқаша жазылады;

      4) "Кім және қашан алдағы уақытта жұмыстан шығу туралы әңгімелесу жүргізілді" бөлімінде басшы құрамдағы адамды жұмыстан шығару туралы әңгімелесуді жүргізген адамдар көрсетіледі;

      5) "Қызметке жарамдылық деңгейі туралы" бөлімінде - қашан және қандай әскери-дәрігерлік комиссиясы куәландырды, әскери қызметке жарамдылық деңгейінің сөзбе-сөз тұжырымы. Егер жұмыстан шығарылушы медициналық куәландыруға жіберілмесе, оның себебі көрсетіледі;

      6) әскери есепке жіберілгені туралы бөлімінде - тиісті жергілікті әскери басқарма органының атауы.

      Ұсынымхаттың "Кадр қызметінің қорытындысы" бөліміне қызметкерді қызметтен шығару туралы кадр қызметінің қорытындысы енгізіледі.

      "Ұсынымхат бойынша шешім" бөліміне кадр қызметі азаматтық қорғау органы басшысы ұсынымхат бойынша қабылдаған шешімнің мазмұны туралы жазба енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады