I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24177 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 151-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 344 Бұйрығымен бекітілген

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шарты

      _______________ қаласы                        сериясы ____ № ____ 20__ жылғы
      "__" ________________________
      _________________________________________________________________,
(сақтандыру компаниясының атауы) атынан
      _______________________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса))) негізінде әрекет
ететін _______________________________________, (жарғы, ереже немесе сенімхат)
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар № _______________
20___ жылғы "___" __________, қаржы ұйымдарының қаржы нарығын және сақтандыру қағидаларын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес сақтандыру
Қағидалары__________________________________________________________
____________________________________________________, бұдан әрі
атауы "Сақтандырушы" деп аталатын және
____________________________________________________________________
______________________, (аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толығымен, жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі атынан_______________________________________________,
(лауазымы, аты, тегі және әкесінің аты (бар болса)) негізінде әрекет ететін_________________________________________, (жарғы, ереже немесе сенімхат) бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын екінші тараптан бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының негізінде, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) I санаттағы объект – қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін объект_______
__________________________________________________________________________;

      (I санаттағы обьектінің атауы, пайдалану салдарын жою осы Шарт бойынша қамтамасыз етіледі)

      2) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайдасына осы Шарт жасалған адамға (пайда алушыға) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      3) сақтанушы – сақтандырушымен осы Шартты жасасқан адам (І санат объектісінің операторы);

      4) сақтандыру мүддесі – сақтанушының тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының туындауына жол бермеудегі мүліктік мүддесі;

      5) сақтандыру жағдайы – басталуы шарт сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      6) сақтандыру объектісі – сақтанушының Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерін орындауына байланысты мүліктік мүддесі;

      7) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      8) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының пайда алушыға осы шартта айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

      9) сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

2-тарау. Шарт мәні

      2. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Шартта көзделген көлемде және шарттарда сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

3-тарау. Пайда алушы

      3. Қазақстан Республикасы осы Шарт бойынша пайда алушы болып табылады, оның атынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемін алуға уәкілеттік берілуі мүмкін өзге де мемлекеттік орган мен мемлекеттік ұйым әрекет етеді.

      4. Пайда алушының деректемелері:

      ____________________________________________________________

      (мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      ____________________________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________

      (экономика секторының коды)

4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      5. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеледі.

      6. Осы Шарттағы сақтандыру сомасы мынадай мөлшерде белгіленген__________(___________________________) теңге.
(жазумен)

      7. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы____(______________) теңге.
(жазумен)

      8. Сақтандыру сыйлықақысы осы Шарт жасалған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір жолғы төлеммен сақтандырушыға толық көлемде төленуге тиіс.

      9. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы сақтандырушының кассасына ақша енгізу жолымен қолма-қол төлеммен не Сақтандырушының осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуге тиіс.

5-тарау. Сақтандыру жағдайы

      10. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі болып табылады.

      11. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      12. Сақтанушы:

      1) сақтандырушыдан сақтандыру ережелері, сақтандыру шарттары, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік алуға; ;

      2) сақтандыру Шарты жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға;

      3) Шартта көзделген негіздерде шартты мерзімінен бұрын бұзуға;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ осы Шартқа қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

      13. Сақтанушы:

      1) осы Шартты жасасу кезінде сақтандырушыға ұсынылған мәліметтерді растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      2) осы Шартты жасасу кезінде сақтандырушыға өзіне белгілі, сақтандыру тәуекелін бағалау үшін елеулі маңызы бар барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;

      3) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      4) осы Шартты жасасу кезінде және оның қолданылу кезеңінде пайда алушының пайдасына I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде барлық қолданыстағы немесе жасалатын сақтандыру шарттары туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      5) сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге, оның ішінде осы шартты жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы сақтандырушыға дереу хабарлауға, егер бұл өзгерістер осы Шарттың қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса;

      6) сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарларын анықтау үшін шаралар, сондай-ақ сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту жөнінде шаралар қолдануға;

      7) сақтандыру жағдайы бойынша қолда бар ақпаратты хабарлауға және сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруде қажетті көмек көрсетуге;

      8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге;

      9) сақтандырушыға оның талап етуі бойынша дауларды сотқа дейінгі немесе үшінші тұлғалармен сот тәртібімен реттеу кезінде Сақтанушының өкілеттіктерін беруге;

      10) дереу, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы немесе салдары сақтандыру жағдайының туындауына әкеп соғуы мүмкін оқиға туралы кез келген қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабардар етуге міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жиырма төрт сағат ішінде жазбаша расталуға тиіс. Мұндай хабарламада неғұрлым толық көлемде мынадай ақпарат болуға тиіс: сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан іс-қимылдардың сипаты мен себептері, ықтимал залалдың мөлшері, осы оқиғаға тартылған барлық адамдардың аты-жөні, байланыс деректері және мекенжайы. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, оны құжатпен растауы қажет;

      11) сақтандырушыға ол жүзеге асырған сақтандыру төлемін, егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың салдарынан басталған жағдайда, оны жүзеге асырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде толық көлемде өтеуге міндетті. Сақтандырушыға сақтандыру төлемінің сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстар уақтылы өтелмеген кезде сақтанушы сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге

      ____________(___________________________________________________)
(жазумен) мерзімі өткен әрбір күн үшін өтелуге жататын соманың пайызы;

      12) сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде сақтандырушыға осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуға міндетті.

      14. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ сақтанушының осы Шарттың талаптары мен талаптарын орындауын тексеруге;

      2) сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді және сақтандыру тәуекелін бағалауды алуға;

      3) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын алуға;

      4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламаны және оның Құжаттамалық растамасын алуға;

      5) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін осы Шарттың 29-тармағында көрсетілген жағдайларда сақтанушыға не сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге тұлғаға кері талап қоюға;

      6) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін өз құзыретіне қарай тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан пайда алушыға келтірілген сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды сұратуға;

      7) сақтанушыдан өкілеттіктер алған кезде дауларды сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен реттеу кезінде үшінші тұлғалармен Сақтанушының атынан сот органдарында сөз сөйлеуге;

      8) тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес осы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

      9) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтанушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

      15. Сақтандырушы:

      1) сақтанушыны таныстыру және оның талабы бойынша сақтандыру Қағидаларінің көшірмесін ұсыну (жіберуге);

      2) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін қабылдау;

      3) Сақтанушы I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндетті орындамаған немесе тиісінше орындамаған және пайда алушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын жіберген жағдайда, осындай талап алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде пайда алушының тиесілі соманы сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы төлеу туралы талабын сөзсіз орындауға; 4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      5) Сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезіндегі залалдарды азайту үшін жұмсаған шығыстарын өтеуге міндетті.

      16. Пайда алушы:

      1) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін алуға;

      2) сақтандырушы I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша тиесілі соманы төлеу талабын орындамаған жағдайда, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою құнының ұлғаюына әкеп соққан, сақтандырушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

      17. Сақтанушының, Сақтандырушының және Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру тәртібі

      18. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі пайда алушының төлем деректемелерін көрсете отырып, пайда алушы жазбаша нысанда жіберген I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемеге тиесілі соманы төлеу туралы талаптың негізінде белгіленеді.

      19. Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының бюджетіне пайда алушы тиесілі соманы төлеу туралы талапта көрсеткен деректемелерге сәйкес сақтандырушы осындай талапты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      20. Сақтандыру төлемі теңгемен осы Шарттың 6-тармағында көрсетілген сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады.

      21. I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме бойынша есептелген соманың төленген күні сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні болып есептеледі.

      22. Сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде сақтанушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

      2) шарттың көшірмесі;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттары;

      4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді, жеке тұлғаның жеке куәлігін қамтитын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның және оны қабылдау туралы талонның көшірмесі қоса беріледі;

      5) сақтанушының залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар;

      6) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме бөлігінің орындалғанын растайтын шот - фактураның (инвойстың) (бар болса) көшірмесі;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген экологиялық рұқсаттың көшірмесі.

      23. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, 2 (екі) данада анықтама жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы сақтанушыға беріледі, екінші данасы сақтанушының оны алғаны туралы белгісі бар сақтандырушыда қалады.

      24. Сақтанушы не оның өкілі осы Шарттың 7.5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайда, сақтандырушы дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтанушыны жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етеді.

      25. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың 42-тармағында белгіленген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі ішінде орын алған болса, сақтандыру төлемі жүргізіледі.

      26. Сақтандыру төлемінің мөлшері пайда алушының I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемеге тиесілі соманы төлеу туралы талабының негізінде белгіленеді.

      27. Сақтанушы I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, пайда алушы сақтандырушыға I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемеге тиесілі соманы төлеу туралы талапты I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде кез келген уақытта жібереді.

      28. Пайда алушының сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талабы Сақтандырушының осындай талапты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сөзсіз және міндетті түрде орындауына жатады. Сақтандырушы көрсетілген талапты тиісінше орындамаған, орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығы

      29. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының мынадай жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде сақтанушыға кері талап қоюға құқығы бар:

      1) сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі салдарынан басталса;

      2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыста болатын қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттер жасаған жағдайларда тоқтатылады;

      3) Сақтанушы сақтандыру жағдайы кезіндегі шығындарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбаған жағдайларда жүргізіледі;

      4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған жағдайларда жүргізіледі;

      5) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруде кедергі келтіруі мүмкін.

      30. Пайда алушы сақтандыру төлемін алғаннан кейін сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған Сақтандырушының өзіне өткен талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату

      31. Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамнан шығынның тиісті Өтемін алуы Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      32. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың 39-тармағында көзделген еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан туындаса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

      33. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы пайда алушының тиесілі соманы төлеу туралы талабын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде пайда алушыға бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, сақтандыру төлемінен бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күш жағдайлары

      34. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

      35. Егер тиісінше орындау еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      36. Өрттер, су тасқыны, жер сілкінісі, дүлей зілзала, террористік актілер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шаралары және Тараптар болжай алмаған және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осындай өзге де мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады.

      37. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған тартылған Тарап екінші Тарапты еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге және өз міндеттемелерін орындауды қайта бастауға тиіс.

      38. Тиісінше хабардар етпеу Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      39. Еңсерілмес күш мән-жайларының әрекеті Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдарының құжаттарымен расталуға тиіс.

11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      40. Осы Шарт сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегенге дейін қолданылады.

      20__жылғы "____" ________.

      (тараптардың келісімі бойынша шарттың қолданылу мерзімін көрсету)

      41. Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңі Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жыл өткен соң тоқтатылады.

      42. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

12-тарау. Шарт талаптарының өзгеруі

      44. Шарттың талаптарын өзгерту пайда алушының жазбаша келісімімен сақтанушы мен сақтандырушының өзара келісімі бойынша Тараптардың бірінің өтініші негізінде пайда алушының келісімін қоса бере отырып, екінші Тарап өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі және Тараптардың осы Шартқа қосымша келісімімен ресімделеді.

13-тарау. Шартты тоқтату және мерзімінен бұрын бұзу

      45. Осы Шарт мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі:

      1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

      2) Азаматтық кодекстің 841-бабына сәйкес осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

      3) сақтандырушы осы Шарттың 42-тармағында белгіленген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған жағдайларда жүзеге асырылады;

      4) пайда алушының осы шартты бұзу туралы жазбаша келісімі болған кезде Тараптардың келісімдері қоса беріледі. Бұзуға бастамашылық жасаған тарап пайда алушының жазбаша келісімін қоса бере отырып, өзінің осы шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Бұл ретте осы шартты бұзу күні пайда алушының жазбаша келісімі күнінен бұрын бола алмайды.

      46. Егер осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан не осы Шартты Сақтандырушының орындай алмауынан туындаған жағдайларда, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын толық қайтаруға міндетті.

      47. Осы Шарттың 39-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне құқығы бар.

      48. Осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтанушының оның талаптарын орындамауынан туындаған жағдайларда, төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.

      49. Осы Шарттың 13.1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін әкімшілік шығыстарды шегергенде, сақтандыру кезеңінде өтпеген кезеңге барабар мөлшерде қайтарады. ____________ (___________________)

      (жазумен)

      өндіруге жататын сомалардың пайызы.

      50. Осы Шарттың тоқтатылуы сақтандырушыны осы Шарттың қолданылу кезеңінде болған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған сақтандыру жағдайлары бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттен босатпайды. Сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайы орын алған қолданылу кезеңінде осы Шартты жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.

14-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      51. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

      52. Тараптар келісімге қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

15-тарау. Қорытынды ережелер

      53. Осы Шартқа қосымша, өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және олар жазбаша нысанда жасалған және екі тарап қол қойған жағдайда ғана заңды күшке ие болады.

      54. Тараптар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын, оның ішінде қажетті құжаттарды, мәліметтерді, куәліктерді ұсыну арқылы орындайды.

      55. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бірдей және пайда алушы үшін бір заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.

      56. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың және пайда алушының жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқылы емес.

      57. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір-біріне берілетін ақпараттың және қол жеткізілген уағдаластықтардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

16-тарау. Тараптардың деректемелері

"САҚТАНДЫРУШЫ" Атауы:__________________________ Мекенжайы:_____________________ ________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________
Жеке сәйкестендіру коды
________________________________
Банктік сәйкестендіру коды
________________________________
Резидент_______________________
Бейрезидент___________________
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
________________________________ Экономика секторының коды ________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, үшін)

"САҚТАНУШЫ"
Атауы / Аты тегі әкесінің аты
(бар болса) толық:___________________
_______________________________
Мекенжайы:____________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі_____________
_______________________________
Банктік сәйкестендіру коды_______
_______________________________
Резидент_______________________
Бейрезидент ____________________
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
________________________________ Экономика секторының коды _______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, үшін)

"САҚТАНДЫРУШЫ"

"САҚТАНУШЫ"

Атауы ____________________

Атауы / Аты тегі әкесінің аты (бар болса) толық:_____________________________

Мекенжайы: _____________________

Мекенжайы:________________________ _________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________

Жеке сәйкестендіру коды ________________________________

Жеке сәйкестендіру коды
________________________________

Банктік сәйкестендіру коды
________________________________
Резидент ________________________
Бейрезидент ____________________
                         (елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
________________________________
Экономика секторының коды ______

Банктік сәйкестендіру коды
________________________________
Резидент ________________________
Бейрезидент ______________________
                                  (елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
________________________________
Экономика секторының коды_______

________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда заңды тұлғалар үшін) "АГЕНТ" ___________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сақтандыру агентінің байланыс телефон нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға болып табылса) немес есақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері, байланыс телефон нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті-заңдытұлға болып табылса)
Агенттік комиссия:_______________
(көзделген немесе көзделмеген деп көрсетіледі)

Мөр орны (бар болса) (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда заңды тұлғалар үшін)
"АГЕНТ" __________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сақтандыру агентінің байланыс телефон нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға болып табылса) немесе сақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері, байланыс телефон нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті-заңдытұлға болып табылса)
Агенттік комиссия:__________________
(көзделген немесе көзделмеген деп көрсетіледі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады