"Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 533-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24463 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелді) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен берілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізілімінен үзінді;";

      28-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) азық-түлік тауарлары мен қоғамдық тамақтану өнімдерін өткізетін стационарлық сауда объектілері персоналының санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауы, сондай-ақ "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес медициналық қарап-тексерулерден өтуі;";

      мынадай мазмұндағы 104-1, 104-2, 104-3, 104-4, 104-5, 104-6, 104-7, 104-8, 104-9, 104-10, 104-11, 104-12, 104-13, 104-14, 104-15 және 104-16-тармақтармен толықтырылсын:

      "104-1. Жәрмеңкелер:

      1) стационарлық емес сауда объектілерінде;

      2) стационарлық сауда объектілерінде өткізіледі.

      104-2. Жәрмеңкені ұйымдастырушы жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) жәрмеңкеге қатысуға және тауарлар сату (жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) үшін орындарды түрлері бойынша топтастырып, жәрмеңкеге қатысушыларға ұсынуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) мүгедек адамдардың жәрмеңкеге кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;

      3) жәрмеңкенің жұмыс режимін айқындайды;

      4) жәрмеңке жұмысының барлық уақыты ішінде жәрмеңке алаңында жәрмеңке өткізуге жауапты адамды айқындайды;

      5) жәрмеңкедегі сауда орындарын, оның ішінде отандық тауар өндірушілер мен мүгедек адамдарға сауда орындарын басымдықпен беруді ұсынады;

      6) тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттарын, оның ішінде қажетті жабдықтар мен мүкәммал тізбесін, бақылау тәртібін айқындайды, жәрмеңкеге қатысушылардың назарына жеткізеді;

      7) жәрмеңкеге қатысушылардың жәрмеңкеде тауарларды сатуды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) ұйымдастыру шарттарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

      104-3. Тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша жәрмеңкені ұйымдастыру өзіне:

      1) жәрмеңкеге қатысушыларды сауда орнымен қамтамасыз ету, сауда басталар алдында оны монтаждау және ол аяқталғаннан кейін бөлшектеу;

      2) жәрмеңке жұмысы кезеңінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және өртке қарсы шараларды қамтамасыз ету;

      4) жәрмеңке алаңын жинау, қоқыс пен биологиялық қалдықтарды шығару, жәрмеңке алаңында биодәретханаларды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қамтиды.

      104-4. Жәрмеңке өткізу үшін тазалау мүмкіндігі бар жайлы орындар пайдаланылады.

      104-5. Жәрмеңке аумағы ыңғайлы кіреберіспен және жаяу жүргіншілердің өтуіне кедергі келтірмейтін автокөліктің тұрағымен, кіру қалтасымен қамтамасыз етілген.

      104-6. Алаңда қоқыс пен биологиялық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер, орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар санитариялық тораптарға қолжетімділік болмаған жағдайда, биодәретханалар орнатылады.

      104-7. Жәрмеңке алаңы жәрмеңке ұйымдастырушысы көрсетілген маңдайшамен ресімделеді:

      1) мемлекеттік билік органдар, жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мекенжайы, сондай-ақ жәрмеңкенің атауы және жұмыс режимі;

      2) жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, сондай-ақ жәрмеңкенің атауы және жұмыс режимі көрсетіледі.

      104-8. Тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін жәрмеңке алаңында шығарылатын сөрелер, бірыңғай үлгідегі павильондар (жиналмалы-бөлшектелмелі қаңқадағы керме тенттер түрінде) немесе өзге де тез тұрғызылатын құрылыстар, шатырлар конструкциялары ретінде сауда орындары ұйымдастырылады және (немесе) мамандандырылған автомобильдерді (автомагазиндерді, автодүкендерді, автотіркегіштерді), азық-түлік тауарларын сататын цистерналарды, көкөністерді сататын жүк көлік құралдарын орналастыруға арналған орындар көзделеді.

      104-9. Мамандандырылған автомобильдер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелді) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, олар міндетті техникалық қарап-тексеруден өткен жағдайда көрсетілген көлік құралдары мемлекеттік тіркелген және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіпте және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін пайдаланылады.

      Тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазартуға, жууға және дезинфекциялауға жататын жуу және уытты емес материалдардан жасалған, тамақ өнімдерін ластанудан, жануарлардың, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз ететін температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшейтін бақылау құралдарымен жарақтандырылған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланылады.

      104-10. Өлшеу аспаптарын (таразыларды, гирьдерді, өлшеу ыдыстарын және басқа да аспаптарды), фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес сауда орында оларды орнату үшін жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

      Сатып алушының сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өлшемін, салмағын тексеруді көзбен шолып қамтамасыз етуі үшін таразылар мен басқа да өлшеу аспаптары сауда орында орнатылады.

      104-11. Пайдаланылатын жабдық пен мүкәммалдың жарамды күйде болуы, электр және жарылыс қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша талаптарға сәйкестігі және өртке қарсы нормалар мен қағидаларды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санитариялық қағидаларды сақтау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ авариялық немесе төтенше жағдайлар кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл эвакуациялау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.

      104-12. Азық-түлік тауарларын сатуға арналған орындар азық-түлік емес тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден) бөлінеді.

      104-13. Балық пен етті шикі түрінде сатуға арналған орындар "тауарлық көршілестік" сақтала отырып, бір-бірінен және қалған азық-түлік тауарларын сату орындарынан бөлінеді.

      104-14. Жәрмеңкеде тауарларды сатуға (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) арналған, сатып алушылар көруге ыңғайлы жерде жәрмеңкеге қатысушының атауы мен тауарлардың шығарылған жері көрсетілген ақпараттық тақтайша орналастырылады.

      104-15. Жәрмеңке жұмысы аяқталған күні сауда объектілері бөлшектенеді және/немесе шығарылады, алаң босатылады және тиісті санитариялық-техникалық жай-күйге келтіріледі және тазартылады.

      104-16. Жәрмеңкелерде сатуға жататын тауарлар топтарының тізбесі, сондай-ақ жәрмеңкелерде орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жәрмеңкеге қатысушылар айқындайды.";

      162-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдай министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады