"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 708 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24064 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №20740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      15-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын ұсынғанда (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген өкілі) тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.";

      "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорация:
1) Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқаларда да, нотариалды куәландырылған көшірмелерде де апостиль қою үшін қабылданады);
4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат);
заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен расталған сенімхат;
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (көшірмесімен сәйкестендіру үшін);
6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолының және мөр бедерінің үлгісі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қоюға жататын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда растайтын құжаттар қоса беріледі (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген немесе куәландырған, арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
Мұрагерлер жүгінген кезде растайтын құжаттар ұсынылады.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
А. Мадалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады