БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса берілген тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
Басшысының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 13 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Әдістеме жүк көлігі қызметтері тарифтерінің өзгерісін, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды сұрыптауды, салмақтау құрамдас бөліктерін қалыптастыруды және тарифтер индекстерін есептеуді жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды және оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көліктің теміржол, құбыр, ішкі су, теңіз және әуе көліктері түрлеріндегі белсенді жұмыс істейтін көлік кәсіпорындарының саны шектеулі және барлық бірліктерді жаппай байқау қолданылады.
Теміржол көлігінде байқау бас теміржол кәсіпорнында жүргізіледі, құбыр көлігінде магистральдық құбыр желісінің басқармаларында жүргізіледі. Әуе, ішкі су және теңіз көлік түрлерінде базалық объектілер тізбесіне олардың көлеміне қарамастан, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін барлық көлік кәсіпорындары қосылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Автомобиль көлігі қызметі тарифтерін байқау үшін іріктеме әдісі пайдаланылады.
Базалық объектілердің тізімін құру үшін ақпараттық негіз ретінде статистикалық бизнес-тіркелім және қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр көлігінің қызметтері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері қолданылады.
Іріктемелі жиынтыққа барлық меншік және мөлшерлілік нысанындағы, өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын және нақты өңір үшін едәуір қызмет көлемін көрсететін көлік кәсіпорындары енгізіледі. Айтарлықтай машина паркі бар және уақыт бойы салыстырылатын бағалық ақпаратты үнемі алуды қамтамасыз ететін жүк тасымалдары бойынша қызметтің негізгі тапсырыс берушілерімен тұрақты байланысы бар көлік кәсіпорындары енгізіледі.
Базалық кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарының жалпы тізімінен алдымен жалпы топтары бойынша ірі және орта кәсіпорындар іріктеледі.
Бұдан әрі бас жиынтықтан белгілі бір белгі бойынша едәуір үлес салмағы бар оның аса елеулі бірліктерін іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісін пайдалана отырып шағын автокәсіпорындар енгізіледі.
Белгі "жүк тасымалы бойынша көрсетілген қызметтерінің көлемі" статистикалық көрсеткіші болып табылады. Айтарлықтай көлемдегі жүк тасымалын жүргізетін және осы саладағы зерттеуге барынша ыңғайлы көлік кәсіпорындары іріктеледі. Іріктеме желісіне қызмет көрсету көлемі салыстырмалы түрде біршама көп, бірақ жүктердің белгілі түрлерін тасымалдауға мамандандырылған көлік кәсіпорындары қосылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көліктің әуе және ішкі су түрлерінде жүк ағынының негізгі бағыттары анықталады: халықаралық және Қазақстан Республикасының ішінде.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Автомобиль көлігінде тасымалдың барлық ықтимал бағыттары қамтылады: халықаралық, республика ішінде, қалалық және қаламаңылық. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудан алынатын жүк түрлері бойынша автокөлік кәсіпорындарының табыстары туралы деректердің негізінде Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды мәні бар жүк типтері іріктеледі.".
2. "Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БТБИ құру кезінде қолданады.";
12, 13-тармақтар алынып тасталсын;
16, 17 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14726 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағасын және баға индексін құруға жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Индексті қалыптастырудың:
1) көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі;
2) салалар негізіндегі екі әдісі бар.
Салалар негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қосалқы қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің болуына қарамастан, нақты бір қызмет түрінің кәсіпорындары болып табылады.
Көрсетілетін қызмет түрлері негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қызмет түріне қарамастан, белгілі бір көрсетілетін қызмет түрлерін өндіретін кәсіпорындар болып табылады. Тәсілді қолдану үшін көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөліністе қызмет көрсету статистикасы деректерінің болуы талап етіледі. Қызмет көрсету статистикасында көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлері үшін қызметтің негізгі және қосалқы түрлеріне бөліністегі құндық деректер бар және баға индекстерін әзірлеу кезінде көбінесе көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі тәсіл қолданылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бір өкіл көрсетілетін қызмет шеңберінде көрсетілетін қызметтердің түрлерін қамту оның бағасын анықтау үшін қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларды қамтитын ерекшеліктерді құрумен қамтамасыз етіледі.
Өкіл көрсетілетін қызметті толықтай сипаттау келесі есепті кезеңде бағаны тіркеу кезінде қызметті атқару сапасының толық салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.";
23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) үстеме бағаны анықтау әдісі. Осы әдісте көрсетілген қызмет бағасы сатып алу және сату бағасының айырымы ретінде өлшенеді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Есепті жыл ішінде базалық объектілер жабылған немесе қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда осы көрсетілетін қызметке "шартты" баға есепті жыл соңына дейін қолданылады.";
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады. Көрсетілген қызметтің кластары, топтары, бөлімдері және түрлері бойынша нақтыланған, бағаның өзгеруі туралы ақпарат бюллетеньдер, жинақтар түрінде Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта таратылады.
Пайдаланушылар үшін көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.
Баға индекстерін жариялау өңір немесе Қазақстан Республикасы бойынша олардың репрезентативтілігі сақталған кезде жүзеге асырылады.".
Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексі үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі
Атауы | Код | Базалық тұтыну бағасының индексі есебіне кірмейтін *: | ||
бір құрамдас бөлік | үш құрамдас бөлік | жеті құрамдас бөлік | ||
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер | 14 | |||
Азық-түлік тауарлары | 1 | |||
Азық-түлік емес тауарлар | 2 | |||
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер | 19 | |||
Нан өнімдері және жармалар | 0111 | |||
Ет | 0112 | |||
Балық және теңіз өнімдері | 0113 | |||
Сүт, ірімшік және жұмыртқа | 0114 | |||
Май және тоң май | 0115 | |||
Жемістер | 0116 | |||
Жаңадан жиналған жемістер | 01161 | * | * | * |
Алма | 01161001 | * | * | * |
Жүзім | 01161002 | * | * | * |
Банан | 01161007 | * | * | * |
Апельсин | 01161008 | * | * | * |
Лимон | 01161009 | * | * | * |
Алмұрт | 01161011 | * | * | * |
Киви | 01161017 | * | * | * |
Қайта өңделген және консервіленген жемістер | 01162 | |||
Көкөністер | 0117 | |||
Жаңадан жиналған көкөністер | 01171 | * | * | * |
Қырыққабат | 01171001 | * | * | * |
Басты пияз | 01171002 | * | * | * |
Қызылша | 01171003 | * | * | * |
Сәбіз | 01171004 | * | * | * |
Қияр | 01171005 | * | * | * |
Қызанақ | 01171006 | * | * | * |
Сарымсақ | 01171008 | * | * | * |
Тәтті бұрыш | 01171010 | * | * | * |
Түрлі-түсті қырыққабат | 01171018 | * | * | * |
Картоп және басқа да түйнектілер | 01172 | * | * | * |
Картоп | 01172001 | * | * | * |
Қайта өңделген және консервіленген көкөністер | 01174 | |||
Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер | 0118 | |||
Басқа санаттарға енгізілмеген азық-түлік өнімдері | 0119 | |||
Алкогольсіз сусындар | 012 | |||
Алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері | 02 | |||
Киім және аяқкиім | 03 | |||
Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 04 | |||
Сумен жабдықтау және тұрғын үй-жайлармен байланысты өзге де қызметтер | 044 | |||
Сумен жабдықтау | 0441 | * | ||
Суық су | 04410001 | * | ||
Қоқыс жинау | 0442 | |||
Қоқыс жинау | 04420001 | |||
Су бұру | 0443 | * | ||
Су бұру | 04430001 | * | ||
Электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 045 | |||
Электр энергиясы | 0451 | * | ||
Электр энергиясы | 04510001 | * | ||
Газ | 0452 | |||
Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ | 04520001 | * | ||
Сұйытылған газ (баллондағы) | 04520002 | |||
Қатты отын | 0454 | |||
Таскөмір | 04540001 | * | * | |
Ағаш | 04540002 | |||
Жылу энергиясы | 0455 | |||
Орталықтан жылыту | 04550001 | * | ||
Ыстық су | 04550006 | * | ||
Үй тұрмысына қажетті заттар және тұрмыстық техника және тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша күнделікті қызмет | 05 | |||
Денсаулық сақтау | 06 | |||
Көлік | 07 | |||
Автокөлік құралдарын сатып алу | 071 | |||
Жеке көлік құралдарын пайдалану | 072 | |||
Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар | 0721 | |||
Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары | 0722 | |||
Бензин | 07221 | |||
Бензин АИ-98 | 07221001 | * | * | |
Бензин АИ-92 | 07221005 | * | * | |
Бензин АИ-95, АИ-96 | 07221007 | * | * | |
Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жағармай материалдары | 07222 | |||
Дизель отыны | 07222001 | * | ||
Мотор майы | 07222004 | |||
Көлік қызметі | 073 | |||
Жолаушылардың теміржол көлігі | 0731 | |||
Жолаушылардың жергілікті теміржол көлігі | 07311 | |||
Қала маңына қатынайтын пойызбен жол жүру | 07311001 | * | ||
Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі | 07312 | |||
Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың плацкарт вагонымен жол жүру | 07312004 | * | ||
Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың купе вагонымен жол жүру | 07312005 | * | ||
Жолаушылардың автомобиль көлігі | 0732 | |||
Жолаушылардың әуе көлігі | 0733 | |||
Байланыс | 08 | |||
Почта қызметтері | 081 | |||
Посылкаларды жіберу | 08100002 | * | ||
Курьерлік қызметтер | 08100003 | |||
Телефондық және факсимильді жабдықтар | 082 | |||
Телефон мен факсимильді байланыс қызметтері | 083 | |||
Телефон үшін абоненттік төлем | 08300001 | * | ||
Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем | 08300004 | |||
Кабельдік телеарна қызметтері | 08300006 | |||
Ұялы байланыс қызметтері | 08300008 | |||
Жер серігі телевизия қызметтері | 08300011 | |||
Демалыс және мәдениет | 09 | |||
Білім беру | 10 | |||
Мейрамханалар мен қонақ үйлер | 11 | |||
Әртүрлі тауарлар мен қызметтер | 12 |
Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу
Атауы | Код | Салмақ | Базалық жылғы желтоқсанға (өткен ай) бағалық салыстыр-малы шама | Есепті айдың бағалық салыстырмалы шамасы | Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға | |||
үш құрамдас бөліксіз тұтыну бағасы-ның индексі бойынша | қалып-қа келті-рілген | өткен айға | базалық жылғы желтоқ-санға | есепті айдың |
өткен | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4=6/7 | 5=3х4 | 6=2х5 | 7=2х3 |
Базалық тұтыну бағасының индексі | 1,008753 | |||||||
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер | 14 | 0,93565 | 1,00000 | 1,563421 | 1,008753 | 1,577106 | 1,57710621 | 1,56342102 |
Азық-түлік тауарлары | 1 | 0,35252 | 0,37680 | 1,627681 | 1,012975 | 1,648800 | 0,62126780 | 0,61331021 |
Азық-түлік емес тауарлар | 2 | 0,29095 | 0,31101 | 1,406034 | 1,004665 | 1,412593 | 0,43933063 | 0,43729061 |
Халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер | 19 | 0,29218 | 0,31219 | 1,642654 | 1,007191 | 1,654466 | 0,51650778 | 0,51282020 |
Нан өнімдері және жармалар | 0111 | 0,07302 | 0,07804 | 1,657502 | 1,022447 | 1,694707 | 0,13225496 | 0,12935147 |
Ұн | 011121 | 0,00911 | 0,00974 | 1,514634 | 1,039968 | 1,575171 | 0,01534217 | 0,01475254 |
Жоғары сұрыпты бидай ұны | 01112101 | 0,00365 | 0,00390 | 1,591084 | 1,037838 | 1,651287 | 0,00644002 | 0,00620523 |
Бірінші сұрыпты бидай ұны | 01112102 | 0,00546 | 0,00584 | 1,463581 | 1,041514 | 1,524340 | 0,00890215 | 0,00854731 |
Жемістер | 0116 | 0,01681 | 0,00375 | 1,735731 | 1,004501 | 1,743547 | 0,00653830 | 0,00650900 |
Жаңадан жиналған жемістер | 01161 | 0,01330 | ||||||
Алма | 01161001 | 0,00480 | ||||||
Жүзім | 01161002 | 0,00080 | ||||||
Банан | 01161007 | 0,00240 | ||||||
Апельсин | 01161008 | 0,00257 | ||||||
Лимон | 01161009 | 0,00140 | ||||||
Алмұрт | 01161011 | 0,00098 | ||||||
Киви | 01161017 | 0,00035 | ||||||
Қайта өңделген және консервіленген жемістер | 01162 | 0,00351 | 0,00375 | 1,735731 | 1,004501 | 1,743547 | 0,00653830 | 0,00650900 |
Көкөністер | 0117 | 0,02693 | 0,00300 | 1,573177 | 1,002464 | 1,577053 | 0,00473116 | 0,00471953 |
Жаңадан жиналған көкөністер | 01171 | 0,01475 | ||||||
Қырыққабат | 01171001 | 0,00240 | ||||||
Басты пияз | 01171002 | 0,00249 | ||||||
Қызылша | 01171003 | 0,00199 | ||||||
Сәбіз | 01171004 | 0,00222 | ||||||
Қияр | 01171005 | 0,00084 | ||||||
Қызанақ | 01171006 | 0,00295 | ||||||
Сарымсақ | 01171008 | 0,00057 | ||||||
Тәтті бұрыш | 01171010 | 0,00089 | ||||||
Түрлі-түсті қырыққабат | 01171018 | 0,00040 | ||||||
Картоп және басқа да түйнектілер | 01172 | 0,00938 | ||||||
Картоп | 01172001 | 0,00938 | ||||||
Қайта өңделген және консервіленген көкөністер | 01174 | 0,00280 | 0,00300 | 1,573177 | 1,002464 | 1,577053 | 0,00473116 | 0,00471953 |
Қатты отын | 0454 | 0,00703 | 0,00247 | 1,725189 | 1,015183 | 1,751383 | 0,00432591 | 0,00426122 |
Таскөмір | 04540001 | 0,00472 | ||||||
Ағаш | 04540002 | 0,00231 | 0,00247 | 1,725189 | 1,015183 | 1,751383 | 0,00432591 | 0,00426122 |
Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары | 0722 | 0,02542 | 0,00344 | 1,382677 | 1,029022 | 1,422805 | 0,00489445 | 0,00475641 |
Бензин | 07221 | 0,02220 | ||||||
Бензин АИ-98 | 07221001 | 0,00455 | ||||||
Бензин АИ-92 | 07221005 | 0,01117 | ||||||
Бензин АИ-95, АИ-96 | 07221007 | 0,00648 | ||||||
Басқа да отын мен жағармай материалдары | 07222 | 0,00322 | 0,00344 | 1,382677 | 1,029022 | 1,422805 | 0,00489445 | 0,00475641 |
Дизель отыны | 07222001 | 0,00287 | 0,00307 | 1,377073 | 1,028888 | 1,416854 | 0,00434974 | 0,00422761 |
Мотор майы | 07222004 | 0,00035 | 0,00037 | 1,429192 | 1,030078 | 1,472179 | 0,00054471 | 0,00052880 |
Үш құрамдас бөлікті есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:
1) жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерді, бензинді, көмірді алып тастаған кезде олардың үлес салмағы және баға өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады;
2) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық салмағы 0,93565
1,00000 болады. Салмақтар қалыпқа келтіру коэффициенті көмегімен қалыпқа келтіріледі. Оны есепке алғанда айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақ (2-баған):жоғары сұрыпты ұн | ||
бірінші сұрыпты ұн | ||
ұн тобы бойынша |
3) өткен айға ұзақ мерзімді бағалық салыстырмалы шама бойынша деректер (3-баған) тұтыну бағасының индексі есептеуінен алынады. Тұтыну бағасы индексінің тиісті есептеуіндегідей анықтау үшін қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып қысқа мерзімді бағалық салыстырмалы шама (4 және 5-баған) есептеледі:
а) айқындамалық жолдар бойынша: өткен айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (7-баған) 7-баған = 2-баған х 3-баған
жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 х 1,591084 = 0,00620523
бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 х 1,463581 = 0,00854731
б) айқындамалық жолдар бойынша: есепті айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (6-баған) 6-баған = 2-баған х 5-баған
жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 х 1,651287 = 0,00644002
бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 х 1,524340 = 0,00890215
в) ішкі класс түрлері, ішкі класс, класс, топ, бөлім түрлері бойынша құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалар оларға кіретін құрамдас бөліктерді тізбектеп жиынтықтау жолымен анықталады.
Мысалы, ішкі класс (5-деңгей) бөлігі бойынша құрылымдық (6 және 7-бағандар) бағалық салыстырмалы шамалар оған кіретін айқындамалық (6-деңгей) жолдардың жиынтығы ретінде есептеледі.
ұн бойынша 6-баған 0,00644002+0,00890215 = 0,01534217
ұн бойынша 7-баған 0,00620523+0,00854731 = 0,01475254
4) топтық жолдар бойынша бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді құрылымдық шаманы бөлу арқылы есептеледі:
есепті айдың өткен айға 4-баған = 6-баған / 7-баған
ұн бойынша 0,01534217 / 0,01475254 = 1,039968
базалық жылғы желтоқсанға – 5-баған = 6-баған / 2-баған
ұн бойынша 0,01534217 / 0,00974 = 1,575171