БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкалар, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері қолданылатын тауарларды, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алуды жүзеге асыруды нақтылайды.
Есепке алу мынадай:
Тізбеге енгізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар бойынша жүзеге асырылады.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізбеге енгізілген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген, ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін тауарлар туралы мәліметтердің тауарлар туралы ақпараттармен қатынасы көрсетілген тауарларды өткізу кезінде, "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) электрондық шот фактурада (бұдан әрі – электрондық шот-фактура):
электрондық шот-фактураның G бөлімінің 2-бағанында көрсетілген тауардың шығарылған жерінің белгісін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
үшінші елден әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің нөмірі, 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамамен бекітілген (бұдан әрі – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірін;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің 1-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарды өткізген жағдайда – СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылу сертификатының тіркеу нөмірін;
аумағына тауар әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкеткен жағдайда – межелі пунктті;
тауардың атауын;
ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
санының (көлемінің) өлшем бірлігін көрсете отырып, тауарлардың санын (көлемін) көрсету арқылы жүзеге асырылады.
7. Салық төлеуші:
бұрын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
импорт кезінде ЕАЭО БКТ баждарының ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын, Тізбеден алынып тасталған тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;
бір заңды тұлға шегінде тауардың берілуіне байланысты:
бұрын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;
бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды уақытша әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.
Бұл ретте аталған әкету Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелері тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО-ға осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың барына;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтініш тіркелген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей ұсынылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларға сәйкес келмеген кезде электрондық шот-фактуралардың көшірмелері куәландырылмайды.";
2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Тауарлар арналған ілеспе жүкқұжаттарын куәландырудан бас тарту
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 4-тармағы негізінде
_____________________________________________________________ (аумақтық мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді _________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)/атауы)
_____________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру номері/бизнес-сәйкестендіру номері)
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды куәландыру туралы Өтінішке қоса берілген мынадай көшірмелерді:
№ | Құжат көшірмесінің түрі | Тіркеу нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар ретінде куәландырудан бас тарту туралы хабарлайды.
Өтініштерді тіркеу журналындағы кіріс нөмірі _____________________
Мынадай себептер бойынша:
Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыс еместігі;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған тауарлар қалдығы барының дұрыс еместігі;
осы нұсқаулықтың 1, 3 және 4 қосымшасына сәйкес тауардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішті растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкес еместігі;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар, электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкес еместігі;
МКО ақпараттық жүйесінде бар тауарларға арналған декларациялардың табыс етілген тауарларға арналған декларациялардың көшірмелерімен сәйкес еместігі;
МКО ақпараттық жүйесіндегі тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің көшірмесімен сәйкес еместігі;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың жоқтығы;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес еместігі;
кедендік декларациялау Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісінің жоқтығы;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісінің жоқтығы;
Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барының дұрыс еместігі;
"Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуымен байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және айналымының кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 Шешімінің 2-тармағына сәйкес ілеспе құжаттардың болмауы табылады.
_____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
_____________________________________________________________ аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі басшысының қолы
Электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар ретінде куәландыру туралы өтініш №___
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты
_____________________________________________________________________________ (мемлекетті көрсетіңіз)
тауарға ілеспе құжаттар ретінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттары бар электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) мынадай ұсынылған көшірмелерін куәландыруды сұраймын:
№ | ЭШФ тіркеу нөмірі | СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификатының нөмірі |
1 | ||
2 | ||
… |
Куәландырылған шот-фактураға түзетілген, қосымша шот-фактураларды жазу, сондай-ақ куәландырылған шот-фактура кері қайтарылған, күші жойылған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың бұрын куәландырған көшірмелері қолдануға жатпайды.
Ескертпе:
* Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшірмесінің әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Салықтық тексеру жүргізу туралы өтініш
I-бөлім. Салықтық тексеру жүргізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Хаттама), Хаттама күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкелінген Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге байланысты салықтық тексеру жүргізуді сұраймын –
_____________________________________________________________________________ (мемлекетті көрсетіңіз)
II-бөлім. Салық төлеушінің келісімі
Біз (Мен) осы өтініштің шеңберiнде салықтық тексеру жүргізуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келiсiмдi беремiз (беремін).
III-бөлім. Салық төлеушінің жауапкершілігі
Біз (Мен) осы өтініште келтірілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікте боламыз (боламын).
____________________________________________________________
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші басшысының (уәкілетті өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы және мөрі
____________________________________________________________ Өтінішті табыс еткен күні
IV-бөлім. Мемлекеттік органның белгісі
____________________________________________________________ Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы
____________________________________________________________ Өтініштің кіріс нөмірі және қабылдау күні