Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13869 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Статистика
комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 3 маусым
№ 104 бұйрығымен бекітілді

Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме жүк көлігі қызметтері тарифтерінің өзгерісін, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды сұрыптауды, салмақтау құрамдас бөліктерін қалыптастыруды және тарифтер индекстерін есептеуді жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды және оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жүк көлігі қызметтері тарифтеріне жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүктердің нақты түрлерін белгілі жүк тасымалы қатынастары бойынша Қазақстан Республикасының көлік кешенін құратын көліктің әртүрлі түрлерімен тасымалдау тарифтерінің өзгеруін анықтау үшін деректерді алу мақсатында ұйымдастырылған. Нәтижесінде қалыптастырылатын тарифтердің индексі өндірістік қызмет көрсету секторының қызметін көрсететін статистикалық көрсеткішке жатады.

      Жүк көлігі қызметтері тарифтерінің индексін құру мақсаттары үшін заңды тұлғалар жүзеге асыратын және экономикалық қызмет түрі басқа заңды тұлғаларға көрсетілетін жүк тасымалдау бойынша көлік қызметтерінің саласы ғана қаралады.

      3. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтың статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банкі (2004 жылы) шығарған "Өндірушілер бағасының индексі бойынша нұсқау: теория және тәжірибе" нұсқауының Қазақстан Республикасының экономикасы мен зерттелетін экономикалық қызмет түрінің ерекшелігін ескере отырып бейімделген қағидаттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

      4. Осы Әдістемеде Заңда және "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, "Теміржол көлiгі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, "Автомобиль көлiгі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Ішкі су көлiгі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар мен келесі анықтамалар қолданылады:

      1) агрегатталған баға индексі – жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және бағаның жеке индекстері негізінде құрылады;

      2) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде ірі жиынтықтарға біріктіру;

      3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      4) базалық объект – байқау және ондағы тарифтерді тіркеу үшін іріктеліп алынған заңды тұлға;

      5) жеке баға индексі – зерделенетін жиынтықтың (нақты тауардың, көрсетілетін қызметтің) бір элементі бағаларының өзгерісі;

      6) жіктелім – қабылданған белгілерге сәйкес ұқсастығы немесе өзгешелігі бойынша көптеген объектілерді бөлу;

      7) импутация – түсіп қалған, қате немесе шамасы жоқ мағыналарды басқа мағыналармен алмастыру үдерісі;

      8) индекс салмағы – бұл жалпы жиынтықтағы әрбір жеке элементтің маңыздылығын көрсететін шама;

      9) өкіл-қызмет – тиісті көлік түрімен белгілі бір (тіркелген) қашықтыққа белгілі бір қатынаста нақты әр алуан жүктің іріктелген түрінің бір тоннасын тасымалдау;

      10) ротация – байқалатын базалық объектіні жасалатын мамандануы ұқсас сыртқы сауда мәмілелеріне әдейі ауыстыру;

      11) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тарифтердің өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;

      12) салмақтау сызбасы – стандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған нақты жүк түрлері салмағының жиынтығы;

      13) статистикалық көрсеткіш – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе үдерістің мәнісін көрсететін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалы сипаттамасы;

      14) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде қолданылатын жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан алынған жекелеген айқындамалар.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Байқау үшін базалық объектілерді іріктеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жүк көлігі қызметі тарифтерінің өзгеруін байқау үшін олардың барлық жиынтығынан өкілдігі және байқау үшін іріктеліп алынған қызмет түрлері бойынша деректерді тұрақты алу мүмкіндігі ескеріле отырып, базалық объектілер таңдалады. Таңдау жаппай және іріктемелі әдістерді араластыру арқылы жүргізіледі.

      6. Көліктің теміржол, құбыр, ішкі су, теңіз және әуе көліктері түрлеріндегі белсенді жұмыс істейтін көлік кәсіпорындарының саны шектеулі және барлық бірліктерді жаппай байқау қолданылады.

      Теміржол көлігінде байқау бас теміржол кәсіпорнында жүргізіледі, құбыр көлігінде магистральдық құбыр желісінің басқармаларында жүргізіледі. Әуе, ішкі су және теңіз көлік түрлерінде базалық объектілер тізбесіне олардың көлеміне қарамастан, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін барлық көлік кәсіпорындары қосылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Автомобиль көлігі қызметі тарифтерін байқау үшін іріктеме әдісі пайдаланылады.

      Базалық объектілердің тізімін құру үшін ақпараттық негіз ретінде статистикалық бизнес-тіркелім және қатынас түрлері бойынша автомобиль және қалалық электр көлігінің қызметтері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері қолданылады.

      Іріктемелі жиынтыққа барлық меншік және мөлшерлілік нысанындағы, өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын және нақты өңір үшін едәуір қызмет көлемін көрсететін көлік кәсіпорындары енгізіледі. Айтарлықтай машина паркі бар және уақыт бойы салыстырылатын бағалық ақпаратты үнемі алуды қамтамасыз ететін жүк тасымалдары бойынша қызметтің негізгі тапсырыс берушілерімен тұрақты байланысы бар көлік кәсіпорындары енгізіледі.

      Базалық кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарының жалпы тізімінен алдымен жалпы топтары бойынша ірі және орта кәсіпорындар іріктеледі.

      Бұдан әрі бас жиынтықтан белгілі бір белгі бойынша едәуір үлес салмағы бар оның аса елеулі бірліктерін іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісін пайдалана отырып шағын автокәсіпорындар енгізіледі.

      Белгі "жүк тасымалы бойынша көрсетілген қызметтерінің көлемі" статистикалық көрсеткіші болып табылады. Айтарлықтай көлемдегі жүк тасымалын жүргізетін және осы саладағы зерттеуге барынша ыңғайлы көлік кәсіпорындары іріктеледі. Іріктеме желісіне қызмет көрсету көлемі салыстырмалы түрде біршама көп, бірақ жүктердің белгілі түрлерін тасымалдауға мамандандырылған көлік кәсіпорындары қосылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Базалық объектілердің іріктеме желісі жыл сайын ротацияланады. Жыл соңында әрбір базалық объектінің есепті жыл ішіндегі тарифтері туралы ақпаратты ұсыну жүйелілігін талдау және көлік кәсіпорындарының жүк тасымалдау бойынша көрсеткен қызметінің көлемі туралы жалпымемлекеттік байқау есептілік деректерінің негізінде базалық объектілердің тізбесіне жандандыру және кеңейту жүргізіледі. Іріктемеге жыл ішінде өңірге едәуір қызмет көлемін көрсететін немесе жүк түрлерін тасымалдауды жүзеге асырған, бұрын баға зерттеуіне қосылмаған жаңа көлік кәсіпорындары қосылады.

      Көлік қызметтерінің нарығынан шыққан көлік кәсіпорындары іріктемеден шығарылады. Байқалатын базалық объектілерді тарату немесе олардың қайта ұйымдастыру кезінде оларды ауыстыру жүзеге асырылады. Көлік кәсіпорындарының біріктірілуі немесе олардың ұлғаюы кезінде байқауға жаңадан құрылған кәсіпорындар қосылады, ал байқаудан шығарылғандары мыналарды ескере отырып, басқаларына ауыстырылады:

      1) жүк ағынының қатынасы (бағыты) сақталған болуы тиіс;

      2) көрсетілетін қызметтердің байқалатын түрлері бойынша тарифтер көлік кәсіпорнының зерттеуден шығып қалғандарында қалыптасқан олардың деңгейінен едәуір ерекшеленбейді.

3-тарау. Байқау үшін өкіл-қызметтерді іріктеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жүктерді тасымалдау тарифтерін тіркеу үшін өкіл-қызметтерді іріктеу екі деңгейде жүргізіледі.

      Бірінші кезеңде жүк көлігі қызметтері тарифтерінің индексін қалыптастыруға арналған бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін қатынас түрлері бойынша әртүрлі көлік түрлерінің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүк көлігі қызметтерінің тізбесі құрылады.

      Тізбеге жүк ағынының барлық бағыттары (қатынастары) және аталған жүк түрі үшін едәуір маңызды, кең тараған тасымалданатын жүк типтері қосылады. Іріктеудің негізгі критерийлері мыналар:

      1) жүк тасымалы бағытының, көліктің сол немесе өзге де түрлері үшін жүк типінің әлеуметтік, экономикалық және стратегиялық маңыздылығы;

      2) қызметтердің жалпы жиынтығындағы таңдап алынған бағыттағы олардың көлемі, жалпыламалығы және жүк тасымалы бойынша (іріктелген жүк түрі бойынша) қызмет көрсетудің жүйелілігі болып табылады.

      Қатынас түрлері бойынша әртүрлі көлік түрлерінің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүк тасымалы бағытының және тасымалданатын жүк түрлерінің көлемі мен маңыздылығын анықтау үшін әрбір көлік түрінің қатынас түрлері бойынша әртүрлі жүк түрлерін тасымалдаудан түскен табыстардың құрылымы анықталады. Көліктің нақты түрі бойынша тарифтерді байқау үшін жүк тасымалында едәуір көлемді алатын қатынастар мен жүктердің түрлері іріктеледі.

      10. Теміржол және құбыр көлігі түрлері тарифтерінің серпінін байқау үшін Қазақстан Республикасының экономикасы үшін едәуір маңызы бар жүк типтері іріктеледі: астық, оны қайта өңдеу өнімдері, көмір, металдар, мұнай өнімдері, ағаш материалдары және өзге де өнімдерді тасымалдау, мұнай, газды айдау.

      11. Көліктің әуе және ішкі су түрлерінде жүк ағынының негізгі бағыттары анықталады: халықаралық және Қазақстан Республикасының ішінде.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Автомобиль көлігінде тасымалдың барлық ықтимал бағыттары қамтылады: халықаралық, республика ішінде, қалалық және қаламаңылық. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудан алынатын жүк түрлері бойынша автокөлік кәсіпорындарының табыстары туралы деректердің негізінде Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды мәні бар жүк типтері іріктеледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Екінші кезеңде берілген көлік түрлері тізбесінің, жүк тасымалының қатынастары (бағыттары) және жүк түрлерінің негізінде жүйелі статистикалық зерттеуге арналған жүк көлігі өкіл қызметтерінің өңірлік жиынтығы қалыптастырылады.

      Тарифтерді байқау үшін өкіл-қызметтерді іріктеудің негізгі қағидаты баға серпінінің сипаттамасы үшін олардың өкілдігі болып табылады.

      Өкіл-қызметтер тізбесін қалыптастыруда мыналар:

      1) іріктелген нақты жүк түрлері жүк тасымалының жалпы көлеміндегі едәуір үлес салмақты иеленуі;

      2) іріктелген жүк түрлерінің күнтізбелік жыл ішінде салыстырмалы түрде тұрақты тасымалдануы;

      3) іріктелген маршруттардың бар қатынастарында жүк ағындарының болуы;

      4) байқау үшін әрбір іріктелген жүк түрінде оларды тасымалдау қашықтығын (бағытын), пайдаланылатын көлік құралының (автомобильдің) типін (маркасын) сипаттайтын ерекшелігі болуы;

      5) тарифтердің олар бойынша шамасы туралы деректер екі кезеңде де салыстырмалы болуы ескеріледі.

      14. Мынадай санаттарға жататын жүк түрлері бағалық байқаулармен қамтылмайды:

      1) өзіне тән сипаттары адамдар, жануарлар өлімінің, жарақаттануы немесе науқастануының, жарылыстың, өрттің, мүліктің бүлінуі немесе жойылуының себебі болып табылатын және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін қауіпті жүктер;

      2) жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын талап ететін тез бұзылатын жүктер.

      15. Агрегаттаудың барлық деңгейлерінде есептелген индекстердің анықтығы іріктелген өкіл-қызметтердің дұрыстығы мен репрезентативтілігіне тәуелді.

      Жүк көлігінің іріктелген өкіл-қызметтері және олардың ерекшеліктері жыл ішінде өзгеріссіз қалады. Бұрын іріктелген өкіл-қызметтерді қайта қарау және ауыстыру, салмақтау сызбасын өзгерту арқылы жыл басында жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда, баға қатарының (бағдардың жойылуы, жүктің осы түрінің жоғалуы) үздіксіздігін сақтау үшін жыл ішінде оларды ауыстыруға болады.

4-тарау. Тарифтерді тіркеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тариф айдың 15-і күніндегі жағдай бойынша қосылған құн салығынсыз теңгемен көрсетіледі. Тарифтерді АҚШ долларында және басқа да тұрақты валюталарда белгілеу кезінде оларды тасымалдау жүргізілген күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері бойынша ресми (нарықтық) валюта бағамына сәйкес ұлттық валютаға қайта есептеу жүзеге асырылады.

      17. Тарифтер қызметті есепті кезең ішінде олардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген ерекшеліктері бар нақты өкіл-қызметтерге тіркеледі.

      Теміржол жүк тарифтерінің мөлшері тасымал арақашықтығына, жылжымалы құрамының түріне және жөнелтілетін жүктің мөлшеріне, әуе көлігі тарифтері – тасымал арақашықтығы мен тарифтік класына, автомобиль тарифтері – жүктің класына, машинаның жүк көтергіштігіне, тасымалдың алыстығы немесе ұзақтығына, ішкі су көлігімен тасымалдау тарифтері табиғи-климаттық факторларға және жүзу мерзімдеріне байланысты.

      Тіркелген тарифтердің салыстырмалылығының негізгі қағидаты – бұл тарифтің шамасы (тасу төлемі немесе тасымал құны) мен олардың құрамын анықтайтын ерекшеліктерінің арасындағы елеулі айырмашылықтардың болмауы. Салыстырмалылық бір бағытта және бір тасымалдау жағдайында тасымалданатын жүктің сол бір ассортименттік түріне тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі.

      18. Көлік кәсіпорындарының қызметі көп жағдайда олар көрсететін қызметтерге тұтынушылардың сұранысының ауытқуына және жүк көлігінің жекелеген түрлері жұмысының маусымдылығына байланысты болмайды. Бұл жағдайда жыл ішінде уақытша жоқ тарифтерді жүк көлігі қызметтеріне ауыстыру қажеттілігі туындайды. Жоқ нақты тарифті ауыстырудың осы немесе өзге әдісін қолдану тарифтер серпінін егжей-тегжейлі талдаудың нәтижесіне байланысты болады.

      Бір өкіл-тауарды басқасына ауыстыру жылдың басында жүргізіледі. Кейбір жағдайларда есепті жыл ішінде баға қатарының үздіксіздігін сақтау үшін шығып қалған өкіл-тауардың орнына жаңасын енгізуге жол беріледі.

      Ауыстыратын тарифтер болмаған жағдайда еспетелетін индекстердің серпінді қатарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін импутация жүргізіледі.

5-тарау. Тарифтердің индексі үшін салмақтау сызбасын қалыптастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жүк көлігі қызметтерінің тарифтері индекстерін құру кезеңдерінің бірі қолданыстағы жіктеуішке сәйкес оларды төменгі деңгейден жоғары деңгейге агрегаттау жүзеге асырылатын салмақтау сызбасын қалыптастыру болып табылады.

      Салмақтау сызбасы тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша және әр бір өңір бойынша қалыптастырылады. База ретінде қабылданған белгілі бір жылдағы қолданыстағы бағалармен (тарифтермен) жүк тасымалы бойынша көлік кәсіпорындарының көрсеткен қызметтері үшін олардың алған табыстары туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері көліктің әртүрлі түрлерімен жүктер тасымалдау үшін тарифтер индекстерін есептеуге пайдаланылатын салмақтау сызбасын қалыптастыру үшін ақпараттық негіз болып табылады.

      20. Әрбір өңір бойынша көлік қызметінің түрлері бойынша бөлінген құндық деректер бар. Олар жүк тасымалдаудың бағыты мен түрінің үлес салмағына байланысты қатынас және жүк түрлері бойынша бөлінеді. Өкіл қызметтер және қатынас түрлері бойынша алынған құндық деректер көлік түрлері және жүк тасымалының бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша жинақталады.

      21. Көлік қызметі түрлерінің арасындағы жүк тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің арасалмағы жылдан-жылға жүк тасымалдау көлемдерінің әртүрлі болуымен байланысты белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Осыған байланысты жүк көлігінің қызметтері тарифтерінің индексі үшін қалыптастырылған салмақтау сызбасы жыл сайын жаңартылады. Жүк тасымалдаудан түскен табыстар туралы құндық деректерді ауыстыру кезінде бағалық байқау үшін анықталған қызмет түрлерін қайта қарау және кеңейту жүзеге асырылады.

      22. Тариф индекстерін есептеудің нақтылығы және индекстің бұрмалануын болдырмау үшін салмақтың базистік кезеңі мен тарифтердің базистік кезеңі бір уақыт кесіндісіне келтіріледі. Ол үшін келесі жүйеленген операциялардан тұратын салмақты түзету рәсімі қолданылады:

      1) түзету коэффициентін анықтау;

      2) түзетілген салмақты анықтау;

      3) салмақты қалпына келтіру.

      Түзету коэффициентін есептеу үшін қарастырылып отырған базистік кезеңдегі өткен жылдың желтоқсанына тарифтер индекстерінің ай сайынғы қатары қолданылады. Түзету коэффициенті желтоқсандағы тарифтер индексінің мәнін өткен жылғы барлық базистік кезеңдегі тарифтер индексінің орташа мәніне бөлуді білдіреді:


(1)

      мұндағы:

      K – түзету коэффициенті;


- есепті жылғы желтоқсанның баға индексі өткен жылғы желтоқсандағы баға индексіне;

- есепті жылғы баға индексі өткен жылғы желтоқсанға;

      1, 2,...,12 – базистік жылдың айлары.

      Түзету коэффициенті жүк көлігі қызметтері тарифтерінің индексі жіктеуішінің ішкі түрлері (алты мәнді деңгей) бойынша есептеледі және төмен тұрған әрбір агрегаттау сатысы үшін қолданылады. Қызметтердің анықталған көлемін түзету коэффициентіне көбейту арқылы қызметтердің ішкі түрлеріндегі айқындамалар бойынша түзетілген көлем есептеледі.

      Барлық жиынтық бойынша түзетілген салмақ қолданыстағы агрегаттауға сәйкес түзетілген салмақты қосындылау арқылы есептеледі. Алынған сома барлық жиынтық бойынша нормаға келтіру арқылы бірлікке теңестіріледі. Ол үшін әрбір қызмет түрінің алынған салмағы олардың барлық жиынтығы бойынша түзетілген сомасына бөлінеді.

6-тарау. Жүк тасымалдау тарифтерінің индексін есептеу

      23. Іріктемелі жиынтықтың элементтерін қамту дәрежесіне байланысты жүк тасымалдау тарифтерінің жеке және агрегатталған индекстерін есептеу жүргізіледі.

      24. Жеке баға индекстерді есептеу жалпымемлекеттік статистикалық байқау нысандарында тіркелген шамалардың негізінде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:


(2)

      мұндағы:

      Inj – тарифтердің жеке баға индексі;

      Pnj – n есепті кезеңдегі j өкіл-қызмет тарифі;

      P(n-1)j – n алдыңғы кезеңдегі j өкіл-қызмет тарифі.

      Жүк тасымалдау тарифтерінің агрегатталған индекстері агрегацияның әртүрлі дәрежелерінің топтары бойынша есептеледі: жүк түрлері немесе жүк тасымалының бағыттары бойынша; жүк көлігінің түрлері бойынша; тұтастай жүк көлігі бойынша.

      Жүк бағыты, түрлері бойынша тарифтердің индекстерін облыс бойынша есептеу өкіл-тауарлардың индекс кірісін пайдалану арқылы орташа геометриялық формула (Джевонс индексі) бойынша жүзеге асырылады:


(3)

      мұндағы:


- облыс бойынша жүк бағыты (түрлері) бойынша тарифтердің индексі;

– өкіл қызметтер бойынша тарифтердің жеке индексі;

      k - өкіл-қызмет саны.

      25. Агрегаттаудың неғұрлым жоғары деңгейіндегі көлік қызметі тарифтерінің индекстерін есептеу үшін салмақтаудың тұрақты сызбасы арқылы салмақталған тарифтердің өзгерісіне жүргізілген тізбекті байқаудың негізінде индекстерді есептеуге мүмкіндік беретін түрлендірілген Ласпейрес формуласы пайдаланылады:


(4)

      мұндағы:

      I – базистiк кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі жүк көлiгі қызметтері тарифтерінің индексi;


– j қызмет түрі тарифтерінің жеке индексi;

      P0Q0 – агрегаттауға арналған стандартты салмақ ретінде қабылданатын базистiк кезең бағаларындағы жүк көлiгі қызметтерiнiң құны;

      Pn-1Q0 – есепті кезеңдегі жүк көлiгі қызметтерiнiң құны, мұнда


(5)

      26. Өткен жылғы тиісті кезеңге (ай, тоқсан, өспелі қорытындысымен кезең) тарифтер индексін қалыптастыру базистік әдіспен жүзеге асырылады, бұл әдіс айлық баға индекстерін өзара база ретінде есептеу нүктесі бар белгіленген тізбектелген серпінді индекстік қатарға "ұштастыруды" көздейді.

      Өткен жылғы тиісті кезеңге есепті жылғы тарифтердің айлық индекстерін есептеу есепті жылдың осы индекстік қатарындағы тарифтердің айлық индексін өткен жылғы осы қатардағы тарифтердің айлық индексіне бөлу арқылы жүзеге асырылады:


(6)

      мұндағы:

      It – есепті жылдың t айындағы тарифтер индексі өткен жылғы тиісті айға;

      Itn – n индекстiк қатардағы есептік жылың t айындағы тарифтер индексі;

      It(n-1) – индекстiк қатардағы (n-1) өткен жылдың t айындағы тарифтер индексі.

      Өткен жылғы тиiстi кезеңге өспелi қорытындысымен тарифтер индекстерi салыстырылатын кезеңнің индекстік қатары тарифтерінің айлық индекстері сомасын өткен жылғы айлық индекстердің осыған ұқсас сомасына бөлу арқылы анықталады:


(7)

      мұндағы:

      Ip – ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсандағы тарифтердің индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

      Ipn1, Ipn2…Ipn12 – n индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар,

      ақпан... желтоқсандағы тарифтер индексі;

      Ip(n-1)1, Ip(n-1)2…Ip(n-1)12 – индекстік қатардағы n-1 өткен жылғы қаңтар, ақпан...

      желтоқсандағы тарифтер индексі;

      Өткен тоқсанға тоқсандағы тарифтер индекстерi бақыланатын кезеңге кіретін индекстік қатардағы тарифтердің айлық индекстері сомасының өткен кезеңдегі тарифтердің айлық индекстері сомасына қатынасы ретінде есептеледі:


(8)

      мұндағы:

      Ik – II тоқсандағы тарифтердің индексi I тоқсанға;

      In1, In2, In3 – n индекстік қатардың есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурыздағы тарифтерінің индекстерi;

      In4, In5, In6 – n индекстік қатардың есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымдағы тарифтерінің индекстерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады