"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 324 бұйрығымен бекітілді |
Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме өндірушілердің көрсетілген қызметтерге баға деңгейін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеудің, салмақтарды қалыптастырудың және агрегаттаудың әртүрлі деңгейінің баға индекстерін есептеудің негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.
3. Осы Әдістемені өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағасын және баға индексін құруға жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік Банкі дайындаған "Өндірушілер бағасының индексі бойынша нұсқаулық: теория және тәжірибе" және "Көрсетілетін қызметтерге өндірушілердің баға индекстерін әзірлеу бойынша Еуростаттың және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының әдіснамалық нұсқаулығы" бойынша қағидаттар мен ұсынымдарды есепке ала отырып әзірленген.
5. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индексі (бұдан әрі– ӨҚБИ) қызмет көрсету секторындағы ішкі өндірушілер бағасының өзгеруін сипаттайды және өндірушілер бағасы индексінің субиндексі болып табылады.
ӨҚБИ құрудың мақсаты көрсетілетін қызметтердің әртүрлі түрлеріне оны көрсету уақытындағы бағаның орташа өзгеруін өлшеу болып табылады.
Көрсетілетін қызметтерге өндірушілердің баға индексі:
1) көрсетілетін қызметтер секторындағы инфляция индикаторын алу үшін;
2) дефлятор ретінде ұлттық есеп жүргізу жүйесінде шығарылым немесе аралық тұтыну үшін;
3) көрсетілетін қызметтер секторы саласындағы нақты көлем индексін есептеу үшін;
4) басқа да экономикалық-талдамалық мақсаттарға қолданылады.
6. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі анықтамалар пайдаланылады:
1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлердегі неғұрлым ірі жиынтықтарға біріктіру;
2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;
3) бағаның агрегатталған индексі – жекелеген ішкі топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және бағаның жеке индекстері негізінде қалыптастырылады;
4) бағаның жеке индексі – зерделенетін жиынтықтың (нақты тауардың, қызметтің) бір элементі бағаларының өзгеруі;
5) базалық объект – байқауға және ондағы бағаларды тіркеуге іріктелген заңды тұлға;
6) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктелген, жеке тауарды сәйкестендіру үшін қолданылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі;
7) жіктелім – қабылданған белгілеріне сәйкес ұқсастықтары мен өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топтарға бөлу;
8) индекс салмағы – олардың жалпы жиынтығында әрбір жеке элементтің маңыздылығын көрсететін шама;
9) қызмет түрi – қызмет түрлері жіктелімінің едәуір ірілендірілген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар және көрсетілетің қызметтердің) біртектес жинағын құру үдерісі. Заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі – қосылған құны заңды тұлға жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асып түсетін қызмет түрі. Заңды тұлғаның қосалқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнім (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өндіру мақсатында негізгі қызметтен басқа жүзеге асырылатын қызмет түрі;
10) өкіл көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметтің сапасына және қызмет көрсетудің негізгі қасиеттеріне әсер етпейтін және өзінің тұтынушылық белгісі бойынша біртектес, болмашы өзгешеліктерімен ерекшеленетін топтағы белгілі бір қызметтердің жиынтығы;
11) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тауарлардың, қызметтердің өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;
12) салмақтау сызбасы – стандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық дәрежелері бойынша айқындалған өнімдердің (тауарлар, көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлері салмағының жиынтығы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қамту және жіктелім
7. Индекстің қамту саласы және шекті шекарасы (іріктеу шеңбері) оны құрудың түпкілікті мақсатымен және пайдаланудың негізгі бағытымен айқындалады.
ӨҚБИ үшін экономикалық, салалық және географиялық қамтудың шеңберлері, байқаудың статистикалық бірліктері (базалық объектілердің санаттары) айқындалады.
8. Экономикалық қамту шеңберінде көрсетілетін қызметке баға индексін әзірлеу кезінде ел экономикасы үшін маңызды сала, оның көрсетілетін қызмет көлеміндегі үлесі есепке алынады. ӨҚБИ оларды ішкі нарықта немесе елден тыс (экспортқа) көрсетуіне қарамастан, нарықтық бағаларда бағаланатын Қазақстан Республикасындағы өндірістік көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша операцияларды қамтиды.
ӨҚБИ пайдаланушылардың барлық санаттарына: аралық пайдалану заңды тұлғаларға және халыққа соңғы тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің барлық ішкі өндірісін қамтиды. Көрсетілген қызметтерді әртүрлі пайдаланушылар үшін баға айырмашылығы және бағаның өзгеру фактісін көрсете отырып, аталған санаттардың әрқайсысы үшін жекелеген ӨҚБИ бар.
Белгіленуі бойынша мынадай индекстер есептеледі:
1) ӨҚБИ "бизнес-бизнеске" (B to B) ішкі көрсетілетін қызмет өндірушілердің отандық бизнеске көрсетілген қызмет бағасының өзгеруін сипаттайды. Ол мемлекеттік секторды қоса заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді қамтиды;
2) ӨҚБИ "бизнес-тұтынушыға" (B to C) ішкі көрсетілетін қызмет өндірушілердің үй шаруашылығына көрсетілген қызмет бағасының өзгеруін сипаттайды. Осы баға индекстері үшін негізгі дереккөз сатып алу бағасында бағаланған, тұтыну бағаларының индексі болып табылады;
3) қорытынды ӨҚБИ "бизнес-барлығына" (B to all) ішкі көрсетілетін қызметті өндірушілердің барлық нарықтарға көрсетілген қызмет бағасының өзгеруін сипаттайды. Ол "бизнес-бизнеске" және "бизнес-тұтынушыға" баға индекстерін агрегаттау жолымен есептеледі.
9. ӨҚБИ-ні салалық қамту көрсетілетін қызмет секторындағы экономикалық қызмет түрлеріне жататын көрсетілетін қызметтердің есепке алынуын көздейді. Басқа экономикалық қызмет түрлерінің занды тұлғаларына және халыққа заңды тұлғалар өндіретін көрсетілетін қызмет саласы қарастырылады.
10. Географиялық қамту шеңберінде ӨҚБИ құру үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі базалық объектілер зерттеледі. Өңірлік баға индекстерінің көрсетілетін қызмет нарықтарының әртүрлілігіне және өндірілген қызмет түрлерінің біртектілігі бағасы өңіраралық әралуандықтың болуына байланысты маңыздылығы бар.
ӨҚБИ құрастырудағы экономикалық қызметтің әрбір түрі үшін өңірлік индекстерді қалыптастыруға сала кәсіпорындарының шектелген санында немесе бірнеше өңірлерде ғана жиналғандықтан, көрсетілетін қызметтің жеке салаларының ерекшеліктеріне байланысты жеке әдіс қолданылады. Нақты экономикалық қызмет түрі бойынша өңірдегі кәсіпорындардың шектеулі саны өңірлік ӨҚБИ-ді қалыптастыруға мүмкіндік бермейді немесе олардың өкілдігін төмендетеді.
Географиялық қамту заңды тұлғаның тіркелген жеріне қарамастан, орналасқан орны бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың іріктемелі есебін қарастырады.
11. Индексті қалыптастырудың:
1) көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі;
2) салалар негізіндегі екі әдісі бар.
Салалар негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қосалқы қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің болуына қарамастан, нақты бір қызмет түрінің кәсіпорындары болып табылады.
Көрсетілетін қызмет түрлері негізінде ӨҚБИ-ді әзірлеу кезінде базалық объектілер қызмет түріне қарамастан, белгілі бір көрсетілетін қызмет түрлерін өндіретін кәсіпорындар болып табылады. Тәсілді қолдану үшін көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөліністе қызмет көрсету статистикасы деректерінің болуы талап етіледі. Қызмет көрсету статистикасында көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлері үшін қызметтің негізгі және қосалқы түрлеріне бөліністегі құндық деректер бар және баға индекстерін әзірлеу кезінде көбінесе көрсетілетін қызмет түрлері негізіндегі тәсіл қолданылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жіктелім жүйесі іріктемені қалыптастыру үшін негіз болып табылады және индекстердің құрылымын және көрсетілетін қызмет түрлерінің қамтылуын айқындайды. Стандартты статистикалық жіктеуіштерді пайдалану қолдануға жарамды және халықаралық деңгейде салғастырымды деректердің маңызды қатарын алуға мүмкіндік береді.
ӨҚБИ индексін қалыптастыру үшін пайдаланылатын статистикалық жіктеуіштер экономикалық қызмет түрлерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін анықтау үшін қолданылады.
3-тарау. Базалық объектілерді іріктеу
13. ӨҚБИ құру іріктемеге негізделген. Статистикалық байқау үшін базалық объектілерді іріктеу мақсатты бағытталған іріктеме және кездейсоқ (ықтималдылық) іріктеу әдістерін құрамдастыру арқылы жүзеге асырылады:
1) ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері көп шоғырланған салалар үшін мақсатты әдіс;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны көп салалар үшін кездейсоқ іріктеме әдісі қолданылады.
Бір сала ішінде стратификациялау әдісі қолданылады, және жалпы жиынтық ішкі топтарға (страталарға) бөлінеді. Жиынтықтың әрбір элементі тек қана бір стратаға жатады. Әрбір страта ішінде мақсатқа бағытталған немесе кездейсоқ іріктемелі әдісті қолданумен элементтер таңдап алынады.
Іріктемелі әдістердің басымдылығы жекелеген бірліктерді толық зерттеу негізіндегі бас жиынтықты сипаттайтын деректерді алу, ақпаратты өңдеуді және қысқа мерзімдерде және ресурстардың аз шығынымен нәтижелерді қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.
14. Іріктемелі жиынтыққа қызметтерін тұрақты негізде жүзеге асыратын базалық объектілер кіреді. Базалық объектілердің іріктемесін қалыптастыру үшін экономикалық қызметтің іріктелген түрлеріндегі статистикалық бизнес-тіркелім және көрсетілген қызмет көлемдері туралы қызмет көрсету статистикасының деректері қолданылады.
15. Базалық объектілерді іріктеу мынадай қағидаттарды есепке алумен жүзеге асырылады:
1) ауқымдылық: барлық типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы объектілерді қосу;
2) географиялық репрезентативтілік: байқаудың әртүрлі өңірлеріндегі орналасқан объектілерді іріктеу;
3) типтік: экономикалық қызметтің осы түріне тән жұмыс шарттары (көрсетілетін қызметтердің түр-түрі, технологиялық үдерістер және басқалары) бірдей болатын объектілерді қосу.
16. Іріктемелі байқау көрсетілетін қызметтер нарығының инфрақұрылымына байланысты жыл сайын базалық объектілерді өзектендіруді және қайта қарауды көздейді. Өзектендіру көрсетілетін қызмет көлемі туралы алғашқы статистикалық деректерді талдау негізінде жүзеге асырылады. Базалық объектілердің тізіміне қызмет көрсетудің тұрақты көлемі бар және осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген іріктеу қағидаттарына жауап беретін жаңа субъектілер енгізіледі. Нарықтан шығып қалған көрсетілетін қызметтерді өндірушілер іріктемеден алынып тасталады. Бақыланатын базалық объектілердің жойылуы немесе олардың қайта ұйымдастырылуы кезінде көрсетілетін қызметтер жиынын бақылау үшін барлық айқындалғандар бойынша тұрақты негізде нақты бағалық ақпаратты алу үшін оларды ауыстыру жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін қызметтерді іріктеу
17. Бағалық байқау үшін көрсетілетін қызметті іріктеу екі кезеңнен тұрады және әрбіреуінде оларды іріктеу үшін сәйкесінше өлшемшарттар қолданылады.
Бірінші кезеңде қолданыстағы стандартты жіктелімдер және зерттелетін нарықтардың жағдайын көрсететін деректер негізінде бағалық байқау үшін көрсетілген қызметтердің анықталған тізбесі іріктеледі. Экономикалық қызметтің осы түрі үшін неғұрлым маңызды және мәнді көрсетілетін қызметтің барлық түрлері қосылады. Тізбе республикалық деңгейде әзірленеді және ӨҚБИ-ді қалыптастыруға арналған бірегей тәсілді қамтамасыз етеді.
18. Бағалық байқау үшін көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес әзірленеді:
1) өкілділік. Іріктелген көрсетілетін қызмет түрлері зерттелетін сегмент үшін анықтайтын мәні және жалпы құрылымында елеулі үлес салмағы бар.
2) өзектілік және тұрақтылық. Қызметтер нарықта талап етіледі және уақыттың ұзақ кезеңі ішінде қол жетімді.
3) бағалық серпіннің репрезентативтілігі. Іріктелген көрсетілетін қызмет түріне бағаның қозғалысы басқа іріктелмеген түрлеріне серпіннен ерекшеленбейді және нарықтағы бағалық жағдайдың экономикалық нақтылығын көрсетеді.
19. Көрсетілетін қызмет түрлерін іріктеу үшін ақпараттық дереккөз ретінде белгілі жылға көрсетілген қызмет көлемі туралы жалпымемелекеттік статистикалық байқау деректері қолданылады. Көрсетілетін қызмет түрлерінің маңыздылығын көрсету үшін экономикалық қызметтің тиісті түрлеріндегі олардың құрылымы анықталады.
20. Екінші кезеңде көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесіне және нарық конъюнктурасын зерделеуге сәйкес репрезентативті өкіл көрсетілетін қызметтер іріктеледі. Көрсетілетін қызметтің әрбір түрінен бір немесе бірнеше өкіл қызмет таңдалады. Іріктелген көрсетілетін қызмет көрсету көлемі құрылымында оның құрылымындағы көрсетілген көлемі үлес салмақтың көбін иеленеді.
Репрезентативті өкіл көрсетілетін қызметтер тізбесіне мынадай қызметтер қосылады:
1) заңды тұлғалардың өндірістік қызмет үдерісінде тұрақты түрде өндірілетін және қолданылатын;
2) өзгермейтін сапалы параметрлері және бірдей өлшем бірлігі бар;
3) ақпаратты жинау тұрғысында қолжетімді, ал олардың бағалық өзгерістері көрсетілетін қызметтің осы тобына тән.
21. Бір өкіл көрсетілетін қызмет шеңберінде көрсетілетін қызметтердің түрлерін қамту оның бағасын анықтау үшін қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларды қамтитын ерекшеліктерді құрумен қамтамасыз етіледі.
Өкіл көрсетілетін қызметті толықтай сипаттау келесі есепті кезеңде бағаны тіркеу кезінде қызметті атқару сапасының толық салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Іріктеудің дұрыстығы мен өкіл көрсетілетін қызметтердің репрезентативтілігінен агрегаттаудың барлық деңгейлерінде есептелетін индекстердің анықтығына байланысты. Іріктелген өкіл көрсетілетін қызметтер және олардың ерекшеліктері жыл бойы өзгеріссіз қалады. Бұрын іріктелген өкіл көрсетілетін қызметтерді қайта қарау және ауыстыру жыл басында салмақтау сызбасын өзгертумен жүргізіледі. Бағалық қатардың үздіксіздігін сақтау үшін ерекше жағдайларда жыл ішінде олардың ауыстырылуы рұқсат етіледі.
5-тарау. Бағаны анықтау әдістері
23. Өндірістік көрсетілетін қызметтер үшін зерттелетін сала мен өкіл қызметтердің нақты ерекшелігіне байланысты келесі әдістер қолданылады:
1) қайталана көрсетілетін қызметтердің бағасын тікелей қолдану әдісі. Осы әдіс ұзақ уақыт кезеңі ішінде бірдей орындалатын стандартты көрсетілетін қызмет түрлерін байқау үшін қолданылады;
2) келісімшарттық баға әдісі. Осы әдіс арқылы нақты транзакция бағасы байқалады. Әдістің басымдылығы – нақты мәміле бағасының болуы, ал кемшілігі келісімшарттық бағаның өзгергіштігі болып табылады. Осы әдіс көрсетілетін инженерлік, ақпараттық-технологиялық қызметтерге, жинау, қауіпсіздік бойынша көрсетілетін қызметтерге бағаны байқау кезінде қолданылады;
3) модельдік баға әдісі. Осы әдіс бірегей көрсетілетін қызметтерге қолданылады. Келісімшарт бағасы модельге қосылады, және кәсіпорын әр есепті кезеңде көрсетілетін қызметтің бағасы есептеледі. Әдіс автомобильдік жүк тасымалдау, ақпараттық-технологиялық, инженерлік, экспедиторлық көрсетілетін қызметтерде қолданылады;
4) біркелкі құн әдісі. Сатылымнан түскен кіріс және сатылған бірлік саны туралы ақпараттың негізінде көрсетілетін кызметтердің бағасы есептеледі. Әдіс көрсетілетін телекоммуникациялық және әуе арқылы тасымалдау қызметтеріне қолданылады;
5) бағалардан (тарифтерден) пайыз әдісі. Осы әдісті қолданғанда көрсетілген қызметтің көлемі туралы ақпарат және белгіленген пайыздық мөлшерлеме пайдаланылды. Әдіс жұмыспен қамту агенттіктерінің көрсетілетін қызметтерін (бірінші жалақыдан пайыз), көрсетілетін құқықтық қызметтерді (сотта қаралатын сомасынан пайыз), салықтық консультация беру, көрсетілетін сәулет кызметтерін (құрылыс құнынан пайыз) бағалауда қолданылады;
6) компоненттерден баға әдісі. Осы әдісте олар үшін баға анықтау мүмкіндігі болатын көрсетілетін қызмет құраушы компоненттерге бөлінеді. Олар үшін компоненттер және салмақтау сызбасы үнемі өзектендіріледі.
7) жұмыс уақытын есепке алу әдісі. Көлемге емес, қызмет көрсетуге жұмсалған уақыт ішіндегі нақты транзакцияның бағасы байқалады. Сағат негізінде көрсетілген қызметке қолданылады. Заңдық, бухгалтериялық, көрсетілген IT-қызмет, көрсетілген менеджмент және консалтинг қызметтері жұмыс күшін іріктеу үшін қолданады.
8) үстеме бағаны анықтау әдісі. Осы әдісте көрсетілген қызмет бағасы сатып алу және сату бағасының айырымы ретінде өлшенеді.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Бағаны тіркеу
24. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағасын тіркеу бекітілетін жалпымемлекеттік статистикалық байқау нысандарының кезеңділігіне сәйкес ай сайын немесе тоқсан сайын жүзеге асырылады.
25. Статистикалық нысандарды толтыруға негіздеме бухгалтерлік есеп құжаттары (шарттар, шот-фактуралар, баға прейскуранттары және басқа да құжаттар) болып табылады. Баға қосымша құн салығынсыз тіркеледі.
26. Баға алдын ала анықталған ерекшеліктерімен (сипаттамаларымен) нақты өкіл көрсетілетін қызметтерге тіркеледі.
Тіркелген баға салғастырмалылығының негізгі қағидаты ерекшеліктер арасында олардың шамасын анықтайтын едәуір айырмашылықтар болмауы болып табылады.
27. Белгіленген кезең үшін орташа баға тіркеледі. Өкіл көрсетілетін қызметтің нақты түрі бойынша орташа бағаны анықтау үшін Әдістеменің 5-тарауында сипатталған әдістерінің бірі қолданылады.
28. Жыл ішінде баға тіркеу кезінде экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілген қызметтерге уақытша болмаған бағаны ауыстыру қажеттілігі туындайды. Уақытша болмаған өкіл көрсетілетін қызмет бағасын ауыстыру "шартты" бағаны қолданумен жүзеге асырылады.
Мынадай ауыстыру әдістері қолданылады:
1) өткен кезеңдегі бағаға тең "шартты" бағаны қолдану;
2) ұқсас ерекшеліктерімен (сипаттамаларымен) осыған ұқсас көрсетілетін қызмет түрлерінің баға өзгерісіне түзетілген "шартты" бағаны қолдану;
3) Басқа базалық объектілердегі осыған ұқсас өкіл көрсетілетін қызмет түрлерінің баға өзгерісіне түзетілген "шартты" бағаны қолдану.
ӨҚБИ құру кезінде көрсетілген қызмет фактісіне негізделген және баға өзгерісін анық көрсететін бірінші ауыстыру әдісі қолданылады. Өткен кезеңнің баға деңгейіне "шартты" бағаны қолдануы келесі қызмет көрсету фактісіне дейін жүзеге асырылады. Әдісті қолдану салыстырмалы түрде баға серпіні тұрақты кезде, осы кезеңде көрсетілетін қызметтерге шығындар өзгеріссіз қалған жағдайда жүзеге асырылады. Егер екі немесе үш кезеңнен көп уақыт бойы өкіл көрсетілетін қызметтің бағасын тіркеу мүмкін болмаған жағдайда, базалық объектіде ескі өкіл көрсетілетін қызмет түрлері жаңа түріне ауыстырылады.
29. Есепті жыл ішінде базалық объектілер жабылған немесе қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда осы көрсетілетін қызметке "шартты" баға есепті жыл соңына дейін қолданылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Салмақтау сызбасы
30. Қолданылатын жіктеліміне сәйкес төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін біріктіруге мүмкіндік беретін, салмақтау сызбасын қалыптастыру ӨҚБИ құрастыру кезеңдерінің бірі болып табылады
Салмақтау сызбалары орталықтандыра отырып қалыптастырылады. ӨҚБИ құрастыру үшін біріктірілген деректер бар көрсетілетін қызмет түрлері бойынша "Ресурстар-Пайдалану" кестесінің ақпараты қолданылады. Неғұрлым нақты деңгейде кәсіпорындардан белгілі бір жылға қолданыстағы бағадағы алынған олардың өздері көрсеткен қызметтерінен түскен кірістері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері қолданылады. Құндық деректер болмаған немесе жетпеген жағдайда, деректер тікелей байқауға іріктеліп алынған базалық объектілерден сұрастырылады.
31. Салмақтау сызбасын құру үдерісі мынадай операцияларды қамтиды:
1) Көрсетілген қызметтер көлемі туралы құндық деректерді анықтау және байқауға енгізілген оларды түрлері, кластары, топтары арасында бөлу. Байқауға енгізілмеген көрсетілетін қызметтің түрлері, кластары, топтары бойынша құндық деректер мақсаты бойынша бірдей көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша зерттелетін топтарға қайта бөлінеді немесе байқауға енгізілген барлық құраушылар бойынша пропорционалды.
2) салыстыру негізі ретінде алынған бірыңғай уақыт кезеңіне сәйкес қызметтерді көрсету және көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бағалар деңгейі туралы орташа жылдық құндық байланыстыруды жүзеге асыру (түзетілген құндық деректер);
3) көрсетілетін қызметтің түрлері, кластары, топтары бойынша түзетілген құндық деректерді қайта бөлу (соңғы құндық деректер).
Көрсетілетін қызметтердің түрлері, кластары, топтары бойынша табылған құны мамандандырылуына және Қазақстан Республикасында қалыптасқан көрсетілетін қызметтің құрылымына байланысты.
32. Салмақтау сызбасы есепті жыл ішінде тұрақты болып қалады. Көрсетілген қызмет құнының құрылымы елеулі өзгерген жағдайда оған өзектендіру жүргізіледі.
8-тарау. Баға индексін есептеу
1-параграф. Жеке және агрегатталған баға индексін есептеу
33. Іріктемелі жиынтық элементтерінің қамтылу дәрежесіне байланысты жеке және агрегатталған баға индекстерін есептеу жүргізіледі.
Өкіл көрсетілетін қызметтердің жеке баға индексі базалық объектілерде тіркелген бағалардың қатынасы түрінде формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ἱtj – j өкіл көрсетілген қызмет түріне жеке баға индексі;
Ptj – j көрсетілетін қызмет түріне t есепті кезеңдегі баға;
P(b)j – j көрсетілетін қызмет түріне t базистік кезеңдегі баға (b).
Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жеке баға индексін қарапайым (салмақталмаған) орташа геометриялық есептеу (Джевонс индексі) өкіл көрсетілетін қызметтер бойынша баға индекстерінен формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Ij – j көрсетілетін қызмет түріне жеке баға индексі;
i1, i2,…, ik – өкіл көрсетілетін қызмет түріне жеке баға индекстері;
k – өкіл көрсетілетін қызметтер саны.
34. Репрезентативтілікті қамтамасыз ету үшін есепті кезеңде әртүрлі базалық кәсіпорындарда бір көрсетілетін қызметке кем дегенде үш баға болған кезде баға индексінің есептеуі жүзеге асырылады.
35. Барлық келесі кезеңдерде бағаның қарапайым индекстері жіктелімнің иерархиялық құрылымына сәйкес және тиісті салмақтауыштарды қолдана отырып, неғұрлым жоғары деңгейдегі индекстерге – агрегатталған баға индекстеріне біріктіріледі.
Агрегацияның неғұрлым жоғары деңгейдегі индекстер есептеу үшін (класс, топтама, бөлім, секция) индекстерді тұрақты салмақтау сызбасы арқылы салмақталған, баға өзгерісін дәйекті байқау негізінде есептеуге мүмкіндік беретін Ласпейрес формуласының түрлендiрiлген нұсқасы қолданылады.
мұндағы:
IL – базистік кезеңімен салыстырғандағы t кезеңі үшін баға индексі
Рt – көрсетілетін қызмет түріне жеке баға индексі
Р0
P0Q0 – агрегаттау үшін стандартты салмақ ретінде алынған базистік жыл бағаларындағы көрсетілетін қызметтердің құны;
2-параграф. Әртүрлі кезеңдерге баға индекстерін есептеу
36. Өткен жылғы тиісті кезеңге (кезең, өсу қорытындысымен кезең) баға индекстерін құру база ретінде белгіленген есептеудің тіркелген нүктесі немесе базалық кезеңі бар тізбекті серпінді қатарды құру үшін баға индекстерін өзара "байланыстыруды" (тіркеме) көздейтін базистік әдіспен жүргізіледі. Есептеудің тіркелген нүктесі ретінде алынған базалық кезең әр бес жыл сайын өзгереді.
Базалық кезеңге баға индексі есепті кезеңдегі жеке баға индексін өткен кезеңдегі баға индексі базалық кезеңге көбейтумен табылады:
Ib = It x Ib (t-1), (4)
мұндағы:
Ib – t есепті кезеңдегі баға индексі b базалық кезеңге;
Ib(t-1) – t-1 өткен кезеңдегі баға индексі b базалық кезеңге;
It – t есепті кезеңдегі жеке баға индексі.
37. Есепті жылдың есепті кезеңіндегі баға индексін өткен жылдың тиісті кезеңіне есептеу есепті жылдың базистік индекстік қатарындағы баға индексін өткен жылдың дәл осы қатарындағы баға индексіне бөлу арқылы жүзеге асырылады:
мұндағы:
It – g есепті жылдың t кезеңіндегі баға индексі өткен жылдың тиісті g-1 кезеңіне
Itg – индекстік қатардағы g есепті жылдың t кезеңдегі баға индексі;
It(g-1) – индекстік қатардағы g-1 өткен жылдың t кезеңдегі баға индексі.
38. Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындымен баға индекстерi салыстырмалы кезеңдегі базистік индекстер қатарындағы баға индекстерінің сомасын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес баға индекстерінің сомасына бөлу арқылы анықталады:
мұндағы:
– g есепті кезеңнің өспелі қорытындысымен жылдың баға индексі өткен жылғы g-1 тиісті кезеңге;
I1g, I2g, ..., I12g – g есепті жылдың кезеңдері үшін индекстік қатардағы баға индексі;
I1(g-1), I2(g-1), ..., I12(g-1) – g-1 өткен жылдың кезеңдері үшін индекстік қатардағы баға индексі.
9-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату
39. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады. Көрсетілген қызметтің кластары, топтары, бөлімдері және түрлері бойынша нақтыланған, бағаның өзгеруі туралы ақпарат бюллетеньдер, жинақтар түрінде Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта таратылады.
Пайдаланушылар үшін көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.
Баға индекстерін жариялау өңір немесе Қазақстан Республикасы бойынша олардың репрезентативтілігі сақталған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.