"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23964 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес бұйырамын:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың орталық мемлекеттік органдарға және Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет ретінде жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысын (бұдан әрі – қаулы) іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Функционалдық блоктар деп мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға бағытталу дәрежесі бойынша топтастырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – мемлекеттік лауазымдар) түсініледі.

      3. Мемлекеттік органдар мемлекеттік лауазымдарды функционалдық блоктар бойынша бөлуді (бұдан әрі – бөлу) осы Әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бөлуді тоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол беріледі.

      Осы Әдістеменің 9-1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган 10 жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа құрылым бойынша бөлу жобасын келісу үшін ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу

      8. Бөлу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік органның даму жоспары (бар болған жағдайда);

      2) мемлекеттік органның операциялық жоспары (бар болған жағдайда);

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары (бар болған жағдайда);

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бар болған жағдайда);

      5) мемлекеттік орган туралы ереже;

      6) мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу;

      7) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің ережесі;

      8) лауазымдық нұсқаулықтар;

      9) бөлу;

      10) мемлекеттік орган жұмысының көрсеткіштері көрсетілген құжаттар (бар болған жағдайда).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе "Б" корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар "А" және "В" функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:

      "А" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;

      "B" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады.

      Мемлекеттік органдар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 21.06.2024 № 98 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      9-1. "А" функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан жетпіс бес пайыздан асқан жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.

      Бөлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі оларды он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жібереді.

      Мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған бөлу жобасын жібереді.

      Орталық мемлекеттік органдар бөлу жобаларын уәкілетті органға, ал жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

      Ескерту. Әдістеме 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 21.06.2024 № 98 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу нәтижелері

      10. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметшілер бөлумен мемлекеттік қызметшінің өзіне тікелей қатысты бөлігінде таныса алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік органдардың бөлу жобаларын қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігін қарайды.

      15. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мемлекеттік органдар бөлу бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оны уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері қол жеткізе алатын персоналды басқару бойынша ақпараттық жүйеде орналастыруды қамтамасыз етеді. Тиісті ақпараттық жүйе болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бекітілген бөлуді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық түрде уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

      17. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың бөлулерінің қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігіне мониторингті, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорлар (ақпараттық жүйелер) арқылы жылына бір реттен артық емес жүргізеді. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізіледі.

      Ескерту. Әдістеме 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарын
функционалдық блоктар
бойынша бөлу әдістемесіне
қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу (мемлекеттік органның толық атауы)

Лауазым атауы Функционалдық блок Лауазым деңгейі Қысқаша негіздеме
(қажет болған жағдайда)

Құрылымдық бөлімшенің атауы (бар болған жағдайда)

1





2





3










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады