Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24092 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 03.08.2022 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім беру бағдарламаларының тізбесі

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (бейіндік/ғылыми-педагогикалық бағыт) берілетін дәреже

Философия докторы (PhD) / доктор бейіні бойынша докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

1

"6В12302 - Өрт қауіпсіздігі"

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры



2

"6В12303 - Төтенше жағдайларда қорғау"

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры



3

"6В12191 - Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық"

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры



4

"6В12304 - Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі"

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры



5

"7М12302 - Өрт қауіпсіздігі" (ғылыми-педагогикалық бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


6

"7М12303 - Өрт қауіпсіздігі" (бейіндік бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


6-1

"7М12304 - Төтенше жағдайларда қорғау" (ғылыми-педагогикалық бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


6-2

"7М12305 - Төтенше жағдайларда қорғау" (бейінді бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


7

"8D12302 - Өрт қауіпсіздігі" (ғылыми-педагогикалық бағыт)



Философия докторы (PhD) / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

8

"8D12303 - Өрт қауіпсіздігі" (бейінді бағыт)



Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

9

"8D12304 - Төтенше жағдайларда қорғау" (ғылыми-педагогикалық бағыт)



Философии докторы (PhD)/Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

10

"8D12305 - Төтенше жағдайларда қорғау" (бейінді бағыт)



Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады