Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23909 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

  Басшысының
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 13 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістеме жүк көлігі қызметтері тарифтерінің өзгерісін, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды сұрыптауды, салмақтау құрамдас бөліктерін қалыптастыруды және тарифтер индекстерін есептеуді жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды және оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көліктің теміржол, құбыр, ішкі су, теңіз және әуе көліктері түрлеріндегі белсенді жұмыс істейтін көлік кәсіпорындарының саны шектеулі және барлық бірліктерді жаппай байқау қолданылады.

      Теміржол көлігінде байқау бас теміржол кәсіпорнында жүргізіледі, құбыр көлігінде магистральдық құбыр желісінің басқармаларында жүргізіледі. Әуе, ішкі су және теңіз көлік түрлерінде базалық объектілер тізбесіне олардың көлеміне қарамастан, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін барлық көлік кәсіпорындары қосылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Автомобиль көлігі қызметі тарифтерін байқау үшін іріктеме әдісі пайдаланылады.

      Базалық объектілердің тізімін құру үшін ақпараттық негіз ретінде статистикалық бизнес-тіркелім және қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр көлігінің қызметтері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері қолданылады.

      Іріктемелі жиынтыққа барлық меншік және мөлшерлілік нысанындағы, өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын және нақты өңір үшін едәуір қызмет көлемін көрсететін көлік кәсіпорындары енгізіледі. Айтарлықтай машина паркі бар және уақыт бойы салыстырылатын бағалық ақпаратты үнемі алуды қамтамасыз ететін жүк тасымалдары бойынша қызметтің негізгі тапсырыс берушілерімен тұрақты байланысы бар көлік кәсіпорындары енгізіледі.

      Базалық кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарының жалпы тізімінен алдымен жалпы топтары бойынша ірі және орта кәсіпорындар іріктеледі.

      Бұдан әрі бас жиынтықтан белгілі бір белгі бойынша едәуір үлес салмағы бар оның аса елеулі бірліктерін іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісін пайдалана отырып шағын автокәсіпорындар енгізіледі.

      Белгі "жүк тасымалы бойынша көрсетілген қызметтерінің көлемі" статистикалық көрсеткіші болып табылады. Айтарлықтай көлемдегі жүк тасымалын жүргізетін және осы саладағы зерттеуге барынша ыңғайлы көлік кәсіпорындары іріктеледі. Іріктеме желісіне қызмет көрсету көлемі салыстырмалы түрде біршама көп, бірақ жүктердің белгілі түрлерін тасымалдауға мамандандырылған көлік кәсіпорындары қосылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көліктің әуе және ішкі су түрлерінде жүк ағынының негізгі бағыттары анықталады: халықаралық және Қазақстан Республикасының ішінде.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Автомобиль көлігінде тасымалдың барлық ықтимал бағыттары қамтылады: халықаралық, республика ішінде, қалалық және қаламаңылық. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудан алынатын жүк түрлері бойынша автокөлік кәсіпорындарының табыстары туралы деректердің негізінде Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды мәні бар жүк типтері іріктеледі.".

      2. "Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БТБИ құру кезінде қолданады.";

      12, 13-тармақтар алынып тасталсын;

      16, 17 және 18-тармақтар алынып тасталсын;

      1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14726 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістемені өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағасын және баға индексін құруға жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Индексті қалыптастырудың:

      1) көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі;

      2) салалар негізіндегі екі әдісі бар.

      Салалар негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қосалқы қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің болуына қарамастан, нақты бір қызмет түрінің кәсіпорындары болып табылады.

      Көрсетілетін қызмет түрлері негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қызмет түріне қарамастан, белгілі бір көрсетілетін қызмет түрлерін өндіретін кәсіпорындар болып табылады. Тәсілді қолдану үшін көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөліністе қызмет көрсету статистикасы деректерінің болуы талап етіледі. Қызмет көрсету статистикасында көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлері үшін қызметтің негізгі және қосалқы түрлеріне бөліністегі құндық деректер бар және баға индекстерін әзірлеу кезінде көбінесе көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі тәсіл қолданылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бір өкіл көрсетілетін қызмет шеңберінде көрсетілетін қызметтердің түрлерін қамту оның бағасын анықтау үшін қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларды қамтитын ерекшеліктерді құрумен қамтамасыз етіледі.

      Өкіл көрсетілетін қызметті толықтай сипаттау келесі есепті кезеңде бағаны тіркеу кезінде қызметті атқару сапасының толық салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.";

      23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) үстеме бағаны анықтау әдісі. Осы әдісте көрсетілген қызмет бағасы сатып алу және сату бағасының айырымы ретінде өлшенеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Есепті жыл ішінде базалық объектілер жабылған немесе қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда осы көрсетілетін қызметке "шартты" баға есепті жыл соңына дейін қолданылады.";

      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады. Көрсетілген қызметтің кластары, топтары, бөлімдері және түрлері бойынша нақтыланған, бағаның өзгеруі туралы ақпарат бюллетеньдер, жинақтар түрінде Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта таратылады.

      Пайдаланушылар үшін көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.

      Баға индекстерін жариялау өңір немесе Қазақстан Республикасы бойынша олардың репрезентативтілігі сақталған кезде жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Базалық тұтыну
бағасының индексін есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексі үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

Атауы

Код

Базалық тұтыну бағасының индексі есебіне кірмейтін *:

бір құрамдас бөлік

үш құрамдас бөлік

жеті құрамдас бөлік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14




Азық-түлік тауарлары

1




Азық-түлік емес тауарлар

2




Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер

19




Нан өнімдері және жармалар

0111




Ет

0112




Балық және теңіз өнімдері

0113




Сүт, ірімшік және жұмыртқа

0114




Май және тоң май

0115




Жемістер

0116




Жаңадан жиналған жемістер

01161

*

*

*

Алма

01161001

*

*

*

Жүзім

01161002

*

*

*

Банан

01161007

*

*

*

Апельсин

01161008

*

*

*

Лимон

01161009

*

*

*

Алмұрт

01161011

*

*

*

Киви

01161017

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162




Көкөністер

0117




Жаңадан жиналған көкөністер

01171

*

*

*

Қырыққабат

01171001

*

*

*

Басты пияз

01171002

*

*

*

Қызылша

01171003

*

*

*

Сәбіз

01171004

*

*

*

Қияр

01171005

*

*

*

Қызанақ

01171006

*

*

*

Сарымсақ

01171008

*

*

*

Тәтті бұрыш

01171010

*

*

*

Түрлі-түсті қырыққабат

01171018

*

*

*

Картоп және басқа да түйнектілер

01172

*

*

*

Картоп

01172001

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174




Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

0118




Басқа санаттарға енгізілмеген азық-түлік өнімдері

0119




Алкогольсіз сусындар

012




Алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері

02




Киім және аяқкиім

03




Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

04




Сумен жабдықтау және тұрғын үй-жайлармен байланысты өзге де қызметтер

044




Сумен жабдықтау

0441



*

Суық су

04410001



*

Қоқыс жинау

0442




Қоқыс жинау

04420001




Су бұру

0443



*

Су бұру

04430001



*

Электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

045




Электр энергиясы

0451



*

Электр энергиясы

04510001



*

Газ

0452




Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ

04520001



*

Сұйытылған газ (баллондағы)

04520002




Қатты отын

0454




Таскөмір

04540001


*

*

Ағаш

04540002




Жылу энергиясы

0455




Орталықтан жылыту

04550001



*

Ыстық су

04550006



*

Үй тұрмысына қажетті заттар және тұрмыстық техника және тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша күнделікті қызмет

05




Денсаулық сақтау

06




Көлік

07




Автокөлік құралдарын сатып алу

071




Жеке көлік құралдарын пайдалану

072




Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар

0721




Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722




Бензин

07221




Бензин АИ-98

07221001


*

*

Бензин АИ-92

07221005


*

*

Бензин АИ-95, АИ-96

07221007


*

*

Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жағармай материалдары

07222




Дизель отыны

07222001



*

Мотор майы

07222004




Көлік қызметі

073




Жолаушылардың теміржол көлігі

0731




Жолаушылардың жергілікті теміржол көлігі

07311




Қала маңына қатынайтын пойызбен жол жүру

07311001



*

Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі

07312




Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың плацкарт вагонымен жол жүру

07312004



*

Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың купе вагонымен жол жүру

07312005



*

Жолаушылардың автомобиль көлігі

0732




Жолаушылардың әуе көлігі

0733




Байланыс

08




Почта қызметтері

081




Посылкаларды жіберу

08100002



*

Курьерлік қызметтер

08100003




Телефондық және факсимильді жабдықтар

082




Телефон мен факсимильді байланыс қызметтері

083




Телефон үшін абоненттік төлем

08300001



*

Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем

08300004




Кабельдік телеарна қызметтері

08300006




Ұялы байланыс қызметтері

08300008




Жер серігі телевизия қызметтері

08300011




Демалыс және мәдениет

09




Білім беру

10




Мейрамханалар мен қонақ үйлер

11




Әртүрлі тауарлар мен қызметтер

12




  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Базалық тұтыну
бағасының индексін есептеу
әдістемесіне
2-қосымша

Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу

Атауы

Код

Салмақ

Базалық жылғы желтоқсанға (өткен ай) бағалық салыстыр-малы шама

Есепті айдың бағалық салыстырмалы шамасы

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға

үш құрамдас бөліксіз тұтыну бағасы-ның индексі бойынша

қалып-қа келті-рілген

өткен айға

базалық жылғы желтоқ-санға

есепті айдың

өткен
айға

А

Б

1

2

3

4=6/7

5=3х4

6=2х5

7=2х3

Базалық тұтыну бағасының индексі





1,008753




Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14

0,93565

1,00000

1,563421

1,008753

1,577106

1,57710621

1,56342102

Азық-түлік тауарлары

1

0,35252

0,37680

1,627681

1,012975

1,648800

0,62126780

0,61331021

Азық-түлік емес тауарлар

2

0,29095

0,31101

1,406034

1,004665

1,412593

0,43933063

0,43729061

Халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер

19

0,29218

0,31219

1,642654

1,007191

1,654466

0,51650778

0,51282020

Нан өнімдері және жармалар

0111

0,07302

0,07804

1,657502

1,022447

1,694707

0,13225496

0,12935147

Ұн

011121

0,00911

0,00974

1,514634

1,039968

1,575171

0,01534217

0,01475254

Жоғары сұрыпты бидай ұны

01112101

0,00365

0,00390

1,591084

1,037838

1,651287

0,00644002

0,00620523

Бірінші сұрыпты бидай ұны

01112102

0,00546

0,00584

1,463581

1,041514

1,524340

0,00890215

0,00854731

Жемістер

0116

0,01681

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Жаңадан жиналған жемістер

01161

0,01330







Алма

01161001

0,00480







Жүзім

01161002

0,00080







Банан

01161007

0,00240







Апельсин

01161008

0,00257







Лимон

01161009

0,00140







Алмұрт

01161011

0,00098







Киви

01161017

0,00035







Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162

0,00351

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Көкөністер

0117

0,02693

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Жаңадан жиналған көкөністер

01171

0,01475







Қырыққабат

01171001

0,00240







Басты пияз

01171002

0,00249







Қызылша

01171003

0,00199







Сәбіз

01171004

0,00222







Қияр

01171005

0,00084







Қызанақ

01171006

0,00295







Сарымсақ

01171008

0,00057







Тәтті бұрыш

01171010

0,00089







Түрлі-түсті қырыққабат

01171018

0,00040







Картоп және басқа да түйнектілер

01172

0,00938







Картоп

01172001

0,00938







Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174

0,00280

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Қатты отын

0454

0,00703

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Таскөмір

04540001

0,00472







Ағаш

04540002

0,00231

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722

0,02542

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Бензин

07221

0,02220







Бензин АИ-98

07221001

0,00455







Бензин АИ-92

07221005

0,01117







Бензин АИ-95, АИ-96

07221007

0,00648







Басқа да отын мен жағармай материалдары

07222

0,00322

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Дизель отыны

07222001

0,00287

0,00307

1,377073

1,028888

1,416854

0,00434974

0,00422761

Мотор майы

07222004

0,00035

0,00037

1,429192

1,030078

1,472179

0,00054471

0,00052880

      Үш құрамдас бөлікті есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:

      1) жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерді, бензинді, көмірді алып тастаған кезде олардың үлес салмағы және баға өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады;

      2) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық салмағы 0,93565

1,00000 болады. Салмақтар қалыпқа келтіру коэффициенті

көмегімен қалыпқа келтіріледі. Оны есепке алғанда айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақ (2-баған):


жоғары сұрыпты ұн




бірінші сұрыпты ұн




ұн тобы бойынша



      3) өткен айға ұзақ мерзімді бағалық салыстырмалы шама бойынша деректер (3-баған) тұтыну бағасының индексі есептеуінен алынады. Тұтыну бағасы индексінің тиісті есептеуіндегідей анықтау үшін қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып қысқа мерзімді бағалық салыстырмалы шама (4 және 5-баған) есептеледі:

      а) айқындамалық жолдар бойынша: өткен айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (7-баған) 7-баған = 2-баған х 3-баған

      жоғары сұрыпты ұн бойынша             0,00390 х 1,591084 = 0,00620523

      бірінші сұрыпты ұн бойынша             0,00584 х 1,463581 = 0,00854731

      б) айқындамалық жолдар бойынша: есепті айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (6-баған) 6-баған = 2-баған х 5-баған

      жоғары сұрыпты ұн бойынша             0,00390 х 1,651287 = 0,00644002

      бірінші сұрыпты ұн бойынша             0,00584 х 1,524340 = 0,00890215

      в) ішкі класс түрлері, ішкі класс, класс, топ, бөлім түрлері бойынша құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалар оларға кіретін құрамдас бөліктерді тізбектеп жиынтықтау жолымен анықталады.

      Мысалы, ішкі класс (5-деңгей) бөлігі бойынша құрылымдық (6 және 7-бағандар) бағалық салыстырмалы шамалар оған кіретін айқындамалық (6-деңгей) жолдардың жиынтығы ретінде есептеледі.

      ұн бойынша 6-баған             0,00644002+0,00890215 = 0,01534217

      ұн бойынша 7-баған             0,00620523+0,00854731 = 0,01475254

      4) топтық жолдар бойынша бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді құрылымдық шаманы бөлу арқылы есептеледі:

      есепті айдың өткен айға 4-баған = 6-баған / 7-баған

      ұн бойынша             0,01534217 / 0,01475254 = 1,039968

      базалық жылғы желтоқсанға – 5-баған = 6-баған / 2-баған

      ұн бойынша             0,01534217 / 0,00974 = 1,575171

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады