Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14544 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 274 бұйрығымен
бекітілді

Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме базалық тұтыну бағасының индексін (бұдан әрі – БТБИ) есептеудің әдіснамалық тәсілдерін, оны есептеудің әдістері мен тәртібін белгілейді.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БТБИ құру кезінде қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтың статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік Банкі дайындаған "Тұтыну бағаларының индексі бойынша нұсқау: теория және тәжірибе" қағидаттары мен ұсынымдарын (2004 жыл) ескере отырып әзірленген.

      5. БТБИ сұраныс пен ұсыным шоктарына, маусымдық, оқиғалық және кездейсоқ фактор әсерлеріне, сондай-ақ баға белгілеу үрдісіне әкімшілік әсерге ұшырамаған баға өзгерісінің ұзақ мерзімді серпінін көрсететін тұтыну бағасының индексінен (бұдан әрі – ТБИ) алынатын туынды баға индексі болып табылады.

      БТБИ құру ТБИ қалыптастыру әдіснамасына негізделеді және оны есептеу:

      1) кез келген уақыт сәтінде олардағы нақты инфляциялық көріністерден тәуелсіз әдейі немесе мақсатты іріктелген жекелеген құрамдас бөліктерді;

      2) әлеуметтік маңыздылығы мен жалпы жиынтықтағы құрылымдық салмағынан тәуелсіз оларға бағаның қарастырылатын кезеңдегі белгілі бір уақыт сәтінде бағаның ең үлкен өзгерісін көрсеткен құрамдас бөліктерді ТБИ-дан тікелей алып тастау әдісімен жүзеге асырылады.

      БТБИ құру ТБИ құру кезінде қолданылатын ақпараттық ағымдар базасында жүргізіледі. ТБИ-ді есептеуге енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өзгеруі туралы деректер және индекстелетін шамалар құрылымын сипаттайтын салмақ жүйесі негіз болып табылады.

      6. БТБИ экономикалық талдау, ағымдағы және орташа мерзімдік болжам жүргізу үшін қолданылады.

2-тарау. БТБИ есептеудің әдіснамалық тәсілдері

      7. БТБИ көрсеткіші сұраныстың экономикадағы жай-күйін көрсететін және бағалық шоктардың әсерін жоятын негізгі ұзақ мерзімді бағалық трендті ескереді.

      Бағалық шоктар инфляцияның уақытша және ұзақ бағалық шоктарына бөлінеді. Бағалық шоктардың жалпы формуласы:


(1)

      мұнда:


– инфляцияның бағалық шоктары;

– қысқа мерзімді бағалық шоктар;

– болашақта күтілетін бағалық шоктар.

      Бірінші компонент

азық-түлік өнімдері мен энергия ресурстарының жекелеген түрлерінің волатильді компоненттеріне әсер ететін уақытша салыстырмалы бағалық шоктардың әсерін қамтиды. Екінші компонент

инфляцияның болашақта күтілетін шоктарын көрсетеді. Олардың арасындағы айырмашылық осы әсерлердің жалпы инфляцияға әсер етуінің жалғастырылу кезеңімен анықталады. Ұсыныс пен сұраныстан туындаған

шоктар белгілі бір уақыт кезеңі өткен соң инфляцияға әсер етеді, ал

бағалық шоктары өлшенетін инфляцияда көрінеді.

      8. Бағалық шоктар олардың ұзақтығы тұрғысынан алғанда БТБИ анықтаудың екі нұсқасын көздейді:


(2)

(3)

      мұнда:


,

– БТБИ;

– ТБИ;

– қысқа мерзімді бағалық шоктар;

– болашақта күтілетін бағалық шоктар.

      БТБИ анықтау тәсілдері арасындағы таңдау өлшеу объектісіне байланысты болады. Инфляциялық үдерістің ұзақ мерзімді дамуында қайтымды бағалық шоктардың әсерін алып тастау кезінде қысқа мерзімді әсер ететін шоктардың жалпы инфляциясынан алып тастау арқылы анықталатын БТБИ

өлшеу қолайлы болып табылады. Тұрақты әсері бар бір реттік бағалық шоктарды жою үшін БТБИ

есептеу тиімдірек болып табылады.

3-тарау. БТБИ есептеу әдістері

      9. БТБИ-ды өлшеу құрауыштарды қамту, олардың маңыздылығы, есептеу рәсімдері бойынша түрлендірілген әртүрлі әдістерді қолдана отырып жүзеге асырылады. БТБИ құру кезінде қолданылатын жай алып тастау әдісі және компоненттердің волатильділігіне сәйкес орташа қысқартылған әдіс кең тараған әдістер болып табылады.

      10. Жай алып тастау әдісі кезінде ТБИ-ден жоғары волатильділік, аумалылық, тұрақсыздық, сұранымның, бағаның, нарық конъюнктурасы өзгермелілігінің жоғары дәрежесін көрсететін компоненттер жүйелі түрде алып тасталады. Волатильді компоненттерге бағаның күрт ауытқуы сыртқы сауда конъюнктурасының, маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерімен сипатталады, ТБИ құру кезінде негізгі ұзақ мерзімді баға трендін бұрмалайды. БТБИ өлшеудің аталған әдісі компоненттерді алып тастау үшін өлшемшарт ретінде волатильділікті қолдана отырып факторлардың әсерінен абстракциялауды қамтамасыз етеді.

      Волатильді компоненттер кезеңдік түрде БТБИ құру үдерісіне қатыспайды. Нәтижесінде жекелеген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға қозғалысы олардың тұрақты өзгерісін алу үшін қайта бөлінеді. Одан әрі түзетуді және агрегатталған деңгейдегі қосымша есептеулерді қажет етпейтін тиісті қарапайым индекстерді шегеру арқылы ТБИ қайта есептеу жүргізіледі.

      БТБИ өлшеуде аталған әдісті қолдану кезінде ТБИ құруда қолданылатын салмақтау құрауыштары қайта есептеледі. Шығарылған волатильді компоненттерге нөлдік салмақ беріледі, қалған компоненттерде нормалау рәсімін қолданғаннан кейін салмақ артады.

      11. Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмай БТБИ есептеу:

      1) бір құрауышсыз (жемістер мен көкөністер);

      2) үш құрауышсыз (жаңа жиналған жемістер мен көкөністер, бензин, көмір);

      3) жеті құрауышсыз (дизель отыны және тұрғын үй коммуналдық, темір жол көлігінің және байланыс қызметтері).

      Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерді алып тастау жыл ішінде және бірнеше жылдар бойы кезеңдік түрде көрінетін маусымдық факторға байланысты. Бензин, дизель отыны мен көмір бағалары нарық конъюнктурасының өзгеруіне және маусымдық факторға ұшыраған.

      Тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне, жолаушылардың теміржол көлігіне және байланысқа бағалар мен тарифтердің өзгеруін алып тастау олардың әлеуметтік бағыттылығымен түсіндіріледі. Бұл қызметтер ТБИ құрамында едәуір салмаққа ие баға қозғалысының ақша-кредит саясаты құралдарына байланысты емес, өйткені олар үнемі өзгермей, кезең-кезеңмен өзгереді.

      Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмағандағы БТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      БТБИ-ді бір, үш және жеті құрауыштарды алып тастау әдісімен қалыптастыру кезінде келесі есептеу формуласы қолданылады:


(4)

      мұнда:


– БТБИ;

– ТБИ нақты мәні;

– алып тастау үшін анықталған

және тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға өзгерісі;

– ТБИ құрылымындағы тиісті тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлес салмағы.

      Көрсеткіштердің уақытша қатарларының салғастырымдылығын қамтамасыз ету, жұртшылыққа түсінікті болуы осы әдісті қолданудың артықшылығы болып табылады. Нәтижесінде алынатын көрсеткіштер ТБИ-дің қосалқы индекстері болып саналады, оларды құру ТБИ-ді қалыптастырудың қолданыстағы барлық стандарттары мен талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      12. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. БТБИ есептеудің аталған әдістерінен негізгі ретінде ТБИ-дан үш құрамдас бөлікті (жаңа жиналған жемістер мен көкөністер, бензин, көмір) жай алып тастау әдісі таңдап алынған. БТБИ есептеудің қалған әдістері талдамалық және болжамдық мақсаттар үшін қолданылады. Кешенде іске асырылатын қарастырылған әдістерді қолдану инфляцияның монетарлық "жағдайын" бейнелейтін көрсеткіштердің тиімді жүйесін құрады.

4-тарау. Жекелеген құрамдас бөліктер бойынша баға өзгерістерін
есепке алмай БТБИ есептеу

      15. Жекелеген құрамдас бөліктер бойынша баға өзгерістерін есепке алмай БТБИ есептеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ТБИ есептеу шеңберінде бағалық өзгерісті анықтағаннан кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрі алынып тасталады (ТБИ-дің бір, үш және жеті құрамдас бөліктері), олардың үлес салмағы мен бағалық өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады.

      2) бұдан әрі алынып тасталатын айқындамаларға баға өзгерісін есепке алусыз базалық баға өзгерісі мына формула бойынша анықталады:


(7)

      мұнда:


– БТБИ;

t есепті кезеңіндегі

айқындамасының құрылымдық бағалық қатынасы;

– t есепті кезеңіндегі

айқындамасының құрылымдық бағалық қатынасы;

базалық кезеңдегі тұтыну шығыстарының жалпы құрылымындағы

айқындамасының үлес салмағы;

– базалық кезеңдегі тұтыну шығыстарының жалпы құрылымындағы

айқындамасының үлес салмағы;

– нақты алынып тасталатын айқындамалар;

– алынып тасталатын айқындамалар саны;

t есепті кезеңіндегі

айқындамасының және алынып тасталатын

айқындамасының жеке баға индекстері;

– тұтыну жиынтығы айқындамаларының жалпы саны.

      3) үш және жеті құрамдас бөліктерді ескерусіз БТБИ есептеудің нақтылығына қол жеткізу мақсатында жалпы жиынтықтан "базалық емес" компоненттерді алып тастағаннан кейін қалған айқындамалар бойынша базистік салмақтарды қалыпқа келтіру рәсімі жүзеге асырылады.

      Ол үшін салмақтың жалпы сомасын қалған салмақтық құрауыштар сомасына қатынасының нәтижесі ретінде анықталатын қалыпқа келтіру коэффициенті табылады:


немесе

(8)

      мұнда:


қалыпқа келтіру коэффициенті;

салмақтардың жалпы сомасы қатынасының нәтижесі;

салмақтық құрауыштар.

      Қалыпқа келтіру рәсімі БТБИ көрсеткішіне қосу кезіндегі компоненттер сомасы ретінде жүзеге асырылады және бір немесе 100 пайызды құрайды.

      4) нәтижесінде бағалар (тарифтер) өзгерісі БТБИ есептеуге қатысатын әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) қосымша салмақ беріледі.

      Қалыпқа келтірілген үлес салмақ базистік салмақты қалыпқа келтіру коэффициентіне көбейту арқылы табылады:


(9)

      мұнда:


қалыпқа келтірілген салмақ;

базистік салмақ;

қалыпқа келтіру коэффициенті.

      5) қалған айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып БТБИ агрегатталған индексі қайта есептеледі.

      Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы БТБИ есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

5-тарау. Бағалар өзгерісінің дәрежесі мен олардың салмақтық
құрамдас бөліктері бойынша тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерді алып тастау арқылы БТБИ есептеу

      16. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Базалық тұтыну
бағасының индексін есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексі үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Код

Базалық тұтыну бағасының индексі есебіне кірмейтін *:

бір құрамдас бөлік

үш құрамдас бөлік

жеті құрамдас бөлік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14




Азық-түлік тауарлары

1




Азық-түлік емес тауарлар

2




Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер

19




Нан өнімдері және жармалар

0111




Ет

0112




Балық және теңіз өнімдері

0113




Сүт, ірімшік және жұмыртқа

0114




Май және тоң май

0115




Жемістер

0116




Жаңадан жиналған жемістер

01161

*

*

*

Алма

01161001

*

*

*

Жүзім

01161002

*

*

*

Банан

01161007

*

*

*

Апельсин

01161008

*

*

*

Лимон

01161009

*

*

*

Алмұрт

01161011

*

*

*

Киви

01161017

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162




Көкөністер

0117




Жаңадан жиналған көкөністер

01171

*

*

*

Қырыққабат

01171001

*

*

*

Басты пияз

01171002

*

*

*

Қызылша

01171003

*

*

*

Сәбіз

01171004

*

*

*

Қияр

01171005

*

*

*

Қызанақ

01171006

*

*

*

Сарымсақ

01171008

*

*

*

Тәтті бұрыш

01171010

*

*

*

Түрлі-түсті қырыққабат

01171018

*

*

*

Картоп және басқа да түйнектілер

01172

*

*

*

Картоп

01172001

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174




Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

0118




Басқа санаттарға енгізілмеген азық-түлік өнімдері

0119




Алкогольсіз сусындар

012




Алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері

02




Киім және аяқкиім

03




Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

04




Сумен жабдықтау және тұрғын үй-жайлармен байланысты өзге де қызметтер

044




Сумен жабдықтау

0441



*

Суық су

04410001



*

Қоқыс жинау

0442




Қоқыс жинау

04420001




Су бұру

0443



*

Су бұру

04430001



*

Электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

045




Электр энергиясы

0451



*

Электр энергиясы

04510001



*

Газ

0452




Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ

04520001



*

Сұйытылған газ (баллондағы)

04520002




Қатты отын

0454




Таскөмір

04540001


*

*

Ағаш

04540002




Жылу энергиясы

0455




Орталықтан жылыту

04550001



*

Ыстық су

04550006



*

Үй тұрмысына қажетті заттар және тұрмыстық техника және тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша күнделікті қызмет

05




Денсаулық сақтау

06




Көлік

07




Автокөлік құралдарын сатып алу

071




Жеке көлік құралдарын пайдалану

072




Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар

0721




Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722




Бензин

07221




Бензин АИ-98

07221001


*

*

Бензин АИ-92

07221005


*

*

Бензин АИ-95, АИ-96

07221007


*

*

Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жағармай материалдары

07222




Дизель отыны

07222001



*

Мотор майы

07222004




Көлік қызметі

073




Жолаушылардың теміржол көлігі

0731




Жолаушылардың жергілікті теміржол көлігі

07311




Қала маңына қатынайтын пойызбен жол жүру

07311001



*

Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі

07312




Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың плацкарт вагонымен жол жүру

07312004



*

Ішкі республикалық қатынастарда пойыздың купе вагонымен жол жүру

07312005



*

Жолаушылардың автомобиль көлігі

0732




Жолаушылардың әуе көлігі

0733




Байланыс

08




Почта қызметтері

081




Посылкаларды жіберу

08100002



*

Курьерлік қызметтер

08100003




Телефондық және факсимильді жабдықтар

082




Телефон мен факсимильді байланыс қызметтері

083




Телефон үшін абоненттік төлем

08300001



*

Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем

08300004




Кабельдік телеарна қызметтері

08300006




Ұялы байланыс қызметтері

08300008




Жер серігі телевизия қызметтері

08300011




Демалыс және мәдениет

09




Білім беру

10




Мейрамханалар мен қонақ үйлер

11




Әртүрлі тауарлар мен қызметтер

12




  Базалық тұтыну
бағасының индексін есептеу
әдістемесіне
2-қосымша

Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Код

Салмақ

Базалық жылғы желтоқсанға (өткен ай) бағалық салыстыр-малы шама

Есепті айдың бағалық салыстырмалы шамасы

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға

үш құрамдас бөліксіз тұтыну бағасы-ның индексі бойынша

қалып-қа келті-рілген

өткен айға

базалық жылғы желтоқ-санға

есепті айдың

өткен
айға

А

Б

1

2

3

4=6/7

5=3х4

6=2х5

7=2х3

Базалық тұтыну бағасының индексі





1,008753




Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14

0,93565

1,00000

1,563421

1,008753

1,577106

1,57710621

1,56342102

Азық-түлік тауарлары

1

0,35252

0,37680

1,627681

1,012975

1,648800

0,62126780

0,61331021

Азық-түлік емес тауарлар

2

0,29095

0,31101

1,406034

1,004665

1,412593

0,43933063

0,43729061

Халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер

19

0,29218

0,31219

1,642654

1,007191

1,654466

0,51650778

0,51282020

Нан өнімдері және жармалар

0111

0,07302

0,07804

1,657502

1,022447

1,694707

0,13225496

0,12935147

Ұн

011121

0,00911

0,00974

1,514634

1,039968

1,575171

0,01534217

0,01475254

Жоғары сұрыпты бидай ұны

01112101

0,00365

0,00390

1,591084

1,037838

1,651287

0,00644002

0,00620523

Бірінші сұрыпты бидай ұны

01112102

0,00546

0,00584

1,463581

1,041514

1,524340

0,00890215

0,00854731

Жемістер

0116

0,01681

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Жаңадан жиналған жемістер

01161

0,01330







Алма

01161001

0,00480







Жүзім

01161002

0,00080







Банан

01161007

0,00240







Апельсин

01161008

0,00257







Лимон

01161009

0,00140







Алмұрт

01161011

0,00098







Киви

01161017

0,00035







Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162

0,00351

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Көкөністер

0117

0,02693

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Жаңадан жиналған көкөністер

01171

0,01475







Қырыққабат

01171001

0,00240







Басты пияз

01171002

0,00249







Қызылша

01171003

0,00199







Сәбіз

01171004

0,00222







Қияр

01171005

0,00084







Қызанақ

01171006

0,00295







Сарымсақ

01171008

0,00057







Тәтті бұрыш

01171010

0,00089







Түрлі-түсті қырыққабат

01171018

0,00040







Картоп және басқа да түйнектілер

01172

0,00938







Картоп

01172001

0,00938







Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174

0,00280

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Қатты отын

0454

0,00703

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Таскөмір

04540001

0,00472







Ағаш

04540002

0,00231

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722

0,02542

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Бензин

07221

0,02220







Бензин АИ-98

07221001

0,00455







Бензин АИ-92

07221005

0,01117







Бензин АИ-95, АИ-96

07221007

0,00648







Басқа да отын мен жағармай материалдары

07222

0,00322

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Дизель отыны

07222001

0,00287

0,00307

1,377073

1,028888

1,416854

0,00434974

0,00422761

Мотор майы

07222004

0,00035

0,00037

1,429192

1,030078

1,472179

0,00054471

0,00052880

      Үш құрамдас бөлікті есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:

      1) жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерді, бензинді, көмірді алып тастаған кезде олардың үлес салмағы және баға өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады;

      2) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық салмағы 0,93565

1,00000 болады. Салмақтар қалыпқа келтіру коэффициенті

көмегімен қалыпқа келтіріледі. Оны есепке алғанда айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақ (2-баған):


жоғары сұрыпты ұн




бірінші сұрыпты ұн




ұн тобы бойынша



      3) өткен айға ұзақ мерзімді бағалық салыстырмалы шама бойынша деректер (3-баған) тұтыну бағасының индексі есептеуінен алынады. Тұтыну бағасы индексінің тиісті есептеуіндегідей анықтау үшін қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып қысқа мерзімді бағалық салыстырмалы шама (4 және 5-баған) есептеледі:

      а) айқындамалық жолдар бойынша: өткен айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (7-баған) 7-баған = 2-баған х 3-баған

      жоғары сұрыпты ұн бойынша             0,00390 х 1,591084 = 0,00620523

      бірінші сұрыпты ұн бойынша             0,00584 х 1,463581 = 0,00854731

      б) айқындамалық жолдар бойынша: есепті айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (6-баған) 6-баған = 2-баған х 5-баған

      жоғары сұрыпты ұн бойынша             0,00390 х 1,651287 = 0,00644002

      бірінші сұрыпты ұн бойынша             0,00584 х 1,524340 = 0,00890215

      в) ішкі класс түрлері, ішкі класс, класс, топ, бөлім түрлері бойынша құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалар оларға кіретін құрамдас бөліктерді тізбектеп жиынтықтау жолымен анықталады.

      Мысалы, ішкі класс (5-деңгей) бөлігі бойынша құрылымдық (6 және 7-бағандар) бағалық салыстырмалы шамалар оған кіретін айқындамалық (6-деңгей) жолдардың жиынтығы ретінде есептеледі.

      ұн бойынша 6-баған             0,00644002+0,00890215 = 0,01534217

      ұн бойынша 7-баған             0,00620523+0,00854731 = 0,01475254

      4) топтық жолдар бойынша бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді құрылымдық шаманы бөлу арқылы есептеледі:

      есепті айдың өткен айға 4-баған = 6-баған / 7-баған

      ұн бойынша             0,01534217 / 0,01475254 = 1,039968

      базалық жылғы желтоқсанға – 5-баған = 6-баған / 2-баған

      ұн бойынша             0,01534217 / 0,00974 = 1,575171

  Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 3-қосымша

Ең жоғарғы және төменгі бағалық өзгерістермен бес айқындама
бойынша алып тастау жолымен базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 4-қосымша

Ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістермен кесіп
тасталатын "қалдықтың" сегіз пайызы бойынша алып тастау жолымен
базалық тұтыну бағасының индексін есептеу

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.08.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады