"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 867 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24164 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Бюджет кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай – ӘҚБК), республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер ҚР ББС кірістер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 606-2-тармақпен толықтырылсын:

      "606-2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік кредиттер беру шарттары мен рәсімдерін бұзуы ӘҚБК-ге сәйкес айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 621-1-тармақпен толықтырылсын:

      "621-1. Қосымша келісім жасасқан кезде Кредит шартының сомасы мынадай жағдайларда түзетіледі:

      1) мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредитті қайтару;

      2) бюджеттік кредиттің пайдаланылмаған бөлігін қайтару;

      3) тиісті бюджетті тиісті нақтылау не түзету шеңберінде бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта бөлу, ұлғайту не азайту.

      Басқа жағдайларда, Қосымша келісім жасасу кезінде Кредит шартының сомасы өзгермейді.";

      622-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсімпұлдың мөлшері мерзімін өткізіп алған тоқсан күн ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының (өсу қорытындысымен) нөл бүтін оннан бір пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алған тоқсан күн өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының (өсу қорытындысымен) нөл бүтін жүзден үш пайызынан аспауы, бірақ кредиттік шарт қолданылатын әрбір жылға берілген бюджеттік кредит сомасының он пайызынан аспауға тиіс.";

      624-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "624. Қайта құрылымдауды жүргізу үшін қарыз алушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттамаларды енгізеді:

      1) қарыз алушының қаржылық жағдайын және қаржылық жағдайды сауықтыру жөніндегі шараларды қамтитын бизнес-жоспар;

      2) құзыретіне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Жоғарыда көрсетілген комиссияның оң қорытынды алғаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлейді және оны республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына жолдайды.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатпайды.

      Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қаулы жобасын жақын арада болатын республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      Осы Қағиданың 627-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы талап етілмейді.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаулы жобасын бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, сенім білдіруші (бар болған жағдайда) қол қойылған Кредиттік шартқа қосымша келісім жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық органға бес жұмыс күнінің ішінде қол қоюға енгізеді.";

      632-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде елу пайызды құрауы тиіс болатын тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің қызметтерін жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредит беруді, негізгі қызметі ұлттық басқарушы институттардың және ұлттық компаниялардың меншік құқығында тиесілі және сенімгерлік басқаруға берген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдингін қоспағанда, меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде екі есеге артық болуға тиіс;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады