"Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтау немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 қарашада № 35368 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:

      "17. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының жүрісін ұйымдастыру (бұдан әрі – жүрісті ұйымдастыру) "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген) бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне, атауына және индекстеріне, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Жүрісті ұйымдастыру кезінде, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, жазғы кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250 С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізіледі.

      Жаз мезгілінде:

      1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;

      2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;

      3) тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      4) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;

      5) өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      6) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;

      7) қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын;

      8) зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.

      18. Көктемгі кезеңде жол жүрісін ұйымдастыру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізіледі.

      Көктемгі кезеңде:

      1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;

      2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;

      3) зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;

      4) азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;

      6) дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

      7) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;

      8) қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.

      19. Жазғы және көктемгі кезеңдерде жүріске уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының білік массасының ең көп сомасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәнінен аспауы тиіс.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
көлік министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
  Жолдарда көлік құралдарының
жүрісін тоқтату немесе
уақытша шектеу қағидаларына
1-қосымша

Жазғы кезеңде жүрісті уақытша шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері

      1. Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Абай облысы

      2) Ақмола облысы

      3) Ақтөбе облысы

      4) Батыс Қазақстан облысы

      5) Қарағанды облысы

      6) Қостанай облысы

      7) Павлодар облысы

      8) Солтүстік Қазақстан облысы

      9) Шығыс Қазақстан облысы

      2. Тиісті жылдың 1 маусымынан 31тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Алматы облысы

      2) Атырау облысы

      3) Жамбыл облысы

      4) Жетісу облысы

      5) Қызылорда облысы

      6) Маңғыстау облысы

      7) Түркістан облысы

      8) Ұлытау облысы

  бұйрығына
2-қосымша
  Жолдарда көлік құралдарының
жүрісін тоқтату немесе
уақытша шектеу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі

р/с №

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзақтығы, километр

Учаскенің басы, километр

Учаскенің соңы, километр

1

2

3

4

5

6

1

А-1

Астана - Петропавл,
Көкшетау қаласы арқылы

128

68

196

  бұйрығына
3-қосымша
  Жолдарда көлік құралдарының
жүрісін тоқтату немесе
уақытша шектеу қағидаларына
3-қосымша

Көктемгі кезеңде жүрісті уақытша шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері

      1. Тиісті жылдың 23 наурызынан бастап 1 мамырына дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Абай облысы

      2) Ақмола облысы

      3) Ақтөбе облысы

      4) Батыс Қазақстан облысы

      5) Қарағанды облысы

      6) Қостанай облысы

      7) Павлодар облысы

      8) Солтүстік Қазақстан облысы

      9) Шығыс Қазақстан облысы

      2. Тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 сәуіріне дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

      1) Алматы облысы

      2) Атырау облысы

      3) Жамбыл облысы

      4) Жетісу облысы

      5) Қызылорда облысы

      6) Маңғыстау облысы

      7) Түркістан облысы

      8) Ұлытау облысы

  бұйрығына
4-қосымша
  Жолдарда көлік құралдарының
жүрісін тоқтату немесе
уақытша шектеу қағидаларына
4-қосымша

Жазғы және көктемгі кезеңдердегі жүрісті уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы

Жеке біліктің жүктемесі,тонна

Білік арасындағы арақашықтық,

Жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің, тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна

Қосалқы білік

Үштік білік

үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне

8

1 метрге дейін

10

14,4

4,8

1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін

12,0

16,8

5,6

1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін

13,2

19,2

6,4

1,8 метрден 2 метрге дейін

14,4

21,6

7,2

      Автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 372 бұйрығына
5-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8395 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 630 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19231 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 650 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19284 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 490 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24389 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады