"Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24150 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы қаулысының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса ұсынылған Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Стационарлық жағдайда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетім болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құқық қорғау органдарының қызметкерін жоспарлы емдеуге жатқызу үшін республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың полиция департаменттерінің медициналық бөлімдері (топтары) (бұдан әрі – медициналық бөлімдер) ЕбОГ-ге " Қазақстан санаторийі " АҚ стационарына емдеуші дәрігердің және ішкі істер органдары медициналық ұйымы басшысының қолтаңбаларымен, сондай-ақ ішкі істер органдары медициналық ұйымының мөрімен расталған клиникалық диагнозды көрсете отырып, амбулаториялық стационарлық науқастың медициналық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді көшірмені қарау үшін жібереді.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген нысан бойынша медициналық ұйымға стационарға жатқызуға жолдаманы;";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) амбулаториялық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ЕбОГ және "Қазақстан санаторийі" АҚ стационарына жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүргізіледі. Стационарлық жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бекітілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады."

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымынан шығару кезінде контингенттің қолына медициналық ұйымның мөрімен расталған шығару эпикризі беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады