ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесінде:
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе "Б" корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар "А" және "В" функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:
"А" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
"B" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады.
Мемлекеттік органдар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.
9-1. "А" функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан жетпіс бес пайыздан асқан жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.
Бөлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі оларды он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жібереді.
Мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған бөлу жобасын жібереді.
Орталық мемлекеттік органдар бөлу жобаларын уәкілетті органға, ал жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.".
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |