Ескерту. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 12.11.2024 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастырк туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8395 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі