Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қыркүйекте № 24234 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 147-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия

      және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Экология, геология және табиғи
  ресурстар министрінің
  2021 жылғы 2 қыркүйектегі
  № 352 Бұйрықпен бекітілді

Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 147-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қабылдаған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – тізілім).

2–тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қабылдаған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі

      3. Тізілім электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште жүргізілуі мүмкін.

      4. I санаттағы әрбір объектіге тізілімде жеке бөлім ашылады.

      Тізілім қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда әрбір жолдың соңында уәкілетті органның жауапты адамы өз қолын қояды.

      5. Бастапқы жазбаны І санаттағы тиісті объект бойынша уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз етуді қабылдаған кезде қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімге енгізеді.

      6. Бұрын қабылданған қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын жүргізілген өзгерістер туралы жазбалар, өзгертілген қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей тізілімнің тиісті бағандарына енгізіледі.

      7. Жаңа қаржылық қамтамасыз ету туралы жазба тізілімнің тиісті бағандарына жаңа қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі (алдыңғысының орнына).

      8. I санаттағы объектінің операторы оны пайдалану салдарын жою жөніндегі барлық жұмыстар мен іс-шараларды аяқтаған кезде бұрын қабылданған қаржылық қамтамасыз ету осындай операторға қайтарылуға жатады және тізілімге тиісті жазба енгізіледі.

      9. Уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолданған жағдайда, өндіріп алудың күні мен сомасын көрсете отырып, тізілімге өндіріп алуды қолдану туралы жазба енгізіледі.

      10. Қабылданған қаржылық қамтамасыз етудің көшірмелерін уәкілетті орган I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған күннен бастап үш жыл бойы сақтайды.

      11. Уәкілетті орган І санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме толық тоқтатылғанға дейін қабылданған қаржылық қамтамасыз ету түпнұсқаларының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.

      I санаттағы объект операторының (I санаттағы объектіні пайдалануды аяқтаған және I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені тиісінше орындаған адамның) және (немесе) қаржылық қамтамасыз етуді берген ұйымның жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені тоқтату туралы мәліметтерді қамтамасыз ету тізіліміндегі жазба туралы жазбаша растауды ұсынады.

      12. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануға жатады. Тізілімді жаңарту тоқсан сайын жүзеге асырылады.

  Қабылданған қаржылық
қамтамасыз етуді есепке алу
қағидаларына қосымша

I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету тізілімі

№ р/с

Есептік нөмірі

Жазбаны енгізу күні

I санаттағы объектінің операторы – заңды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) не атауы

Пайдалану салдарын жоюды қаржылық қамтамасыз ету ұсынылатын
I санаттағы объектінің атауы

I санаттағы объектіні пайдалануға беру күні

I санаттағы объектіні пайдалануды аяқтаудың болжамды мерзімі (жылы)

Қаржылық қамтамасыз ету түрі (түрлері)

Қаржылық қамтамасыз етуді берген ұйымның атауы-кепілгер, банк, сақтандырушы, кепіл беруші

Қаржылық қамтамасыз ету нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 147-бабының 9-тармағына сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген қаржылық қамтамасыз етудің жалпы мөлшері

Қаржылық қамтамасыз етумен өтелетін сома

Қамтамасыз ету сомасын өндіріп алу туралы белгі

Қамтамасыз ету сомасын өндіріп алу күні

Банктік салым түріндегі қаржылық қамтамасыз ету үлесі, %

I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені тоқтату туралы белгі

I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою бойынша міндеттеменің тоқтатылған күні

Жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

11

12

13

14

15

16

17

18

19











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады