БҰЙЫРАМЫН:
1. "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Активтерді сатып алу және (немесе) өткізу бойынша мәміле жасасу туралы шешімді Қордың Жарғысында көзделген өкілеттіктер шеңберінде және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, Қордың акционері немесе өзге құзыретті органы қабылдайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сатып алынған активтерді басқару өзіне мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) қайта құрылымдау және сауықтыру;
2) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырған банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тарту, сондай-ақ Заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдану;
3) мүліктік жалға алу (жалдау/кейіннен ақысын өтеп сатып алу арқылы жалдау);
4) сенімгерлік басқаруға беру;
5) консервация;
6) іске асыру;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен талап ету құқықтары мен активтерді мемлекеттік меншікке беру;
8) инвестициялық жобаларды іске асыру;
9) Қор айқындайтын өзге де іс-шаралар.
Көрсетілген іс-шараларды өткізу тәртібі мен шарттары Қордың ішкі құжаттарымен айқындалады.";
16-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) атқарушылық іс жүргізу шеңберінде – "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
2) оңалту және банкроттық рәсімдер шеңберінде – "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;";
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Негізгі қызметі, жарғылық капиталды қалыптастыру және өз қызметін қаржыландыру барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Қор азаматтық заңнаманың, Заңның, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес:";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қордың Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген және осы Қағидалармен белгіленбеген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібі Қордың ішкі құжаттарымен айқындалады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) сатып алатын (сатып алған) талап ету құқықтары мен активтерге қойылатын талаптарды белгілейді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |